Технологиялар


Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата28.01.2017
өлшемі0,87 Mb.
#2872
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 
Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары 
 
1. 
Педагогикалық 
технология 
тәжірибеде 
жүзеге 
асатын 
педагогикалық жүйенің жобасы қандай? 
2. Педагогикалық жүйенің табысты жүзеге асуы үшін не қажет? 
3. Педагогикалық инновация дегенімізді қалай түсінесіз? 

51 
 
4. «Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап 
жанар оты», - деген тұжырымдаманы кім айтқан? 
5.  Дамыта  оқыту  технологиясын  қарастыратын  болсақ,  ол  ең 
алдымен  «Нені  дамыту  керек?»  деген  сұрақ  туындайды.  Сол  сұрақтың 
жауабын қалай түсінесіз? 
6. Модульдік оқыту технологиясының артықшылықтары қандай? 
7.  Интеграциялық  оқытуды  жүзеге  асыру  білім  алушыларға  қандай 
мүмкіндік береді? 
8. Интеграция ұғымын қалай түсінесіз? 
9. Дәстүрлі - сабақ технологиясының ерекшеліктері қандай? 
10. Оқыту технологиясы жүйелі ұғым. Оның құрылымына не кіреді? 
 
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар  
 
1. «Педагогикалық технология - оқу үрдісін іске асырудың мағыналы 
технологиясы» тақырыбында баяндама жасаңыз. 
2. Ахмет Байтұрсынұлының «Мектеп керектері» деген еңбегі туралы 
конспект жасаңыз. 
3.  «Сабақта  қолданылатын  ойындар»  тақырыбында  реферат 
дайындаңыз. 
 
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары 
 
1.  Бүгінгі  таңдағы  оқу  орындарындағы  алдында  тұрған  мәселе 
қандай? 
А) білім  алушыларды дамыта оқыту 
Б) білім алушыларды  ішкі  себептермен оқыту  
С) білім алушыларды дамыта қаржыландырумен оқыту  
Д) білім алушыларды мониторингпен дамыта оқыту  
Е) білім  алушыларды білім беру жүйесімен оқыту  
2.  «Технология  дегеніміз  қандай  да  болсын  істегі,  шеберлікті, 
өнердегі  адамдардың,  ал  педагогикалық  технология  педагогикалық 
мақсатқа  қол  жетудегі  қолданылатын  барлық  қисында  ілім  амалдарымен 
әдістемелік  құралдардың  жүйелі  жиынтығы»-  деген  тұжырымдаманың 
авторы кім? 
А) В. Кларин 
Б) А.С.Макаренко 
С) Е.Смирнов 
Д) С.Пейперт 
Е) Ю.Первин  
3. Инновация дегеніміз...  
А) белгілі  бір жүйедегі ішкі  өзгерістер 
Б) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру 
С) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру 

52 
 
Д)  оқытушы  мен  оқушының  өзара  қарым-қатынасын  жүйелі 
ұйымдастыру 
Е) оқушылардың білімін  жүйелі ұйымдастыру 
4. «Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап 
жанар оты»,- деген тұжырымдаманың авторы кім? 
А) В.Ф.Сухомлинский 
Б) А.С.Макаренко 
С) Е.Смирнов 
Д) С.Пейперт 
Е) Ю.Первин 
5.  Ж.Қараев  оқушылардың  оқу  материалын  меңгеру  деңгейін  неше 
түрге бөліп қарастырады? 
А) төрт 
Б) бес 
С) алты 
Д) жеті 
Е) сегіз 
6. Іс - әркеттің ең өнімдісі - неше деңгейден тұрады? 
А) 3-4 
Б) 4-5 
С) 1-2 
Д) 5-6 
Е) 2-3 
7.  «...мұғалім  қандай  болса,  мектеп  һәм  сондай  болмақшы.  Яғни, 
мұғалім  білімді  болса,  білген  білімін  басқаға  үйрете  білетін  болса,  ол 
мектептен балалар көбірек білім біліп шығады. Солай болған соң, ең әуелі, 
мектепке  керегі  -  білімді педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін 
мұғалім », - деген тұжырымдаманың авторы кім? 
А) Ахмет Байтұрсынұлы 
Б) Абай Құанбаев 
С) Мағжан Жұмабаев 
Д) Ыбырай Алтынсарин 
Е) Шоқан Уалиханов. 
8. Пәндердің өзара байланыс деңгейі қалай шешіледі? 
А)  білім  алушылардың  білімін  зерттеу,  талдау,  жүйелеу  сияқты 
негізгі дидактикалық міндеттер арқылы 
Б) оқулықты зерттеу, талдау, жүйелеу арқылы 
С) дәрістерді зерттеу, талдау, жүйелеу арқылы 
Д) кітапты зерттеу, талдау, жүйелеу арқылы 
Е) дәптерді зерттеу, талдау, жүйелеу арқылы. 
9. Оқытудың мазмұны мен сипаты қалай белгіленеді? 
А)  қоғамның  материалдық  және  мәдени  даму  дәрежесіне  сай 
белгіленді 

53 
 
Б)  MICROSOFT  OFFICE  кестесімен  бірге  қойылатын  Місrosof 
бағдарламасына сай белгіленді 
С) бағдарламаға сай белгіленді 
Д) сабақты, оқытуды ұйымдастыруға сай белгіленеді 
Е) сабақ технологиясының ерекшеліктеріне сай белгіленеді 
10. Оқыту технологиясының мақсаты қандай? 
А) тұлғаны тәрбиелеу 
Б) оқу бағдарламалары 
С) жаңа кітап жазу 
Д) дәрістер жинағы 
Е) жұмыс жоспары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

54 
 
5.  ЖАҢА  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
 
Дамыта оқыту технологогиясы 
Бүгінгі  таңда  мектепте  бастауыш  сынып  оқушыларын  оқытуда 
негізінен  "Дамыта  оқыту"  технологиясы  басшылыққа  алынады.  Себебі 
қазіргі оқулықтар"Дамыта оқыту" технологиясына негізделе жазылған.  
Сондықтан  әрбір  бастауыш  сынып  мұғалімі  "Дамыта  оқыту" 
технологиясындағы  сабақтың  құрылымын,  әдіснамалық  негіздерін  толық 
меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс. 
I. Бағдарлау -мотивациялық кезең. 
Бұл  кезең  -  оқу  міндеттерін  қою  кезеңі.  Дәстүрлі  педагогикалық  үй 
тап-сырамасын  тексеру  барысының  орнына  алынған  бұл  кезең  іштей  екі 
құрылымға бөлінеді. 
1. Оқушылардың білімін бір деңгейге келтіру. 
Оқушыларды 
жаңадан  түсіндірілетін  тақырыпқа  логикалық 
бірізділікпен  алып  бару  үшін,  өткен  сабақтың  материалымен  тығыз 
байланыстыра  отырып  жаңа  тақырыпты  игеруіне  қажетті  тірек  білімінің 
барлығы өзектендіріледі.  
Оқушылардың  барлығын  бірдей  деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім 
алдың  ала  оқушылардың  есіне  түсіретін,  толықтыратын,  бірдей  мәреге 
жеткізетін  қажетті  сұрақтар мен тапсырмалар даярлайды. 
2. Оқу міндеттерін айқындау. 
Оқушыларға  мазмұндық  жағынан  тізбектеле  кұралған  сұрақтар легі 
арқылы  мұғалім  оқушылардың  өздерінің  оқу  мазмұнын  анықтауға 
басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа қарай 
бет  бұруына  жағдай  жасайды  яғни,  жаңа  тақырыпты  танып-білу 
мотивациясын қалайды. 
Негізінде  осы  екі  құрылым  арқылы  I  кезеңде  7-8  тапсырма 
орындалады.  Соның  ең  соңғысында  оқушыға  сұрақ  қойылады  немесе 
тәжірибе көрсетіледі.  
Мұғалім  өткен  мен  жаңа  өтілген  оқу  материалын  шебер 
байланыстырып,  сұрақ  қою  арқылы  оқушылар  үшін  мәселелік жағдайлар 
туғызады. 
Мәселелік  жағдайлар  туғызу  -  сабақтың  ең  күрделі  де  маңызды 
бөлшегі  болып  табылатындықтан,  бұл  сәттің  айқын  өтілуіне  үлкен  мән 
бере  қарау  керек.  Өйткені,  басты  тетік  осы  мәселелік  жағдай  туғызуда 
жатыр.  Жаңа  тақырыптың  ұтымды,  сәтті  меңгертілуі  осы  түйінделген 
мәселелік,  жағдайдың  қалай  және  қандай  мазмұнда  жасалғандығына 
тікелей  байланысты болады. 
Сонымен,  оқушылардың  білетін  біліміне  сүйене  отырып,  жетекші 
сұрақтар  мен  тапсырмалар  арқылы  біртіндеп  тереңдей  беретін  мәселелік 
жағдайлар  туғызу  сәтін  мұғалім  тұтас  бір  көрініс  ретінде  оқушыларға 
сезіндіруі керек. 

55 
 
Туындаған  мәселелік  жағдайлар  оқушыларды  осыны  туғызған 
себептерді  іздеуге  күшті  түрткі  болады.  Ал  мұғалімнің  сезімге  толы  сөзі 
мен  түсіндіру  барысы  оқушылардың  танымдық,  ізденімпаздық 
қабілеттерін  оятып, іске қосуға күшті фактор ретінде қызмет атқарады.  
ХХІ  ғасырда  педагогикалық    технологияның  бір  түрі  болып 
табылатын  —  сын  тұрғысынан  дамыта  оқытуда  оқушының  ізденушілік, 
зерттеушілік  әрекетін ұйымдастыру алға қойылады.  
Ол  үшін  оқушы  өзінің  бұған  дейінгі  білетін  амалдары  мен 
тәсілдерінің  жаңа  мәселені  шешуге  жеткіліксіз  екенін түсінетідей жағдайға 
жетуі  керек.  Содан  негізінде  оның  білім  алуға  ынта  -  ықыласы  артып, 
әрекетенеді.  
Сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады: 
1. Оқу мақсаттарының қойылуы. 
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру. 
3. Шешімнің  дұрыстығын дәлелдеу. 
Бұл  үшеуі  дамыта  оқытудың  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдов  жасаған 
жүйесінің негізгі компонеттері болып табылады.  
Оқушыларға  ешқандай  дайын  үлгі  берілмейді.  Сабақта  қойылған 
мақсатқа  жету  талқылау  мен  жинақтау  арқылы  жүзеге  асырылады.  Ал 
мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы ғана болады.  
Шешім  табылған  кезде  әркім  оның  дұрыстығын  өзінше  дәлелдей 
білуге  үйренеді.  Әр  оқушыға  өз  ойын,  пікірін  айтуға  мүмкіндік  беріледі, 
олардың жауаптары мұқият тыңдалады.  
Дамыта  оқыту  жүйесінің  тағы  бір  ереқшелігі  сынып  оқушыларын 
бөлмей,  олардың  жетілуі  мен  дамуы  үшін  қолайлы  жағдай  жасалуы  тиіс. 
Сонымен  бірге  әр  оқушының  қабілетінің  мүмкіндігіне  дейін  еңбек  ету 
ойластырылған.  Соның  негізінде  ол өзін дамыта алады. Сын тұрғысынан 
дамыта оқыту сынақ емес, оқушының ой-өрісін шыңдау болып табылады.  
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы:  
1). қызығушылықты ояту;  
2). мағынаны талдау;  
3). ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.  
Қай  заманда  да  мектеп  қоғамның  әлеуметтік  -  экономикалық  және 
мәдени  салаларындағы  өзгерістерге  икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет 
бұру  оңай  емес.  Рухани  жан  дүниесі  бай,  халқын  сүйген,  ата-баба  жерін 
қадірлейтін  ұрпақ  қана  болашақ  тірегі  бола  алады.  XXI  ғасыр  білімділер 
ғасыры болмақ Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек.  
Еліміздің  экономикалык,  саяси  -  мәдени  дамуына  үлес  косатын, 
қоғамды әлеуметтік  цивилизацияға көтеретін, денсаулығы мықты азаматты 
тәрбиелеп  шығару  —  мектептің,  ұстаздар  қауымының  бүгінгі  тандағы 
міндеті  болып табылады. 
Сондықтан,  мұғалімнің  алға  қойған  маңызды  міндетінің  бірі  — 
талабы  таудай  жеке  тұлғаны  іздеп  табу,  оны  өсіру  және  тәрбиелеу.  Әр 

56 
 
оқушының  қабілетін  танып  -  біліп,  дамыту  үшін,  жаңашыл  жұмысқа    бет 
бұру керек.  
Қазіргі  педагогика  теориясына  елеулі  өзгерістер  еніп,  жаңа 
көзарастар  пайда  болды.  Әрі  білім  беру  құрылымында  жаңа  технология 
өмірге келді. 
«Технология  дегеніміз  —  қандайда  болсын  істегі,  шеберліктегі, 
өнердегі  адамдардың  жиынтығы  болса,  педагогикалық  технология  — 
педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім 
амалдары  мен  әдістемелік  құралдардың  жүйелі  жиынтығы»,  -  деп 
түсіндіреді В. Кларин. 
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық 
жүйенің жобасы. Ал, педагогиикалық жүйе - дара тұлғаны қалыптастыруға 
бағыталған,  белгілі  бір  мақсатқа  жету  жолындағы  арнайы  педагогикалық 
ықпалды 
ұйымдастыруға 
қажетті 
байланыстардың, 
әдістердің, 
құралдардың  жиынтығы.  Олай  болса,  дәл  қазір  бізге  осы  педагогикалық 
технологияны дамыту және оның тәжірибеде пайдалану шарт. 
В.Ф.Шаталов технологиясының әдістемелік жүйесі 
В.Ф.Шаталовтың технологиясының басты мақсаттары: 
-Оқушының білім беру дағдысын қалыптастыру; 
-Оқушылардың барлығын оқыту; 
-Жеделдете оқыту; 
Принциптері: 
-Үздіксіз  қайталау,  міндетті  кезеңдік  бақылау,  ірі  блоктар  бойынша 
оқыту, тірек сигналдарын пайдалану; 
-Жекелей әрекет жасау; 
-Ізгіліктік  (барлық балалар дарынды); 
-Мәжбүрсіз оқыту; 
-Түзетуге, 
өсуге,  жетістікке  жетелеу,  жетістігін  жариялау, 
шиелініссіз  оқыту; 
Мазмұндық ерешеліктері: 
-Оқу материалы ірілендіріп  беріледі; 
-Блоктық түрде беріледі; 
-Оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі; 
Тәрбиелік мәні: 
-Еңбекке қатыстырылады; 
-Еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді; 
-Оқушының еркі дамытылады; 
-Өзіндік 
танымдылығы,  жауапкершілік,  адалдық,  жолдастық, 
қасиеттері қалыптасады. 
Әдістеме ерекшелігі: 
Теориялық  блогы  –  Бағыттылық  негізі  (БН)  –  ақпаратқа  кіріспе 
(түсіндіру) – айту– үйде өзіндік жұмыс орындау, І-қайталау (тірек сигналы 
конспектісін  жаппай  қабылдау),  ІІ-қайталау  (түсінбегенін  сұрау),  ІІІ-
қайталау (өзара бақылау) 

57 
 
Тәжірибе  блогі  –  тәжірибелік  жұмыс  (жаттығу)  –  есеп  шығару 
(жаттығу)  –  қорытынды:  оқушылар  білім  беру  дағдыларын  және  ойлау 
қызметінің әдісін жүйелі қолдану. 
Жалпы  Шаталов  әдісі  бойынша  теориялық  жаңа  материалды  игеру 
негізгі алты кезеңнен тұрады: 
1-ші  кезең – мұғалімнің оқу материалын толық түсіндіруі; 
2-ші  кезең  –  оны  тірек  плакаттар  бойынша  қысқаша  мазмұндау, 
мұнда материалды «блоктық қабылдау» жүреді; 
3-ші  кезең  -  оқушылар  тірек  сигналдары  бар  беттерді  (тірек 
плакаттардың  кішірейтілген  көшірмелері)  мұғалімнен  алып  танысады,  өз 
альбомдарына желімдейді; 
4-ші  кезең  –  оқулықпен  және  үй  жағдайында  тірек  сигналдары  бар 
бетпен жұмыс; 
5-ші  кезең – келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша еске түсіру; 
6-шы  кезең  -  жолдастарының  ауызша  жауабын  тыңдау  (тақта 
алдыңда немесе орнынан). 
Шаталовтың  әдістемесі  бойынша  жаңа  сабақты  түсіндіру  кезінде 
оқушылар  ешнәрсе  жазбайды,  тек  тыңдайды  (психолоттардың  зерттеу 
қорытындылары  бойынша  қос  кабаттасқан  психологиялық  іс-әрекет 
тиімсіз).  Осы  әдістемемемен  орта  және  жоғары  сыныптарда  жаңа 
тақырыпты  мазмұндаудан  соң  бұл  материал  бойынша  жаттығулар 
шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша болса да рұхсат.  
Өткен  тараулар  материалынан  –  қалағандарынша,  ал  жаңа  тақырып 
бойынша ешнәрсе, жаңа сақбақты екі рет мазмұндау принципін енгізгеннің 
өзінде  іс  жүзінде  әр  оқушының  жаңа  тақырып  бойынша  жаттығуларды 
толық қабылдауы мүмкін емес. 
Психологиялық  тұрғыдан  қарағанда,  оқулық  мәтінін  мұғалімнің 
мағыналық  өңдеу  тәсілдерін  қалыптастыруды,  тірек  сигналдарды 
оқушылардың  өзіндік  іс-әрекетін  ұйымдастыру  кұралдары  мен 
мнемотехника  тәсілдері  ретінде  қолдануды  оқушылардың  ой  еңбегі 
мәдениетінің  жалпы әдістерін дамыту деп қарастыруға болады. 
Ж.А.Қараевтың  «Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе»  білім  беру 
технологиясы – нәтижеге бағытталған білім беру құралы. 
Деңгейге  бөліп  оқытудың  тиімділігі:  біріншіден,  оқушының 
психологиялық танымы, екіншіден, теориялық дайындығы есепке алынуы 
тиіс.  Деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  мұғалім  мұғалім  оқушының  нені 
меңгергенін,  нені  меңгермегенін  біледі.  Соның  нәтижесінде  оқушыда 
намыс  оты  оянады,  басқалардан  қалып  қалмауға  тырысады.  Бұл 
технология  біріншіден,  дамыта  оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға 
көмектеседі, өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін 
көтереді.  Әр  оқушының  оқушылық  деңгейде  білім  алуына  мүмкіндік 
береді.  «Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе»  педагогикалық  технологиясы 
оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға 
бағытталған. 

58 
 
«Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе»  білім  беру  технологиясының 
мақсаты: 
-Мектеп  бітірушінің  барынша  көп  білуі  емес,  оның  өзіне  қажетті 
білімді  өзі білуі; 
-Тиімді шешімді  табуға үйренуі; 
-Оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешуі; 
-Ішкі  өзіндік қажеттілігін  қанағаттандыратыны; 
-Әлемдік білім кеңістігінде  көріне алатыны; 
-Шығармашыл іс-әрекет жасай алатын жеке тұлға қалыптастыру. 
«Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе»  білім  беру  технологиясының 
ерекшелігі: 
Оқушы  білімі  анық  бағаланады.  Белсенділігі  артады.  Ой  еңбегі 
жетіледі.  Белгілі  бір  нәтижеге  жеткенін  іштей  сезеді.  Өзіне-өзі  деген 
сенімділігі  артады.  Өзін  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыруға  тәрбиелейді. 
Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады. 
Зер  сала  қарасақ,  оқушының  білімді  қабылдау  деңгейі  сыни  баға  беруге 
дейін көтеріледі. Технологияның тиімділігі мен ерекшелігі  де осында.  
Нысаналы оқыту технологиясы 
Бүгінгі  күні  еліміздің  білім  беру  саласында  ірі  өзгерістер  дүниеге 
келіп,  білім берудің дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде түрлі-
түрлі реформалар жасалуда. 
Оқыту  формасы  бұрынгы  білім  беруді  ғана  негіз  еткен  дәстүрлі 
оқыту  формасынан  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  формасындағы  сапалы 
оқыту  жүйесіне  өзгерді.  Оқыту  барысы  зерттеп  үйрену  іс-әрекетін  басты 
форма  ете  отырып,  іс-әрекет  барысында  өзін-өзі  басқару  мен  өзара 
әсерлесіп  үйренуді  іске  асыру  ерекшелігіне  ие  болды.  Мұғалім  оқыту 
мақсатына  жету  үшін  оқулықты  жете  түсіну  негізінде  оқыту  іс-әрекетін 
мұқият  жоспарлауға  көшті  және  оқушыларды  зерттеп  үйренеді, 
ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін колданады. 
Бірақ, барлық мұғалімде ортақ оқыту технологиясы болмағандықтан 
оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын емес, ол оқушылардың 
білім  алу  сапасына  ықпал  етпей  коймайтыны  сөзсіз.  Сондықтан  қазіргі 
сыныптық 
оқытуға 
үйлесетін, 
оқушыларды 
зерттеп 
үйренуге 
ұйымдастыруға үйретеді.  
Нысаналы  оқыту  технологиясы  бүгінгі  күнде  дүние  жүзі  бойынша 
тәлім-тәрбне 
саласында 
орасан 
зор  ықпал  көрсетіп  отырған 
технологиялардың бірі. 
Қазірде  бұл  технологияны  АҚШ,  Жапон,  Қытай  сынды  көптеген 
дамыған  елдер  өздерінің  білім  беру  саласында  кеніне  қолданады. 
Нысаналы оқыту технологиясы АҚШ педагогы және психологы Блумның 
«Тәлім-тәрбие  нысанасын  түрге  бөлу»  теориясы  мен  «игеріп  оқу» 
теориясы; негізінде қортындыланып жасалған. 
Анығырақ  айтқанда  нысаналы  оқыту  дегеніміз  окыту  мазмұнын 
нысаналандыру,  жүйелендіру,  ғылымиландыру  және  оны  игерудің  әдіс-

59 
 
тәсілдерін  жүзеге  асыру,  сол  аркылы  окыту  сапасын  жан  - жақты көтеру 
мақсатына жету деген сөз. 
Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну үшін Блумның «Тәлім-
тәрбие  нысанасын  түрге  бөлу»  теориясы  мен  «Игеріп  оқу»  теориясына 
қысқаша тоқтала кеткен жөн болады. 
I.  «Тәлім-тәрбие  нысанасын  түрге  бөлу»  теориясы  адам  өмірінде 
істелуге  тиісті  әрқандай  бір  жұмыс,  сондықтан  ол  үлкен  болмасын,  кіші 
болмасын  қандай  да  бір  нысынаға  жетуді  көздейтіні  ақиқат.  Дәл  сол 
секілді  окыту  да  белгілі  оқытудың  нысанасына  жетуді  мақсат  ететіні 
шындық,  екінші  сөзбен  айтқанда,  оқыту  жұмысы  өзі  тәрбиелеп  отырған 
оқушының  болашақта  қандай  жетістікке  жететінін,  қандай  адам  болу 
керектігін  алдын  -  ала  анықтап  алуы  қажет.  Осы  тұрғыдан  келіп  оқыту 
нысанасын Блум төмендегідей үш түрге бөледі, олар: таным саласындағы 
нысана,  сана-сезім  саласындағы  нысана  және  әрекет  шеберлігі  (қабілет) 
саласындағы нысана. 
Таным  саласындағы  нысана  дегеніміз  оқушының  үйренген  білімін 
есте сақтау және қайталай тану барысындағы ақыл - парасат пен қабілеттің 
калыптасу  нысанасын,  яғни,  білім  алу  мен  қабілетті  дамыту  жағындағы 
нысананы көрсетеді. 
Сана-сезім  саласындағы  нысана  қызығушылык,  мінез,  кұндылық 
көзқарасы, сондай-ақ бейімділік  қабілеті  жағындағы нысананы, яғни ақыл - 
парасатқа жатпайтын факторлар жағындағы нысананы көрсетеді. 
Іс-әрекет  шеберлігі  саласындағы  нысана  дегеніміз  -  меңгеру  және 
әрекет шеберлігі  жағындағы нысананы көрсетеді. 
Блумның  еңбегі  оның  оқыту  нысанасын  белгілі  өлшем  бойынша 
тәртіпті  түрде  жүйелеп  айқындық  пен  жүйелілік  қалыптастыруынан 
көрінеді.  Ол  бұны  АҚШ-тың  тәлім  -  тәрбие  ісіне  мұқият  зерттеу  жүргізу 
аркылы  қол  жеткізді,  әрі  Блумның  бұл  еңбегі  оның  әлемдегі  атағын  да 
асқақтата түсті. 
Бұрын  жұрт  бір  адамның  үйрену  жағдайын  тексергенде  оның  тек 
алған  біліміне  ғана  назар  аударатын,  ал  Блумның  таным  саласындагы 
нысанасы бес жақты (түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) қамтиды, 
яғни, оқушылардың әр түрлі қабілеттерін жетілдіру  нысанасын алға кояды.  
Сондықтан  қазіргі  кезде  бүкіл  дүние  жүзінің  білім беру саласы осы 
көзқарасты  ұстанып,  оқушылардың  қабілетін  жан  -  жақты  тәрбиелеуді 
дәріптеп  келеді.  Білім  теориясы  оқушының  білімін  бағалаудың 
қабылданған ортақ өлшемін де ортаға қояды. 
Бұл  өлшем  мұғалімдердің  өзара  тәжірибе  алмасу  қызметі  мен 
бағалау кызметін де алға бастырады. Сөйтіп, бағалаудың айқын нысанасы 
орнатылды.  Блумның  таным  саласындағы  оқыту  нысанасы  бүгінгі  күні 
көптеген  елде  оқытуды  бағалау  мен  оқулық  жасаудың  негізгі  іргетасына 
айналды. 
ІІ «Игеріп оқу» теориясы дегеніміз сыныптық окыту кезінде үздіксіз 
кері байланысқа шығу және дер кезінде түзету жасау, оқушыларға қажетті 

60 
 
үйрену  уақытын  беру  және  көмектер  көрсетіп  отыру,  сол  арқылы 
оқушылардың  оқулық  нысанасы  белгілеген  өлшемге  жету  турасындағы 
теория. 
Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды: 
1) оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу; 
2)  оқытуды  өнімді  түрде  дербестендіріп,  көп  санды  оқушылардың 
жақсы үйренуіне көмектесу. 
«Игеріп оқу» теориясы оқытудың өте өнімді тәсілі болып саналады, 
оның  ең  өзекті  мәселесі  -  оқушылардың  айтарлықтай  үйрету  нәтижесіне 
жете  алмауы  олардың  ақыл  - парасат жағындағы кемістігінен емес, қайта, 
өз  ерекшеліктеріне  сай  келетін  үйрену  уакыты  мен  оқыту  көмегінің 
жетіспеуінен  болады,  егер  мектеп  оларды  лайықты  үйрету  жағдайымен 
қамтамасыз  ететін  борлса,  онда  оқушылар  оқытқан  нәрселерді  игере 
алады. 
«Игеріп  оқу»  теориясының  іс  жүзіндегі  маңызын  мынадай  бірнеше 
жактардан көруге болады, олар: 
1.  Мұғалімнің  оқушыны  үйретуіндегі  көмекші  күшін  сезінуіне 
мүмкіндік  береді.  Әрбір  оқушыны  жақсы  оқи  алатындығына  сендіреді, 
мұғалімде оқыту үміті, оқушыда оқу сенімі болады. 
2.  «Игеріп  оқудың»  сәтті  болу  -  болмауы  оның  «кері  байланыс пен 
толықтыру» барыстарының сәтті орындалу - орындалмауына байланысты 
болады.  Дәстүрлі  сыныптык  оқытудағы  ең  басты  қайшылық  -  біртұтас 
оқыту  мен  жеке  қажеттілік  арасындағы  қайшылық,  бұл  қайшылық  кей 
оқушылардың  білімді  үйрену  қызьғушылығын  жояды,  ал  дербес 
оқытудағы «дер кезінде кері байланыс орнату, толықтыру, үйренуді дұрыс 
жолға  салуды»  сыныптағы  оқытуға  шеберлікпен  қолданатын  болса, онда 
қызықты  оқыту  ортасы  калыптасып,  біліміне  карай  оқыту,  барлық 
окушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту сапасын жан - 
жақты көтеруге жол ашады, - деп санайды Блум. 
3.  «Игеріп  оқу»  -  «Тәлім-тәрбие  нысанасын  түрге  бөлу»  теориясы 
анықтаған  окыту  нысанасына  сай  жүргізіледі.  Бұл  мұғалімнің  оқытудағы 
сұрақ қою, түсіндіру, жаттығуды орындату, тексеру жүргізу барысындағы  
білім  мен  біліктік  қатынасын  толық  меңгеруге,  қателіктерден  сақтануға 
немесе  түзетуге,  оқушылардың  ұқсамаған  сатыдағы  үйрену  өресіне 
жетуіне  пайдасын тигізеді. 
4. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға баллдық жүйе бойынша баға 
беру ғана емес, қайта олардың үйрену белсенділігін жоғарылату құралына 
айналдырады. 
Мұндай  тексеру  қалыптаса  келе  оқушыларға  кысым  түсіру  емес, 
кайта, табысқа жетудің шаттығын сыйлайды. 
5.  «Игеріп  оқу»  теориясы  окушылардың  үйрену  барысындағы 
жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, әсіресе оқуда нашар оқитын 
окушылардың  талпыныспен  жеткен  табыстарының  дәмін  татуға 
көмектесуге ерекше мән береді. 

61 
 
Нысаналы  оқытудың  тағы  бір  ерекшелігі  -  кері  байланыс  пен 
толықтырудың  бүкіл  оқыту  барысында  бастан  аяқ  қайталанып  отыруы. 
Кері байланыс пен толықтыру сәтті жүргізілсе, оқыту барысында жасалған 
әрбір  қадамның  нәтижелілігін  тексеріп,  мұғалім  мен  оқушының  уақытын 
үнемдеп оқытудың өнімділігін арттырады. 
Сондықтан  кері  байланыс  пен  толыктыру  окыту  барысын  меңгеру 
мен үздіктендірудің маңызды кұралы саналады. 
Жалпы  алғанда  "Нысаналы  оқыту  технологиясы"  қазіргі  заманғы 
оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп үйрену және өзін-өзі 
басқарып  үйрену  талабына  өте  жаксы  үйлеседі.  Бұл  оқыту 
технологиясының  дәстүрлі  окытудан  басты  ерекшелігі  де,  басты 
айырмашылығы да осында. 
Деңгейлеп оқыту технологиясы 
Оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларын  жетілдіру  үшін,  оқытудың 
жаңа  технологиясы  бойынша,  саралап  және  дербес  деңгейлік 
принциптерінің  талаптарына  сәйкес  өткізілетін  әртүрлі  сабақ  түрлеріне 
арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.  
Бұлар:әңгімелесуші  -  оқулықтар  және  оларға  қосымша  төрт 
деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері. 
Әңгімелесуші  -  оқулық  бойынша  оқушылар  жаңа  тақырыпты  өз 
бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. 
Қарапайым  жаттығу  -  мысалдармен  оларды  бекіткеннен  кейін, 
жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. 
Деңгейлік тапсырмаларға, төмендегідей талаптар қойылады, олар: 
Бірінші  деңгейдегі тапсырмалар: 
1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек. 
2.  Алдағы  сабақта  жаңадан  меңгерілген  білімнің  өңін  өзгертпей 
қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс. 
3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты 
болуы керек. 
Жалпы  техникалық  пәндерде  мұндай  талаптар  жаңа  тақырыпты 
игеру  соңында  шығарған  есептерге  ұқсас  тапсырмалар  құру  арқылы 
орындалады  және  олар  оқушының  өзі  шығарған  ереже,  анықтама, 
заңдарын бекітуге арналады. 
Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде - олардың танымдылығы 
мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн. 
Екінші  деңгейдегі тапсырмалар: 
1.Өтіп  кеткен  материалдарды  реттеуге  және  жүйелеуге  берілген 
болуы  керек.  Бұлар  өзгертілген  жағдайлардағы  тапсырмалар,  яғни 
бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған 
білімдерін  түрлендіріп  пайдалану  қажет  болады.  Олар:  мәтінмен  берілген 
кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, 
т.с.с. 
2.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретіндей  болуы керек. 

62 
 
Оларда  біздің  ұлттық  ерекшеліктеріміз  ескеріліп,  танымдық  және 
үйретімділік  маңызы  болуы  қажет  болады.  Оларға  логикалық  есептер, 
ребустар мен сөзжұмбақтар жатады. 
Үшінші  деңгейдегі тапсырмалар: 
1.  Танымдық  іздену  түрдегі  тапсырмаларды  орындау  барысында 
оқушылар  жаңа  тақырып  бойынша  меңгерген  алғашқы  қарапайым 
білімдерін  (заңдылықтар  шығару,  анықтамалар,  формулаларды  жаттау, 
т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі 
үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс талдау мен қорытындылау және 
салыстыру арқылы негізін анықтау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. 
Мұндай  тапсырмаларды  орындау  барысында  оқушылар  жаңа 
тапсырмаларға  тап  болады  да,  мәселелік  жағдай  туындайды.  Оны  шешу 
үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек. 
2.  Әртүрлі  әдіс,  тәсілдермен  орындалатын  тапсырмалар  құрастыру 
және  оны  өздігімен  орындау,  өмірден  алынған  мәліметтер  негізінде 
диаграмма,  графиктер  салу,  жергілікті  жағдайда  өлшеу  жұмыстарын 
жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмаларды орындау. 
Ой қорытуға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар. 
3.  Өздігімен  орындалатын,  өмірден  алынған  мәліметтер  негізінде 
диаграмма,  графиктер  салу,  көрнекі  құралдар  дайындауға  берілетін 
тапсырмалар. 
Ой 
қорытуға  арналған,  дағды  қалыптастыратын 
тапсырмалар. 
Төртінші деңгей тапсырмалары: 
1.  Оқушылардың  алған  өмірлік  тәжірибесі  мен  қалыптастырған 
ұғым,  түсініктерінің,  қиялы  мен  белсенді  ой  еңбегінің  нәтижесінде 
жаңаша,  бұған  дейін  болмаған,  белгілі  бір  дәрежеде  олардың  жеке 
басының  икемділігін  байқататын  дүние  жасап  шығуына  негізделген 
(теорема  дәлелдеу,  заңдылықтарды  оқулыққа  сүйенбей  мұғалімнің 
көмегінсіз қорытып шығару) тапсырмалар. Олар: 
Бірінші  деңгей  үшін  -  игерілгенді  пысықтау  мен  қайталауға, 
командалар  мен  операторлар  қызметін  жаттауға  арналған.  Жоғары 
деңгейлер  үшін  -  алған  білімдерін  өз  бетімен  қорыту  мен  жүйелеуге 
оларды,  тереңдетіп  дамытуға  және  тәжірибеде  қолдануға  арналған 
тапсырмалар.  
Оқытудың  осы  жаңа  технологиясы  жағдайында  оқушылардың 
өздігімен  жүргізетін  танымдық  іс-әрекетіне  арналған  тапсырмалар 
күнделігі  төрт  деңгей  бойынша  қарастырылады,  оқытудың  мәселелік 
принциптер  бойынша  жүргізіледі  және  барлық  деңгейдегі  тапсырмалар 
қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады. 
Сондықтан  да,  жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер, 
үзіліс  кезінде  де  оқушылардың  сабақтан  бас  алмайтындығын  байқаған. 
Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбак, сөзжұмбақ, ребустар сияқты әр 
деңгейдегі  тапсырмаларды  шешіп,  өтіп  жатқан  тақырыптан  барынша  көп 

63 
 
ұпай  алуға  тырысқан,  себебі,  ертеңінде  жаңа  тақырып  басталатынын 
біледі. 
Нәтижесінде  «екіліктер»  жойылуымен  қатар,  «үштік»  алып  жүрудің 
өзі  де  ұят  саналатын  болған.  Осы  жерде,  «үлгерімі  кейіндеп  қалып,  өз 
құрбыларын,  белгілі  бір  себептермен,  қуып  жете  алмайтын оқушылармен 
қалай  жұмыс  істеуіміз  қажет?  «  -  деген  сұрақ  туады.  Бұл  мәселенің  де 
шешу жолдары қарастырылған. 
Мұндай  жағдайда,  барлық  тапсырмаларды  мезгілінде  орындаған 
оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі. 
Сыныптың  басқа  оқушылары  өздігімен  жұмыс  істеп  жатқан  кезде 
мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты 
табылады.  Ол  сынып  оқушыларының  өздік  жұмыс  іс-әрекеттерін  тек 
ұйымдастырып,  басқару,  жалпы  бақылау  жасау  және  балалардың  өз-өзін 
бағалауын  бақылау  функциясын  атқарады.  Бұл  қалайша  жүзеге 
асырылады?  Бізге  үйреншікті  бақылау  мек  бағалауға қарағанда деңгейлеп 
оқыту  барысындағы  бақылау  тек  бағалаудың  ерекшелігі  неде?  Деңгейлік 
тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат сынып оқушыларын «қабілетті» 
және  «қабілетсіз»  деп  жасанды түрді әртүрлі топтарға бөлуді болдырмау. 
Осы  арқылы  деңгейлік  және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық 
оқушыға  қатысты,  ізгілендіру  принципі  де  сақталады.  Денгейлеп  оқыту 
барысында  оқушының  бірінші  деңгейдегі  тапсырмаларды  дұрыс 
орындағаны «есепке» алынып отырылады.  
Барлық  оқушылар  жұмысын  бір  мезгілде  бастап;  әрқайсысы  білім 
игерудегі  өз  қабілетіне  қарай,  белгілі  бір  межеге  жетеді,  бұл  нақты  пән 
бойынша  ең  нашар  үлгіретін  оқушыға  тірек  білімін  ғана  меңгеріп,  үй 
тапсырмасын  орындау  барысында  тек  сүйікті  пәні  бойынша  жоғарғы 
шығармашылық  деңгейге  дейін  көтерілуіне,  уақытты  үнемдеуіне  себеп 
болады. 
Сонымен  әр  оқушының,  әр  пәннен  100%  үлгерімге  қол  жеткізудің 
кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда 
міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, 
мемлекеттік  стандарттардың  ең  төменгі  талаптарының  орындалуына 
кепілдік  беріп,  Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңының 
талаптарына  сай  келеді  және  дәстүрлі  оқытудағы  оқушылардың  артық 
жүктеме тарту мәселесін шешеді. 
Олардың  әрқайсысы  1-ші  деңгейлік  тапсырмаларды  орындауға 
міндетті  және  жоғарғы  деңгейлік  тапсырмаларды  орындауға  құқылы, 
Осылайша,  бір  деңгейден  бір  денгейге,  өз  білімін  біртіндеп  толықтыра 
отырып,  өз  қабілетін  де  жетілдіреді.  Бұл  жағдайда  жоғары  деңгейлік 
тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады. 
Деңгейлік  тапсырмаларды  дұрыс  орындағаны  үшін  оқушылар  сол 
деңгейді  игергеніне  сәйкес  ұпай  алады:  бірінші  деңгей  үшін  -  5  ұпай, 
екінші  деңгей  үшін  -  15  ұпай,  үшінші  деңгей  үшін  -  30  ұпай.  Ең  жоғары 

64 
 
деңгейдегі  шығармашылықты  қажет  ететін  тапсырмаларды,  әрине, 
дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады. 
Деңгейлік  тапсырмаларды  орындау  арқылы  көбірек  ұпай  жинап 
көтеріңкі  баға  алуға  мүмкіндік  беріледі  және  дамыта  оқыту  принципі 
орындалады.  Нәтижесінде  оқушылардың  табиғи қабілеттері мен дарынды 
қасиеттерінің  ашылуына жақсы жағдай жасалады. 
Сонымен,  әр  деңгейдегі  тапсырмаларды  оқушы  өздеріндегі  арнайы 
деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомосқа белгілеп отырады. 
Жинаған  ұпайларын  оқушылар  2-ші  кестеде  әр  сабақтың  соңында 
нүктемен белгілеп отырады. 
Осы  нүктелердің  арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, график 
шығады.  Ол  -  оқушының  даму  мониторингі  деп  аталады.  Мониторинг 
бойынша  мұғалім  кезекті  тақырыптық  бақылау  жұмысының  алдында  әр 
оқушының  өткен  материалды  қандай  деңгейде  меңгерген  қадағалап, 
үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді. 
Тақырыптық  бақылау  жұмысы  да  әр  деңгейлі  тапсырмалармен 
беріледі.  Бұл  жағдайда  ол  бөгде  біреудің  көмегінсіз,  шпаргалкасыз 
орындалады  және  мұғалім  тарапынан  оқушылар  қатаң  бақыланып, 
өздерінің нақты алған білімдеріне  тиісті  ұпайларын алады. 
Осындай  бақылау  мен  бағалауды  біз  сыртқы  бақылаумен  сыртқы 
бағалау  ретінде  қарастырамыз.  Бұл  ұпайлар  да  оқушылардың  даму 
мониторингтеріне белгіленеді. 
Оқушының даму мониторингі, оның жеке басының қабілегіне қарай, 
тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді. 
Осы  жағдайда  оқушының  даму  деңгейі  -  басқалармен  емес,  уақыт  өткен 
сайын, өзімен - өзін салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға 
деген ізгілік  қатынасты көрсетеді. 
Бағалау  жүйесінің  негізі  болып  оқушы  білімнің  ең  төменгі  деңгейі 
алынады  және  ол  деңгей  мемлекеттік  стандарттың  ең  төменгі  талабына 
сәйкес келеді. 
Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, 
жоғары  даму  деңгейіне  де  қарамастан  оқушылардың  барлығының  дұрыс 
орындауы міндетті. 
Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-
оқытуды  ізгілендіру  мен  демократияландыру  жағдайында, өздігімен даму 
бағдарын  анықтап,  дамитын  және  өздігімен  дұрыс  шешім  қабылдай 
алатын,  өзін-өзі  жетілдіріп  өсіруші,  өзін-өзі  тәрбиелеуші  тұлға 
қалыптастыруға болады. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  оқушының  еркін  сөйлеуіне, 
пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, мәселені шешу жолдарын 
іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. 

65 
 
Сын  тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  -  сабақта  оқушылардың 
қызығушылығын  арттыра  отырып,  өз  ойыңды  еркін  және  зерттей 
талпындырып, тұжырым жасау. 
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз 
ойымен  өзгелердің  ойына  сыни  қарап,  естіген,  білгенін  талдап, 
салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, 
тұжырым  жасауға  бағыттау  өз  бетімен  және  бірлесіп  шығармашылық 
жұмыс жасау. 
Оқушыларды 
шығармашылық 
жұмысқа 
баулып, 
олардың 
белсенділіктерін,  қызығушылықтарын  apттыpa  түсу үшін шығармашылық 
қабілеттерін  дамытуда  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдануға  болады. 
Шығармашылық 
жұмыстар 
оқушыларды 
ойлауға 
жетелеп, 
қызығушылығын 
оятып, 
шығармашылық 
қабілетін 
арттыруға, 
белсенділікке  ынталандырады. 
Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытудың  мақсаты  барлық  жастағы 
оқушыларға  кез  келген  мазмұны  сыни  тұрғыдан  қарап,  екі  ұйғарым  бір 
пікірдің  біреуін  таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. 
Бұл  бағдарлама  жаңа  буын  оқулықтарының  талаптарын  жүзеге 
асыруда 
оқушылардың 
білім 
деңгейін 
көтеруде, 
балаларды 
шығармашылыққа  баулуда,  ойларын  еркін  айтуда  тез  арада  дұрыс 
шешімдер  табуға  атсалысатын  бірден-бір  тиімді  бағдарлама  деп 
есептеймін. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  -  сынау  емес,  шындалған  ойлау. 
Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму 
деңгейіне  сәйкес  ойы  шыңдалып,  белгілі  бір  жетістіктерге  жетері  сөзсіз. 
Білімнің  болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп 
ақпаратты  талдай,  жинақтай  отырып,  ішінен  қажеттісін  алуға  үйретеді. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  қызығушылығын  ояту,  мағынаны 
тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. 
«Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту» 
технологиясымен  жұмыс  жасау  кезінде  бұл  сабақтар  баланың  танымдық 
белсенділігін  арттыруға,  өз  бетінше  білім  aлyғa,  шығармашылығын 
қалыптастыруға  ықпал  ететіндігін  атап  өтсем,  оқушылар  -  оқудың 
(сабақтардың)  қызықты,  ұжымды  бірлесіп  жұмыс жасауға үйрететіндігін, 
білімнің  тереңдігі  әрі  тиянақтылығы  артатындығын  баяндайды.  Бұл 
жобамен  жұмысқа  дейінгі  және  кейінгі  кезеңін  (аралығын)  салыстыру 
оқушылардың  оқуға  деген  ынта-ықыласының  артқандығының,  адами 
жақсы  қасиеттердің  қалыптасқандығын,  мұғалімнің  шыдамдылық, 
төзімділік  сияқты  сапаларымен  қатар  оқушылардың  басқаны  қабылдау, 
түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  арқылы  оқушылардың  шығармашылық 
қабілетін  дамыту барысында келесі міндеттерді анықталды. 
Мазмұнға байланысты міндеттер: 
1.Әңгімені оқып танысады. 

66 
 
2.Мазмұнын ашады. 
3.Кейіпкерлерді  салыстыра  отырып  айырмашылықтары  мен 
ұқсастықтарын сипаттай алады. 
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, 
қиялын  шарықтату  және  сезімін  ояту сын тұрғысынан ойлауды дамытуға 
байланысты болады. 
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті: 
1.  Оқушылар  бір  -  бірімен  пікірлесе  отырып,  ортақ  қорытынды 
шығарады. 
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды. 
З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді. 
4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді. 
Өзара  құрмет  сезімін  тудыру  және басқаның пікірін сыйлауға, сөзін 
бөлмеуге тәрбиелеу оның тәрбиелік мәнін ашады. 
Сыни  тұрғыдан  оқу  мен  жазудың  көмегі  зор.  Бұл  жұмыстарды 
бірнеше  тақырыптар  көлемінде  өткізуге  болады.  Оқушы  жеке  жұмыс 
істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. 
Сабақтың  соңында  мәтіннің  тақырыбына  байланысты  өз  ойларын 
білдіріп,  көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді. 
Сыни  тұрғыдан  оқу  мен  жазу  бағдарламасының  нәтижесі 
төмендегідей  болды.  Сын  тұрғысынан  ойлау  құрылымы  бойынша 
ұйымдастырылған  сабақтар  баланың  ізденімпаздық,  зерттеушілік, 
дәлелдеушілік,  шығармашылық қабілеттерін  дамытады. 
Сабақта  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  стратегияларын 
пайдалана  отырып,  балалардың  ұсыныс-пікірлерін  еркін  айтқызып, 
ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызу 
қажет. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. 
Баланың  тереңде  жатқан  ойын  дамытып,  оларды  сөйлеуге,  дәлелдеуге 
үйретеді. 
XX  ғасырда  білім  берудің  мақсаттары  мен  міндеттері  өзгереді, 
өйткені  келешекте  мәліметтердің  жинақталуы  жүктеменің  оқушылардың 
шамасынан  тыс  болуына  әкеледі  және  оқытушының  міндеті  білімді 
көбейту  емес,  осы  білімдерін  өз  бетімен  алуға  мүмкіндік  беретіндей 
құралмен қамтамасыз ету. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет