Технологиялар кафедрасы


 Дәрiске әдiстемелiк нұсқау



бет11/38
Дата07.01.2022
өлшемі444,59 Kb.
#17573
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38

 Дәрiске әдiстемелiк нұсқау


Дәрiсте берiлген материалды игеру үшiн амалдық жүйеде жадты басқару әдістерінің ерекшеліктеріне көңiл бөлу керек.

3 Бөлім. Файлдар жүйесі.

3.1 Файлдар



Мақсаты:

Файлдармен жұмыс істеу әдістерімен қарастыру.



Дәріс жоспары:

1 Файлдық жүйенің маңызы;

2 Файлдардың қызметі;

3 Файлдар түрлері.



Тақырып бойынша негізгі түсінік:

Файлдық жүйе барлық амалдық жүйелер қолдайтын өте маңызды ұғымның бірі. Бұрын айтылғандай, амалдық жүйенің негізгі функциясы дискілердің және басқа енгізу-шығару құрылғыларының ерекшелерін жасырып, пайдаланушыға түсінікті және ыңғайлы құрылғыға байланыссыз абстрактылы моделін көрсету болып табылады.

Файлдарды құру, жазу, оқу, немесе жою үшін жүйелік шақыруларды пайдалану қажет. Файлды оқыр алдында оны дискіге орналастырып және ашып, оқығаннан кейін оны жабу керек. Осы функциялардың барлығы операйиялық жүйенің жүйелік шақырулары арқылы жүзеге асырылады.

Амалдық жүйелер файлды сақтау үшін орын тағайындағанда файлдарды топтау әдістері ретінде катологтар (бумалар) түсінігін пайдаланады. Мысалы, студент оқу бағдарламасы үшін әрбір оқу курсына бір католог, электрондық поштаға бір каталог, өзінің веб-беттеріне бір католог және т.б катологтар құруына болады. Каталогтарды жасау және жою үшін де жүйелік шақырулар керек. Олар бар файлдарды катологқа салуды және одан шығаруды қамтамасыз етеді. Каталогтардың ішінде басқа катологтар болуы мүмкін. Олар көпдеңгейлі қабаттасқан құрылым құрады.

Процестер мен файлдар иерархиясы бұтақ тәрізді болады. Онда бірнеше днңгей болады. Әдетте, процесс иерархиясының деңгейі онша терең емес, онда үш деңгейден көп болу өте сирек кездеседі. Ал файл құрылымы өзіне жетерліктей 4 немесе оданда көп деңгейлерді қолдана алады. Процесс деңгейі аз көп өмір сүрмейді, ереже бойынша, олардың өмір сүру уақыты бірнеше минут қана. Ал файлдар (каталогтар) иерархиясы бірнеше жылдар бойы сақталуы мүмкін.

Процестер мен файлдарға арналған тән болу және қорғау ережелері бөлек болады. Әдетте, тек аталық процесс ғана басқара алады немесе балалық процеске қолжеткізеді. Ал файлдар мен катологтарды қарап оқу механизмі тек қана олардың иелеріне ғана беріліп қоймай, сонымен қатар жұмыс тобы мүшелеріне де пайдалануына мүмкіндік береді.

Әрбір файлды деңгейлі каталогта жол аттарын беру арқылы, анықтап білуімізге болады. Бұл файлдың толық аты деп аталады. Жол аттары каталог құрылысының басынан бастап жазылады. Бұны каталогтың түбірі деп атайды. Осындай абсолюттік жол аттары каталог тізімдерінен тұрады, себебі каталогтардың түбірі немесе тамыры файлға баруы тиіс. Көп деңгейлі катологтарда файлға баратын жолды деңгейлер арасын еңкейген сызықтармен бөледі. Бірінші сызық каталогтың түбірінен кейн қойылады. MS DOS және Windows символдардың орнына еңкейген сызықты құрамдас бөлшектердің бөліндісіне қайтадан қолдана алады. Онда нәтижесінде бұл жол былай өрнектеледі: С /Faculty/ Professor/ Courses.

Әр уақыттың кезеңінде, әр процессте соңғы жұмыс каталогы бар, яғни еңкейген сызықтан бастамастан бұрын файлға жол іздейді. С /Faculty/ Professor– жұмыс катологы болып табылады, ал Courses жолына пайдаланылануға керек файлдарды тауып беретін абсолютттік жол.

Процестер жүйелік шақырулар арқылы өздерінің катологтарын өзгерте алады. Файлды оқымастан немесе жазбастан бұрын, оны бірінші ашу керек және осы уақытта енгізуге қолжеткізу рұқсатының бар екенін тексеру қажет. Егер қолжеткізу рұқсаты болса, онда жүйе кішігірім бүтін санды шығарады. Ол файлдың дескрипторы деп аталады және кейінгі амалдарда қолданылады.

Егерде қолжеткізуге тыйым салынған болса, онда осыған байланысты қатенің коды экран бетіне шығарылады.

Амалдық жүйелеріндеі файлдық жүйе ендірілген болады. Барлық дерлік дербес компьютерлерде дискілерді салуға және алуға арналған бір немесе екі дискжетектер бар. Ауыспалы ақпарат тасымалдаушылар­мен (иілмелі диск, компакт-диск және т.б.) қарым-қатынас жасауға мүм­кіндік беру үшін амалдық жүйе ауыспалы тасымалдаушының файлдық жүйесін негізгі бұтаққа қосады. Сонда жүйелік шақырудың алдындағы бір-біріне қатысы жоқ қатқыл дискідегі файлдық құрылым және ауыспалы тасымалдаушыдағы файлдық құрылым, жүйелік шақыру орындалғаннан кейін бір тамырдан (түбірден) үлкен иерархиялық құрылымның бұтақ­тары ретінде ғана болады. Осы механизм нақты енгізу-шығару құрыл­ғылардың ерекшіліктерін ескермей ондағы деректермен абстрактылы файлдар құрылымы арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Амалдық жүйесіндегі маңызды ұғымның бірі арнайы файл болады. Арнайы файлдар енгізу-шығару құрылғыларын файлдар сияқты көрсеті­луіне көмек көрсетеді. Арнайы файлдардан ақпаратты оқу немесе жазу қарапайым файлдарға қолданылатын оқу немесе жазу амалдарын орын­дайтын жүйелік шақырулар арқылы жүзеге асады. Арнайы файлдардың екі түрі бар: блокты файлдар, символдық файлдар. Блокты арнайы файлдар еркін адрестелетін блоктар жиынтығынан тұратытын, мысалы, дискі, құрылғыларды моделдеу үшін қолданылады. Символдык арнайы файл симводар ағынымен жұмыс істейтін принтер, модем және басқа құрылғыларды моделдеу үшін қолданылады.

Амалдық жүйесінде файлдарға да процестерге де қатысты маңызды ұғымның тағы біреуі арна (pipe) болады. Арнаны (кейде құбыр деп аталады) екі екі процесс бір-бірімен байланыс жасау үшін қажет псевдофайл деп түсінуге болады. Мысалы, төменде көрсетілгендей А және Впроцестері берілсе және олардың арасында қандай-да бір қатынас орнатылса, онда олардың бір-бірімен байланысы арнаның көмегімен жасалады.

Егер А процесі нақты деректерді В процесіне жіберетін болса, онда оларды арнаға жазады және мұнда арна шығу файлы ретінде қолданылады. Впроцесі арнадағы деректерді оқиды, ал мұнда арна кіріс файл ретінде болады. Сонымен, екі процесс арасындағы қарым-қатынас әдеттегі файлдарды оқу және жазу (енгізу-шығару амалдары) сияқты болады.

Негізі түсінік бойынша амалдық жүйедегі файлдармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгермейінше, жалпы принциптерін білмейінше, жүйенің тиімді қолдануды үйрене алмайсыз және қазіргі дербес компьютердің кез келген пайдаланушысында ертеме, кешпе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз.


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет