Технология және биоресурстар факультеті


 – сұрақ. Сүйектердің тұтаса байланыс түрі



Pdf көрінісі
бет8/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

 4 – сұрақ. Сүйектердің тұтаса байланыс түрі – сүйектераралық  мезенхимадан
ал буынды байланыстар – сүйекаралық мезенхиманың ыдырауынан буын қуысы мен 
ондағы синовия, буын қапшығы, буын шеміршегі, байламдар – мезенхимадан дамиды. 
 
Бақылау сұрақтар
1. Қаңқа сүйектерінің тұтаса байланысының түрлері. 
2. Буынның құрылысы, олардың түрлері. 
3. Біліктік қаңқа сүйектерінің байланыс түрлері. 
4. Аяқтар сүйектерінің байланыс түрлері. 
5. Сүйектер байланыстарының даму. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 240 - 251 
беттер. 
 
 
 
 

№10 ДӘРІС. 
 
Тақырыбы: Бұлшықеттер жүйесінің морфологиясы. 
  
Дәрістің 
мақсаты: 
Студенттерді 
бұлшықеттердің 
түрлерімен, 
олардың 
құрылысымен,  анатомиялық  бөліктерімен,  қаңқа  бұлшық  еттерінің  жіктелуімен  және 
бұлшықеттердің көмекші мүшелерімен таныстыру. 
Түйінді  сөздер:  бұлшықеттер,  миосимпласт,  миоглобин,  экстензор,  флексор, 
аддуктор,  абдуктор,  супинатор,  пронатор,  шандыртензор,  леватор,  депрессор,  ретрактор, 
констриктор, дилятатор.  
Иллюстрация:  жануарлар бұлшықеттерінің таблицалары, слайдтар, атлас. 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
1. Бұлшықеттер жүйесінің жалпы сипаттамасы, бұлшықеттердің дамуы. 
2. Мүше ретіндегі бұлшықеттің құрылысы, оның анатомиялық бөліктері. 
3. Ішкі құрылысына, пішініне және қызметіне байланысты бұлшықеттердің жіктелуі. 
    Бұлшықеттердің көмекші мүшелері.    
4. Қаңқа бұлшықеттерінің жіктелуі. 
Дәрістің мазмұны: 
1-сұрақ.  Жануарлар  организмдерінде  даму  тегіне  байланысты  бұлшықеттер: 
сомалық  бұлшықеттер  және  висцеральдық  (іштік)  бұлшықеттер  болып  екі  топқа 
ажырайды. 
Ұрықтың 
сегменттелмеген 
мезодермасынан 
(спланхнотомынан) 
қалыптасатын  желбезек  аппаратынан  дамып  жетілетін  висцеральдық  бұлшықтерге: 
бастың  бет  (мимикалық  бұлшықеттер)  және  шайнау  бұлшықеттері,  көздің 
бұлшықеттері,  құлақтың  бұлшықеттері,  бастың  теріасты  бұлшықеттері,  тіласты 
сүйектің  бұлшықеттері,  жұтқыншақтың  бұлшықеттері,  көмекейдің  бұлшықеттері
трапеция  тәрізді  бұлшықет,  төс-бас  және  иық-бас  бұлшықеттер,  ішкі  мүшелер 
құрамындағы етті қабықтар мен етті қабаттар жатады. Жануарлардың бас аумағындағы 
висцеральдық  бұлшықеттер  түрөзгеріске  ұшырап,  сомалық  бұлшықеттер  тәрізді  бас 
сүйектерімен байланысып, қаңқа бұлшықеттеріне айналған. 
Сомалық  бұлшықеттер  –  сегменттелген  мезодерма  –  сомиттің  миотомынан 
склеротомымен  бірге  дамиды.  Сондықтан,  сомалық  (денелік)  бұлшықеттер  қаңқа 
сүйектерімен  байланысып,  біртұтас  тірек-қимыл  аппаратын  құрайды.  Осыған 
байланысты бұларды қаңқа бұлшықеттері деп те атайды. Қаңқа бұлшықеттері - тірек-
қимыл  аппаратының  белсенді  бөлігін,  ал  қаңқа  сүйектері  -  оның  енжарлы,  бірақ,  тым 
қажет бөлігін құрайды. 
Сомалық  бұлшықеттерді  зерттейтін  морфология  ілімінің  саласын  myologia  (грек. 
myon  –  ет,  бұлшықет;  logos  –  ілім)  деп  атайды.  Бұлшықеттер  жүйесі  -  жануарлар 
организмдерінің  кеңістіктегі  қозғалысы  (жүру,  жүгіру,  секіру,  өрмелеу,  ұшу,  жүзу, 
жорғалау  т.б.)  мен  дене  мүшелерінің  салыстырмалы  қимылын  іс  жүзіне  асырады. 
Бұлшықеттердің  тіршілік  қасиеттері:  жиырылғыштық,  тітіркенгіштік,  серпімділік 
және  ширығушылық  (тонус).  Бұлшықеттердің  жиырылу  процесін  іс  жүзіне  асыратын 
құрылымдарға 
бұлшықеттер 
паренхимасын 
құрайтын 
ет 
талшықтары 
(миосимпласттар)  цитоплазмасындағы  арнайы  органеллалар  –  миофибриллалар 
(протеиндік жіпшелер). 
Бұлшықеттер  –  дененің  кеңістіктегі  қозғалысын  және  тепе-теңдігін  сақтаумен 
қатар,  организмдегі  тыныс  алуды,  шайнауды,  құсақ  қабырғасын  қатайтып  қысу  арқылы 
нәжісті,  несепті  бөліп  шығару  процестерін  және  т.  б.  қызметтерді  іс  жүзіне  асырады. 
Сондай-ақ,  олар  қоректік  заттар  құрамымен  (протеиндер,  липидтер,  көмірсулар) 
организмге келген химиялық қуаттың 70 % - жылу энергиясына (дене қызуын реттеуге 
қатысады), ал 30 % - механикалық энергияға айналдырып, трансформатор қызметін де 
атқарады.  
 

Жануарлар денелеріндегі бұлшықеттердің орташа үлес массасы: 
Жылқыда –          47,4 %; 
Сиырда -              42,0 %  – 47,0 %; 
Қой мен ешкіде – 34,0 %;  
Шошқада -            31,0 %. 
Бұлшықеттің химиялық құрамының орташа көрсеткіштері: 
Су -                                75,0 %; 
Минеральдық тұздар – 1,0 %;  
Органикалық заттар -    24 %. 
Органикалық заттардың құрамы: 
Протеиндер –                           20,2 %; 
Майлар –                                   2,0 %; 
Көмірсулар –                             0,6 %; 
Май тәрізді заттар –                  0,8 %; 
Азотты экстрактивтік заттар – 0,4 %. 
Бұлшықеттер  түсінің  әр  түрлі  болуы  -  бұлшықет  талшықтары  саркоплазмасында 
құрамында  болып,  тыныс  алу  процесіне  қатысатын  ,  темір  молекуласымен  байланысқан 
миоглобин  хромопротеидінің  мөлшеріне  байланысты.  Миоглобин  көп  болған  сайын, 
бұлшықеттің  түсі  қызыл-қоңырлана  бастайды,  ал  азайған  сайын  –  бұлшықеттің  түсі 
ақшыл-қызғылт түске айналады. 
2  –  сұрақ.  Мүше  ретіндегі  бұлшықеттің  құрылысы.    Бұлшықеттер  құрылысы 
жағынан  паренхималы  мүшелерге  жатады,  яғни  екі  бөліктен:  паренхимадан  және 
стромадан тұрады. Мүше паренхимасын (мүшенің негізгі қызметін атқаратын жұмысшы 
бөлігі) көлденең жолақты бұлшықет талшықтары (миосимпласттар), ал оның  стромасын 
(ет  талшықтарын  бір-бірімен  өзара  біріктіріп,  біртұтас  мүшеге  айналдырады.  Строма 
арқылы  бұлшықетті  қоректендіретін  қан  мен  лимфа  тамырлары  және  бұлшықет 
талшықтарының  қызметін  реттейтін  жүйкелер  өтеді)  -  борпылдақ  дәнекер  ұлпасы 
құрайды.  Бұлшықеттің  сыртқы  жұқа  дәнекер  ұлпалық  қабығын  эпимизий,  бұлшықетті 
құрайтын  ет  талшықтарының  шоғырларын  бір-бірінен  бөліп,  оларды  өзара  біріктіріп 
тұратын  дәнекер  ұлпалық  аралықты  перимизий,  ал  шоғырлардың  ет  талшықтарын  бір-
бірімен өзара байланыстырып тұратын тым жұқа дәнекер ұлпалық  аралықты эндомизий 
деп атайды. Осы аталған дәнекер ұлпалық аралықтар (эпимизий, перимизий, эндомизий) 
бірігіп, бұлшықеттің дәнекер ұлпалық қаңқасын (стромасын) түзеді.  
Бұлшықеттің анатомиялық бөліктері. Бұлшықет (лат. musculus) – үш бөліктен: 
бұлшықет  басы  (лат.  caput  musculi),  бұлшықет  құрсағы  (лат.  venter  musculi)  және 
бұлшықет  құйрығы  (лат.  cauda  musculi)  тұрады.  Бұлшықеттің  сіңірлі  басы  
қозғалмайтын  сүйектегі  нүктеден  (punctum  fixum)  басталады,  бұлшықеттің  сіңірлі 
құйрығы  – қозғалатын сүйектегі нүктеде (punctum mobile) аяқталады. Бұлшықет бас мен 
бұлшықет  құйрығы  –  бұлшықеттің  сіңірлі  (tendo  musculi)  ұштары.  Бұлшықет  құрсағы  – 
бұлшықет талшықтарынан (паренхима) және оларды біріктіріп тұратын дәнекер ұлпалық 
аралықтардан  (строма)  құралған.  Бұлшықет  сіңірлерінің  құрылысы  да  бұлшық  ет 
құрсағына  ұқсас,  яғни  паренхимадан  (коллаген  талшықтарынан)  және  стромадан 
(борпылдақ дәнекер ұлпасынан) тұрады. 
3  –  сұрақ.  Ішкі  құрылысына  байланысты  бұлшықеттер:  қарапайым 
бұлшықеттер  және  қауырсынды  бұлшықеттер  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Қарпайым 
бұлшықеттердің  ет  талшықтары  бұлшықеттің  ұзын  білігіне  пареллельді  орналасады. 
Бұлардың  анатомиялық  көлденеңі  (бұлшықет  білігіне  көлденең жүргізілген  жазықтық) 
мен  физиологиялық  көлденеңінің  (бұлшықет  талшықтары  бағыттарына  көлденең 
жүргізілген  жазықтық)  ұзындығы  шамалас  болады,  тым  күшті  жиырылып,  көп  жұмыс 
атқарады,  бірақ,  тез  шаршайды.  Қарапайым  бұлшықеттерге  аяқтардың  бұлшықеттері 
жатады. Қауырсынды бұлшықеттердің ет талшықтары бұлшықеттің ұзын білігіне қиғаш 
орналасады,  сіңірлі  арқаулар  бұлшықеттің  ішіне  қарай  әр  түрлі  бағытта  еніп  жатады. 

Қиғаш  орналасатын  бұлшықет  талшықтары  сіңірлі  арқаулар  бағыттарына  сәйкес:  бір 
бағытта,  екі  бағытта  немесе  көп  бағытта  жатады.  Осыған  байланысты  қауырсынды 
бұлшықеттер:  бірқауырсынды  бұлшықеттер,  қосқауырсынды  бұлшықеттер  және 
көпқауырсынды  бұлшықеттер  болып  бөлінеді.  Қауырсынды  бұлшықеттердің 
анатомиялық  көлденеңі,  олардың  физиологиялық    көлденеңіне  қарағанда  қысқа  болып 
келеді. 
 Пішініне 
байланысты  бұлшықеттер:  жалпақ,  дөңгелек,  ұзын,  қалың 
бұлшықеттер  болып  бөлінеді.  Жалпақ  бұлшықеттер  –  негізінен  жануарлар  денесінің 
тұлға бөлігінде, ұзын және қалың бұлшықеттер -  аяқтарда, дөңгелек бұлшықеттер – 
сыртқы  ортамен  қатысатын  дененің  табиғи  тесіктерінің  қабырғаларында  (қысқыш 
бұлшықеттер) орналасады. Бұлшық еттердің аталуы – олардың басталатын бастарының 
(екібасты,  үшбасты,  төртбасты  бұлшықеттер)  санына,  орналасу  орындарына  (төс, 
қабыртқааралық т.б.), пішіндеріне (үшбұрышты, ромб, трапеция тәрізді, тісше, көпбөлімді  
бұлшықеттер) байланысты болады. 
Қызметіне  байланысты  бұлшықеттер:  динамикалық  және  статикалық 
бұлшықеттер  болып  бөлінеді.  Динамикалық  бұлшықеттер  жануарлардың  кеңістіктегі 
қозғалысын  қамтамасыз  етеді.  Бұлар  құрылысы  жағынан  қарапайым  бұлшықеттер
күшті  жиырылып,үлкен  жұмыс  атқарады,  бірақ,  тез  шаршайды.  Статикалық 
бұлшықеттер  –  жануарлар  денесінің  кеңістіктегі  тепе-теңдігін  сақтауға  немесе  денені 
белгілі-бір  жағдайда  бекітіп  ұстап  тұруға  қатысады.  Бұлар  құрылысы  жағынан  негізінен 
қауырсынды  бұлшықеттер,  баяу  және  ұзақ  жиырылып,  көп  уақытқа  дейін  шаршай 
қоймайды.  Қаңқа  бұлшықеттерінің  ішінде  динамикалық  және  статикалық  таза 
бұлшықеттер сирек кездеседі, олардың көбі негізінен аралас бұлшықеттер. 
Бұлшықеттер 
қызметіне 
байланысты 
әр 
түрлі 
аталады: 
жазғыш 
бұлшықеттер(экстензорлар), бүккіш бұлшықеттер (флексор), жақындатқыш бұлшықеттер 
(аддукторлар),  алыстатқыш  бұлшықеттер  (абдукторлар),  көтергіш  бұлшықеттер 
(леваторлар),  түсіргіш  бұлшықеттер  (депрессорлар),  кергіш  бұлшықеттер  (тензорлар), 
тарылтқыш  бұлшықеттер  (констрикторлар),  кеңейткіш  бұлшықеттер  (дилятаторлар), 
қысқыш  бұлшықеттер  (сфинктерлер),  керітартқыш  бұлшықеттер  (ретракторлар), 
айналдырғыш 
бұлшықеттер 
(ротаторлар), 
сыртқа 
айналдырғыш 
бұлшықеттер 
(супинаторлар), ішке айналдырғыш бұлшықеттер (пронаторлар). 
Бұлшықеттердің  көмекші  мүшелері  –  бұлшықеттердің  белгілі  дәрежеде 
жиырылып,  өзінің  қызметін  тиісті  деңгейде  атқаруына  көмектесетін  мүшелер.  Бұларға 
қаңқа сүйектері мен шеміршектері, тиекше сүйектер мен сүйек шығырлары, беткей және 
терең  шандырлар,  синовиялы  және  кілегейлі  қапшықтар,  бұлшықеттер  сіңірлерінің 
қынаптары жатады. 
4  –  сұрақ.  Қаңқа  бұлшықеттері:  біліктік  қаңқа  бұлшықеттері  және  аяқтар 
бұлшықеттері  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Біліктік  қаңқа  бұлшықеттері:  бас 
бұлшықеттері  (бет  бұлшықеттері,  шайнау  бұлшықеттері),  тұлға  бұлшықеттері 
(алдыңғы  аяқты  тұлға  мен  бас  аумақтарына  бекітетін  бұлшықеттер,  омыртқа  бағанының 
бұлшықеттері,  көкірек  керегесінің  бұлшықеттері,  құрсақ  қабырғасының  бұлшықеттері) 
және құйрық бұлшықеттері (дорсальды бұлшықеттер, вентральды бұлшықеттер) болып 
үш топқа бөлінеді. Аяқ бұлшықеттері: алдыңғы аяқ және артқы аяқ бұлшықеттері болып 
бөлінеді.  Алдыңғы  аяқ  бұлшықеттері:  иық  буынының  бұлшықеттері,  шынтақ 
буынының бұлшықеттері, тізе буынының бұлшықеттері, бақай буынының бұлшықеттері, 
ал  артқы  аяқ  бұлшықеттері:  жамбас-ортан  жілік  буынының  бұлшықеттері,  тобық 
буынының  бұлшықеттері,  тілерсек  буынының  бұлшықеттері,  бақай  буынының 
бұлшықеттері болып бөлінеді.   
 
 
 
 

Бақылау сұрақтары
1. Бұлшықеттердің даму тегіне қарай бөлінуі, оларға жататын бұлшықеттерді атаңыз. 
2.  Висцеральдық  және  сомалық  бұлшықеттерге  сипаттама  беріп,  олардың  дамуына 
тоқталыңыз. 
3. Бұлшықеттерге тән тіршілік қасиеттер. 
4.  Бұлшықеттердің  жануарлар  организміндегі  маңызы,  үлес  массасы  және  химиялық 
құрамы. 
5. Мүше ретіндегі бұлшықеттің құрылысы. 
6. Бұлшықеттің анатомиялық бөліктері. 
7. Бұлшықеттердің ішкі құрылысына байланысты жіктелуі, олардың құрылысы. 
8. Бұлшықеттердің пішініне байланысты жіктелуі. 
9. Бұлшықеттердің қызметіне байланысты жіктелуі, олардың маңызы. 
10. Атқаратын қызметіне байланысты бұлшықеттердің аталуы. 
11. Бұлшықеттердің көмекші мүшелері. 
12. Қаңқа бұлшықеттерінің жіктелуі.  
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 252 - 287 
беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 11 ДӘРІС. 
 
Тақырыбы: Жануарлар тері жабынының морфологиясы. 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  жануарлар  тері  жабынының  құрылысымен,  тері 
қабаттарының дамуымен таныстыру. 
Түйінді сөздер: жалпы жабын, тері, эпидермис, дерма, емізікше қабат, торлы қабат, 
шел қабаты. 
Иллюстрация:  жануарлар тері жабының таблицалары, слайдтар, атлас. 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
1. Жануарлар тері жабының жалпы сипаттамасы және маңызы. 
2. Терінің құрылысы. 
3. Тері қабаттарының дамуы. 
Дәрістің мазмұны: 
1-сұрақ.  Тері  жабыны  немесе  жалпы  жабын  (integumentum  commune)  – 
жануарлар  организмін  сыртынан  қаптап,  организмнің  ішкі  ортасын  қоршаған  сыртқы 
ортадан бөліп, онымен тікелей жанасатын мүшелер жүйесі. Жалпы жабын – теріден және 
тері қабаттарынан дамитын терінің туынды мүшелерінен тұрады.  
.  Тері  жабыны  мүшелерінің  құрылысы  жануарлардың  тіршілік  ортасына  және 
ондағы  тіршілік  жағдайларына  байланысты  (құрлықта,  суда  тіршілік  ететін,  ұшуға 
бейімделген  құстардың  тері  жабындары  өздеріне  тән  ерекшеліктерімен  сипатталады) 
болады. 
.  Тері  жабыны  –  организмнің  сыртқы  қабығы  ретінде,  жануарлар  денесі  мен 
қоршаған  орта  арасындағы  шекарада  орналасып,  олардың  арасында  үздіксіз  жүретін  зат 
алмасуды қамтамасыз етеді.  
.  Тері  жабыны  –  сезімтал  жүйе.  Теріде  көптеген  сезімтал  жүйке  ұштары  мен 
белсенді  нүктелер  жоғары  деңгейде  жетілген.  Сондықтан  ол  жылу,  суық,  сипап  сезу, 
механикалық  ауырту  сияқты  тітіркенстерді  қабылдап,  организмді  сыртқы  ортамен 
байланыстыратын әмбебаб сезім мүшесінің қызметін атқарады.  
.  Тері  жабыны  -  денені  механикалық,  физикалық,  химиялық  зақымданудан 
сақтайды. Терінің сыртқы бетінің қалыпты жағдайдағы Ph – реакциясы 3,2 – 5,5 тең. Бұл 
қышқылдық  орта  ауру  тудыратын  микроорганизмдердің  өсіп-өнуіне  қолайсыз.  Қалыпты 
жағдайда  тері  жабыны  арқылы  денеге  микроорганизмдер  мен  басқа  да  қатерлі  бөгде 
заттар өте алмайды.  
Тері жабыны организмдегі судың қалыптан тыс мөлшерде буланып кетуіне жол 
бермейді. Оның қан тамырлары дене қызуын реттеуге қатысады. 
Тері жабыны – бөлу мүшесінің қызметін атқарады. Май бездері тері эпидермисі 
мен  тері  түктерін  майлап  тұратын  тері  майын  бөледі.  Тер  бездері  –  құрамында 
протеиндік  және  азоттық  алмасудың  ыдырау  өнімдері  болатын  тер  бөледі.  Организмнен 
термен  бірге:  денедегі  артық  су,  зат  алмасудың  басқа  да  аралық  өнімдері,  улы  заттар, 
артық тұздар, дәрі-дәрмектер және т.б. заттар шығады. 
.  Тері  жабыны  –  түзуші  жүйе.  Оның  сыртқы  бетінде  мүйізді  зат  –  кератин 
(мүйізді  зат  эпидермоциттерден  голокринді  жолмен)  түзіледі.  Терінің  шел  қабатында 
қуат қоры – май ұлпасы түзіліп жиналады.  
.  Тері  жабыны  –  тыныс  алуға  (1  –  2  %),  эндокриндік  реттеуге  (теріде  70  жақын 
гормондардың 
болатындығы 
анықталған), 
иммундыбиологиялық 
қорғанысқа 
(эпидермистің қылтанақты қабаты эпидермоциттерінің 2 – 7 % иммундық дендроциттер – 
Лангерганс жасушалары) қатысады. 
Тері жабыны – мал дәрігерлік жұмыстарды іс жүзіне асыруға ат салысатын жүйе. 
Теріге  түрлі  реакциялар  қою  арқылы  ауруларды  анықтайды,  әр  түрлі  ауруларды  емдеу 
және алдын алу жұмыстарын теріге егу арқылы жүргізеді.  

2  –  сұрақ.  Тері  (cutis)  –  құрылысы  жағынан  қабатты  мүшеге  жатады.  Ол  үш 
қабаттан:  теріүсті  қабатынан  (эпидермистен),  нағызтері  қабатынан  (дермадан)  және 
теріасты қабатынан (шел қабатынан) тұрады. 
Эпидермис (epidermis) – терінің ең жұқа беткей теріүсті қабаты. Бұл қабат терінің 
жалпы  қалыңдығының  1  -  2  %  құрайды.  Эпидермисті  көпқабатты  жалпақ  мүйізделетін 
эпителий  ұлпасы  құрайды.  Эпидермистің  қалыңдығы  мен  құрылыс  ерекшеліктері  – 
жануарлардың түрлеріне, тұқымдарына, жыл маусымдарына, тері  түктерінің түрлері  мен 
табиғатына  байланысты  болып  келеді.  Эпидермисте  қан  тамырлары  болмайды, 
сондықтан,  ол  дерма  қабатының  эпидермистің  астында  іргелес  жатқан  емізікше 
қабатындағы  қан  тамырлары  қабырғалары  арқылы  борпылдақ  ұласына  сүзіле  шыққан 
ұлпа  сұйығымен  қоректенеді.  Сезімтал  жүйке  ұштарына  бай.  Түксіз  тері  (мұрын,ерін 
қаңсарлары) эпидермисінде бір-бірінен анық ажырап көрінетін 5 эпидермоциттер қабаты 
болады.  Олар  төменнен  жоғары  қарай:  1.  Негіздік  (базальды)  қабат  (өсу  қабаты),  2. 
Қылтанақты  қабат  (өсу  қабаты,  иммундық  дендроциттер),  3.  Дәншелі  қабат 
(кератиноциттер  цитоплазмасында  кератогиалин  дәншелері  болады),  4.  Жылтырауық 
қабат (тонофибриллалар мен кератогиалин дәншелерінен сәуле сындырғыш жұмсақ мүйіз 
элеидин  түзіледі),  5.  Мүйізді  қабат  –  ең  қалың  қабат  (кератиноциттер  қатты  мүйіз 
кератинді қабыршақтарға айналады). 
Мүйізді қабаттың қызметін тоқтатқан мүйізді қабыршақтары төменгі қабаттардағы 
қабыршақтармен байланысын үзіп, қайызғақтанып түсіп отырады. Қайызғақтармен бірге 
әр  түрлі  лас  бөгде  заттар,  микроорганизмдер  мен  паразит  құрттар  (тоғышарлар)  да 
эпидермистен  тазаланып  отырады.  Терінің  осылай  өздігінен  тазаланып  отыратын 
қызметін  элиминативтік  қызмет  деп  атайды.  Қайызғақтардың  орнын  төменгі  базальды 
қабаттағы митоз арқылы үздіксіз көбейіп отыратын эпидермоциттер басады. 
Түкті тері эпидермисі түксіз тері эпидермасына қарағанда жұқа болып келеді және 
өз кезегінде үш эпидермоциттер қабатынан (базальды қабат, дәншелі қабат, мүйізді қабат) 
тұрады. Дененің түрлі аймақтарындағы тері эпидермисінің қалыңдығы бірдей болмайды. 
Оның  қалыңдығы  тері  түктерінің  жиілігіне,  жануарлардың  түрлеріне,  олардың  тіршілік 
жағдайларына, жыл маусымдарына байланысты болып келеді. Мысалы, тері түктері сирек 
терінің  эпидермисі  салыстырмалы  қалың,  ал  керісінше,  тері  түктері  жиі  терінің 
эпидермисі жұқа болып келеді. Терінің тұрақты түрде үйкелісте болатын аймақтарында 
эпидермистің жоғарғы қабаты қосымша мүйізденіп, қалың мүйізді қабат пайда болады.  
Дерма (derma)  немесе нағыз тері қабаты (corium) – терінің ең қалың қабаты (98 
– 99 %). Дерма өз кезегінде әр түрлі ұлпалардан құралған екі қабаттан: сыртқы - емізікше 
қабаттан, ішкі - торлы қабаттан тұрады.  
Емізікше  қабат  (stratum  papillare)  –  эпидермиспен  іргелес  жатқан  борпылдақ 
дәнекер  ұлпалық  қабат.  Бұл  қабат  эпидермистің  ішіне  қарай  еніп,  пішіні  емізікшеге 
ұқсаған құрылымдар түзеді. Емізікше қабатта эпидермисті және тері түктері мен бездерін 
қоректендіретін майда қан және лимфа тамырларының өрімдері көп болады. Сондықтан, 
бұл  қабаттықоректендіргіш  қабат  деп  атайды.  Жүнді,  түбітті  көп  беретін  қой,  ешкі 
тұқымдары  терілерінде  емізікше  қабат  жақсы  жетілген.  Демек,  бұл  қабат  терінің 
құрылымдық  процесіне  белсенді  қатысады.  Емізікше  қабат  айқын  шекарасыз  дерманың 
торлы қабатымен жалғасып кетеді. 
Торлы  қабат  (stratum  reticulare)  –  қалыптаспаған  тығыз  дәнекер  ұлппасынан 
тұрады. Бұл қабатты бір-бірімен торлана тоқылған коллаген талшықтарының шоғырлары 
будалары  және  олардың  арасындағы  теріге  серпімділік  қасиет  беретін  эластин 
талшықтары  құрайды.  Коллаген  талшықтары  шоғырларының  қалыңдығы,  олардың 
торлану  түрлері  мен  пішіндері  жануарлардың  түрлеріне,  тұқымдарына  және  тері 
аймақтарына байланысты болады. 
Дермада  терідегі  терінің  туынды  мүшелері:  май  бездері,  тер  бездері  және  тері 
түктерінің түбірлері орналасады. 

Теріасты қабаты немесе шел қабаты (tela subcutanea) – тері дермасынның торлы 
қабатын  жануарлар  денесінің  беткей  шандырымен  байланыстырып  тұратын  терінің 
төменгі қабаты. Шел қабатын борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Қоңды малдардың шел 
қабатында май қабаты қор ретінде жиналады. 
Теріні  жұлын  мен  мидан  келетін  сомалық  афферентті  және  эфферентті  жүйкелер, 
тері  тамырлары  мен  түк  көтергіш  бірыңғай  салалы  ет  ұлпасы  миоциттерін  вегетативті 
жүйке жүйесінің жүйкелері жүйкелендіреді. 
3  –  сұрақ.  Жануарлар  онтогенезінде:  тері  эпидермисі  эктодермадан,  дерма 
дорсальды  мезодерманың  дерматомынан,  шел  қабаты  –  мезенхимадан  дамиды. 
Іштөлінің  алғашқы  сатыларында  жалпы  жабын  жұқа  тері  ретінде  қалыптасып,  тері 
эпидермисі тек бір қабат эпидермоциттерден ғана тұрады да, қалған қабаттары жоғарыда 
аталған  ұрық  жапырақшаларынан  жетіле  бастайды.  Іштөлі  организмі  өсіп,  оның 
құрылысы  күрделенген  сайын,  тері  эпидермисі  көпқабатты  эпителий  ұлпасына  айналып, 
тері  қабаттарымен  қатар,  терінің  туынды  мүшелері  де  (тері  түктері,  тері  бездері,  тұяқ, 
майтабан,  мүйізді  тырнақ  және  т.б.)  дамып,  олардың  құрылысы  да  күрделене  байтайды. 
Тері  жабынының  қалыптасу  процесі  жануарлар  іштөлдерінде:  құрсақтағы  құлын  мен 
бұзауда 4,5 ай, қозы мен лақта 2,5 – 3,5 ай, торайда – 2 ай ішінде аяқталады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет