Технологиялар



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/9
Дата28.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


 
І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК 
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
А.Қ. БЕКБОЛҒАНОВА 
 
 
 
 
 
 
ЖАҢА  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ   
ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
 
 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТАЛДЫҚОРҒАН 
2013 


 
 
УДК 378 
ББК 74.58 
Б39  
 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университетінің  оқу-
әдістемелік  Кеңесі ұсынған ( 2013 жыл, № 5 хаттамасы ) 
 
 
 
 
 
Пікір жазғандар: 
Баймұханов  Б.Б.Ұлттық  ақпараттандыру  орталығында  жетекші 
ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Есенғабылов  І.Ж.  І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік 
университетінің  доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты 
 
 
 
Б39    Бекболганова А.Қ. 
Жаңа педагогикалық технологиялар: оқу құралы. 
/ А.Қ. Бекболғанова. –Талдықорған: І.Жансүгіров атындағы ЖМУ,   
2013. 121 б. 
 
 
 
Бұл  оқу  құралда  жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгерудің 
міндеттері,  жолдары,  қолданудың  әдіс  -  тәсілдері  сонымнен  қатар 
педагогикалық  технологияның  түрлері  оны    оқу-  үдерісінде  қолданудың 
тиімділігі  қарастырылады.  Үздіксіз  жаңалық  енгізу  білім  беру 
мекемелерінің  ең басты факторы болып отыр.  
Ұсынылып  отырған  оқу  құралы  ЖОО,  арнайы  орта  оқу 
орындарының  оқытушыларына,  магистранттарға  және  педагогикалық 
мамандықтарда  оқитын  білімгерлерге  арналған,  сонымен  бірге оқытудың 
сапасын арттыру үшін оқу үрдісінде пайдалануға болады. 
 
 
 
 
УДК 378 
ББК 74.58 
 
 
©
 А.Қ.Бекболғанова2013 
©
 «Жетісу университеті» баспа бөлімі,  Талдықорған, 2013 


 
КІРІСПЕ 
 
Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі 
білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз  
ететін  қаржы  қорлары  мен  материалдық  обьектілерден,  ғылыми 
орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық 
тәсіл  білім  беру  жүйесінің  кез-келген  саласында  (басқару,  білім  беру, 
қаржыландыру, мониторинг және т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім 
беру  технологиясы»  деген  сөз  тіркесін  бірыңғай  түсіндіру  мүмкін  емес. 
Көптеген  авторлар  бұл  жағдайды  интуиция  деңгейінде  түсінеді  де,  бұл 
ұғымды  тек  қана  оқытушы  мен  білім  алушы  арасындағы  арнайы 
ұйымдастырылған  үдерістерге  ғана  қатысты  қолданады. Егер бұл үрдісті 
оқыту  үдерісі  деп  атайтын  болсақ,  онда  оған  технологияның  осы  салаға 
арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы 
түрі.  
«Технология» ұғымы соңғы кездері  педагогикалық әдебиеттегі ең көп 
қолданылатын  ұғымдардың  біріне  айналды.  Технология  ұғымының 
дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, 
педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, 
қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, 
модульдік  технология,  топтық  оқыту  технологиясы  және  т.б.  Бұл 
технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан 
да  әрбір  автор  «технология  дегеніміз  не?»  -  деген  сұраққа  немесе 
технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. 
Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің 
технологиясына түсіндіретін жалпы анықтама жоқ. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет 
жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім 
мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына 
жаңа міндеттер қойды. 
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға 
қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал 
және  түрлерінің  жүйесі  болып  табылады.  Педагогикалық  технология  үш 
аспектіде қаралады: ғылыми, процессуалды – сипаттамалы, процессуалды – 
әрекеттік.  Осындағы  жолмен  педагогикалық  технология оқытудың тиімді 
жолдарын  зерттеуші  ғылым  ретінде,  принциптер  мен  зерттеуші  қызметін 
атқарады.  
Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен 
өнім шығаруға керекті жүйелі үрдіс. Кез келген технологияның (өндірістік, 
әлеуметтік)  негізгі  бөлігі  -  түпкі  нәтижені  мұқият  анықтау  және  оған 
жету.Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп. 
Біріншіден,  технологияда  түпкі  нәтиже  дәл  анықталады.  Дәстүрлі 
педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат 
негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар. 


 
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету 
үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі. 
Үшіншіден,  оқытушы  дайындықсыз  оқыту  үрдісін  жүзеге  асыра 
алмайды. 
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары  - оқытушының жоспары 
болып  табылады,  себебі  оқыту  үрдісінде  жұмыс  істейтін  оқытушы.  Ал 
технологияда  білім  алушылардың  оқу  іс-әрекетінің  түрлері және мазмұны 
көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр оқытушы сабақ жоспарын 
өзінше  жасайды,  демек  сабақта  білім  алушылардың  іс-әрекеті  де  түрліше 
ұйымдастырылады. 
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі білім алушыны оқыта 
отырып,  оның  еркіндігін,  белсенділігін  қалыптастыру,  өз  бетінше  шешім 
қабылдауға  дағдыландыру.  Педагогикалық  технология  –  педагогикалық 
іскерліктердің  жетістігіне  жеткізетін  ғылыми  жобалау  және  нақты  өндіру. 
Сонымен  педагогикалық  үрдіс  белгілі  жүйе  принциптерінде  құрылатын 
болғандықтан, педагогикалық техналогия сыртқы және ішкі болып бөлінеді. 
Осы  принциптерді  жалғастырмалы  орындау  оларға  объективті  қарым–
қатынастарында және педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде 
қалыптастырылады. Педагогикалық технологияны жақсы меңгеру дегеніміздің 
өзі – шеберлік. 
Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой - өрісінің шыңдалуын, жеке 
тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің 
«Бала балқытылған алтын», - деген қанатты сөзді еске түсіреді. 
Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі 
керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны 
өсіру  керек.  Жас  ұрпақтың  бойындағы  қабілетін  көру,оны  жетілдіру 
ізденгіштік  қасиетін  дамыту  оқытушының  сабақ  берудегі  ізденушілік, 
шеберлік  қаблеттеріне  байланысты  болады.  Ж.Аймауытов  «сабақ  беру 
үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген, 
яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау 
дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі 
қажет. 
Жастарды  қызықтыра  тәрбиелеп  басқару  білім  алушының  білімге, 
ғылымға  деген  құлшынысын  күшейтеді,  өркендеуіне  өте  қажет 
шығармашылық  қасиеттерін  ашады.  Білімнің  сапалы  болуы  тікелей 
оқытушыға,  оның  білім  дәрежесі  мен  іздену  шеберлігіне  байланысты. 
Педагогикалық технология дегеніміз – оқытушының өзін – өзі ұстай білуі, 
байқағыштығы,  алғырлығы,  сөзге  шешендігі.  Педагогикалық  технология 
ақпаратты  өңдеу,  сақтау,  беру  әдістері  мен  құралдарының  табыстарына 
байланысты  дамудың  барлық  мүмкіндіктеріне  ие  бола  алатын  әлеуметтік 
технологияның маңызды компоненті болып табылады. Сонымен, технология 
деп  белгіленген  мақсатты  тиімді  орындау  үшін  материалды  түрлендіру 
үрдістері мен әдістерінің жиынтығын, кешеді бірлігін айтуға болады. 
 


 
1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ЖАҢА 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУ 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеті  -  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар, 
ғылым  мен  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және 
кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау; 
оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. 
Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  әр  оқытушының  күнделікті  ізденісі 
арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  қайта  құру,  өзгерістерге  батыл  жол 
ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды. 
Сондықтан  да,  әр  оқытушы  өз  әрекетінде  қажетті  өзгерістерді,  әр  түрлі 
тәжірибелер  жөніндегі  мағлұматтарды,  жаңа  әдіс  тәсілдерді  кезінде 
қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.  
Осыған  орай,  соңғы  кезде  оқытудың  әр  түрлі  педагогикалық 
технологиялары жасалып, білім беру үрдісіне енгізіліп отыр. 
Ал,  жаңа  педагогикалық  технологиялар  оқушының  шығармашылық 
қаблеттерін арттыруға өз үлесін қосады.  
Жаңа  технологияны  қолдану  төмендегідей  кезеңдер  арқылы  іске 
асады. 
I  кезең - оқып үйрену; 
II кезең - меңгеру; 
III кезең - өмірге ендіру; 
IV  кезең - дамыту. 
Жаңа  технологиямен  жұмыс  істеу  үшін  төмендегідей  алғы  шарттар 
қажет:  оқу  үрдісін  қарқынды  жүргізуді  жаппай  қолға  алу;  білім 
алушылардың 
сабақтастылығын 
болдырмау 
шараларын 
кешенді 
қарастыру.  Оның  ғылыми  -  әдістемелік,  оқыту  -  әдістемелік 
ұйымдастырушылық  себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа 
буын 
оқулықтарының 
мазмұнын 
зерттеп 
білу, 
пәндік 
білім 
стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру тенологиясын игеру 
арқылы білім алушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге 
қол  жеткізу,  оқыту  үрдісін  ізгілендіруді  үнемі  басшылыққа  алу,  өйткені 
оқыту - тәрбиенің негізі болып табылады. 
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда. 
• қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру 
түрлерін технология дейді. 
•  нақты  педагогикалық  жүйені  технология  дейді.  (В.В.Давыдов 
технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.) 
•  қасиеттері  белгілі  өнім  алу  үшін  қолданылатын  әдіс  -  тәсілдердің 
жиынтығы және жүйесі технология деп аталады. 
Технологияның бірінші  анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық 
енгізбейді.  Екінші  анықтамада  бір  сөз  екінші  сөзбен  алмастырылған. 


 
Бұрын  В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков т.б. әдістемесі десе, қазір 
технологиясы дейді. 
Оқыту технологиясының ерекшеліктері: 
•  түрлі  құралдар  арқылы  оқушылардың  білім,  іскерліктерін  жиі 
тексеру. 
• үлгермеушілерді анықтау және іріктеу. 
• олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы 
жұмыстардан кейін білім алушылардың білім, іскерліктерін  тағы тексеру. 
• білім алушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу 
және анықтау. 
Оқыту үрдісіндегі технологиялық үрдіс: 
1.  Диогностикалық  құралдар  арқылы  білім  алушылардың  білімін, 
біліктіліктілігін және дағдыларын анықтап, содан кейін оларды білімдеріне 
қарай саралап оқытамыз. 
2.  Оқу  материалын  меңгерту  және  бекіту үшін танымдық іс-әрекетті 
ұйымдастыру. 
Бұл  бөлік  педагогикада  жақсы  зерттелген,  оған  бұрын  жасалған 
алуан  түрлі  оқыту  әдістемелері  кіреді.  Бүгінгі  танда  білім  беру  үрдісінде 
дәстүрлі  Л.В.Занков  және  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдов  әдістемелері 
қолданылады. 
Егер  әдістемелерде  білім  алушылардың  білімді  меңгеріп,  бекітуі 
үшін  білім  алушылардың  танымдық  іс  -  әрекетін  ұйымдастыруға  баса 
назар  аударылса,  технологияда  танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыру  және 
оның  нәтижесін тексеру қатар жүреді. Бұлар өзара байланысты. Олардың 
біреуіне  жете көңіл бөлмеу, педагогикалық жүйені бұзады.  
Педагогикалық  технология    білім  сапасын  тексеруді  жеке  алып 
қарауға,  оны  жан-жақты  зерттеуге  мүмкіндік  береді.  Білім  алушылар 
материалды  қаншалықты  деңгейде  меңгергені  анықталып,  атқарылатын 
жұмыстар  белгіленеді.  Оқытушы  оқу материалын бекіте алады, бірақ оны 
меңгермеген жеке білім алушылармен оқу жұмыстары ұйымдастырылады. 
Ал  оқу  материалын  білім  алушылардың  көбі  меңгермесе,  онда  өткен 
материалды  бекітумен  қатар  оны  меңгермеу  себептері  анықталады.  Ол 
үшін  диагностикалық  құралдар  (тест,  бақылау  жұмыстары,  сұхбат, 
әңгімелесу) қолданылады. 
Сонымен технология әдістемеден өзге, себебі ол білім алушылардың 
материалды  меңгеру  іс-әрекетін  басқарады,  олардың  үлгермеу себептерін 
анықтауға  ерекше  назар  аударады.  Технологияға  білімді  сапалы  түрде 
меңгеру  үрдісін  басқару  және  білім  сапасын  тексеру  блоктары,  кері 
байланыс жүйесі енеді. Кері байланысты мұқият түрде жан - жақты жасау 
керек. Ең бастысы, оқу материалын білім алушының меңгеруі. Педагогика 
ғылымында білім сапасы бірінші орынға шығады. Оны көтеру педагогика 
мен психология ғылымдары алдында тұрған маңызды міндет. 
Педагогикалық  технологияда  алғаш  рет  анықтама  берген 
ғалымдардың  бірі  –  орыс  ғалымы  В.П.Беспалько.  Ол  «педагогикалық 


 
технологияны  тәжірибеде  іске  асатын  нақты  педагогикалық  жүйе,  жоба» 
деп көрсеткен. 
Б.Т.Лихачев  «Педагогикалық  технологияны  оқу  үрдісіне  белгілі  бір 
мақсат  көздей  отырып  әсер  ететін  педагогикалық  нәтижеге  жетелейтін 
бірліктердің 
жүйесі» 
ретінде 
көрсетеді, 
оның 
үнемі 
өзгеріп 
отыратындығын айтады. 
Қазақстандағы  Ж.А.  Қараевтың,  Ә.Жүнісбектің  және  тағы  басқа 
ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында 
«Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа 
технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық 
ғаламдық  қатынастық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен.  Қазіргі 
ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі  құралы болып ақпараттық 
ресурстардың  қажеттілігі  көрінеді.  Сондықтан білім беру саласы да өзінің 
дамуы  үшін  жаңа  қадамдарға  баруда.  Осыған  байланысты  адамға 
ақпараттар  кеңістігінде  дұрыс  бағытты  таңдауға  мүмкіндік  жасай  алатын 
оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. 
Жаңа  технология  –  педагогтың  мүмкіндігін  күшейтетін құрал, бірақ 
ол оқытушыны алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология 
мен  дидактика  тұрғысынан  талданып,  керек  кезінде  педагогикалық 
талаптарға сай қолданылуы керек. 
Жаңа  ақпараттық  технологиямен  орындалатын  қызмет  өзінің  кез 
келген  нақты  формасында  тиімдірек  орындалады,  адам  өркениетті  бола 
бастайды. 
Жаңа  технологияны  бәсекеге  қабілетті  ұлттық  білім  беру  жүйесін 
дамытуға  және  оның  мүмкіндіктерін  әлемдік  білім  ортасына  енуіндегі 
сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. 
Оқушылардың  жаңа  технологиялар  көмегімен  қалыптасатын  және 
жүзеге  асырылатын  ойлау  қабілеті  бұрынғы  технологиялар  арқылы 
берілетін  ойлау  жүйесінен  өзгеше  болатындықтан,  тек  ойлау  қабілеті 
түсінігі  ғана  емес,  жаңа  жағдайда  психикалық  функциялардың  басқа 
жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және 
педагогикалық  технологиялар  жасау  саласында,  білім  парадигмасын 
құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Компьютерлік 
техниканың  дидактикалық  мүмкіндіктерін  педагогикалық  мақсаттарға 
қолдану,  білім  мазмұнын  анықтауда,  оқыту  формалары  мен  әдістерін 
жетілдіруде  жақсы әсерін тигізеді. 
Кез-келген білім беру технологиясы мынадай әрекеттерден тұрады: 
- мақсатқа бағытталған; 
- сүйенетін ғылыми идеялар; 
- оқытушы мен білім алушы іс-әрекетінің  жүйесі; 
- нәтижені бағалау өлшемдері; 
- нәтижелер; 
-  қолдану барысындағы шектеулер. 


 
Т.Шамованың классификациясы бойынша жеке тұлғаға бағытталған 
білім  беру  технологиялары  негізінен  3  топқа  бөлінеді:  «Дәстүрлі  мектеп 
технологиясы»  -  ББД  (білім,  білік,  дағдыға)  бағытталған  технологиялар; 
«Дамыту 
мектебі 
технологиясы» 

құзіреттілікке 
бағытталған 
технологиялар;  «Әлеуметтік  мектеп  технологиясы»  -  әлеуметтік 
технологиялар. 
Қазіргі  таңда  оқыту  үрдісінде  жеке  тұлғаға  бағдарланған  төмендегі 
білім  беру технологиялары жиі қолданылады: 
- В.Шаталовтың тірек белгілері  негізіндегі  оқыту технологиясы; 

П.Эрдниевтің 
дидактикалық 
бірліктерді 
шоғырландыру 
технологиясы; 
- Ш.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық  технологиясы; 
-  Л.Заньковтың  және  Д.Эльконин,  В.Давыдовтың  дамыта  оқыту 
технологиясы; 
- Монаховтың оқыту үрдісін жобалау технологиясы; 
- М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы; 
- Ж.Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы; 
- Г.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы, т.б. 
Жаңа  технологиялардың  педагогикалық  негізі  қағидалары:  білім 
алушыға  ізгілік  тұрғысынан  қарау;  оқыту  мен  тәрбиенің  бірлігі;  білім 
алушының  танымдық  күшін  қалыптастыру  және дамыту; білім алушының 
өз  бетімен  әрекеттену  әдістерін  меңгерту;  білім  алушының  танымдылық 
және  шығармашылық  икемділігін  дамыту;  әр  білім  алушының  оның 
қабілеті  мен  мүмкіндік  деңгейіне  орай  оқыту;  барлық  білім  алушылардың 
дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін білім алушының сезінуі. 
Жас  ұрпаққа  білім  -  тәрбие  беретін  ұстаздары  қандай  болуы  керек 
және  олардың  еңбегі  қалай  өлшену  керек  дегенді  ой  елегінен  өткізіп 
көрелік. 
Біріншіден,  ұстаздың  ары  таза,  адал,  әдепті,  инабатты,  сыпайы, 
парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім. 
Екіншіден,  ұстаздың  ой  -  өрісі  кең,  жан  -  жақты  білімді,  өз 
мамандығына  сай,  өз  ойын  шәкірттеріне  анық,  тұжырымды,  дәл  айтып 
түсіндіре білуі  шарт. 
Үшіншіден,  ұстаз  өз  оқушыларына  беделді,  ұжым  арасында  сыйлы 
болуы  тиіс.  Әрдайым  оқушылармен  әдептілік қарым - қатынаста болғаны 
жөн. 
Төртіншіден,  ұстаз  теорияны  өмірмен  байланыстырып,  ғылым  мен 
тәжірибені  әрдайым  өзі  беретін  күнделікті  сабағына  кеңінен  пайдалану 
қажет. 
Бесіншіден,  ұстаз  үнемі  өз  бетімен  оқып,  педагогика,  әдістеме 
жаңалықтарымен танысып, өзінің ой - өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып 
отыру керек. 


 
Осы қағидаларды әрбір ұстаз тұрақты ұсынып отырса, ұстаздың күш 
–қуаты,  көңіл  күйі  әрдайым  жоғары  болады  да  сабақ  беру  сапасы  арта 
түседі, еңбегі жанады.  
Инновациялық  оқыту  дәстүрлі  дидактикамен  қатарласа жүргенімен, 
оның  өзіндік  айырмашылықтарымен  өзгешеліктеріне  мән  беруге  тура 
келеді.  Мәселен,  оқытудағы  ұстаным  білім  беру  үрдісіндегі  оқыту 
бағдаламасында  көрсетілген  нұсқауды  орындап,  ондағы  мағлұматтарды 
беру,  оны  қайталап  пысықтап  менгерту  болса,  инновациялық  оқытудағы 
мақсат  -  іс-әрекет  барысында  оқушының  қабілетін  оятып,  түрлі  жағдай 
жасау 
арқылы 
олардың 
өзінше 
әрекеттенуіне 
бағдар 
беріп, 
шығармашылыққа талпындыру.  
Нақты  айтқанда,  білім  алушыға  үнемі  жол  сілтемей,  өзінше 
әрекеттене алуына бейімдеу. 
Мұның  нәтижелік  көрсеткіші  сол:  білім  алушының  білімді,  берілген 
мағлұматты жәй ғана, бір сәттік тұрғыда қабылдап қана қоймай, саналы да 
тиянақты игеруіне ықпал ету. 
Білім  сапасын  және  пәрменділігін  арттыру  мәселесі  оқу  үрдісіне 
оқытудың  жаңа  технологияларын  тереңдете  ендіру  жолымен  шешіле 
алатындығы  сөзсіз  және  бұл  ретте  тұтас  алғанда  білім  берудің  сапасы 
мүлде  көтеріліп,  жеке  тұлғаны  шығармашылықты  тұрғыда  дамытудың 
жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі. 
Педагогикалық  теориямен  жеткілікті  түрде  меңгерген  ұстаздың  іс-
әрекеті  тиімді  болатыны әркезден-ақ мәлім. Ендеше оқыту технологиясын 
оқу  үрдісіне  енгізу  білім  сапасын  қажетті  деңгейде  меңгеруді  және  оны 
басқаруды қамтамасыз етеді. 
Оқытуды  және  педагогикалық  қызметті  "технологияландыру" 
талпыныстары  XX  ғасырдың  басында  -  ақ  пайда  болған,  бірақ 
педагогикалық  ғылымда  оқыту  технологияларын  жобалау  мен  енгізудің 
ғылыми  қадамдары  80  -  90  жылдары  ғана  жасалып,  олардың 
пәрменділігінің  критерийлері анықталды. 
Қазіргі  күннің  өзінде  де  үлкен  педагогикалық  және  экономикалық 
мүмкіндіктерге  ие  бола  тұра,  оқытудың  жаңа  технологияларының  оқу 
үрдісіне ендірілу  қарқыны жеткілікті  деңгейде емес. 
Бұны  түсіндірудің  бірнеше  себептері  бар.  Мысалы,  оқу  орнында 
жаңа  педагогикалық  технологияларды  ендіруге  қажетті  педагогикалық, 
әдістемелік  шарттарының  болмауы,  оқытушылардың  технологиялық 
әрекетінің 
жеткіліксіз 
мотивациялануы 
мен 
ынталандырылуы, 
оқытушылар  мен  оқу  орындары  басшыларының  кәсіби  әрекетке  өзгеріс 
енгізуге құлықсыздығы, т.б. 
Ең  алдымен  оның  себебін  оқытушылардың  жаңа  педагогикалық 
технологияларға  қатынасы  айқын  бейнеленген  жағымды  мотивация  мен 
саналылықтың  жеткілікті  жоғары  деңгейі  арқылы  сипатталғанымен, 
олардың  технологияларды  жобалау  мен  оны  ендіруге  дайын  еместігінен, 

10 
 
яғни  әлсіз  теориялық,  психологиялық  –  педагогикалық  технологияларды 
оқу үрдісіне ендіру белгілі-бір  шарттарды қажет етеді.  
Олар: 

оқытушының  оқу  үрдісін  жаңа  технологиялар  негізінде 
ұйымдастыруына құзырлылығының жеткілікті деңгейі; 
-  оқыту  субъектілерінің  (оқытушы  мен  білім  алушы)  жаңа 
технологияларды  қолдануға  дайындығы,  жағымды  психологиялық  -
педагогикалық ахуал; 
- оқытудың жаңа технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін 
оқу - әдістемелік, дидактикалық базаның болуы; 
-  оқу  бағдарламасының  қамтамасыз  етілуінде  жаңа  мақсаттар  мен 
қоғам талабына сай түзетілуі және ақпараттандырылуы. 
Білім  сапасы  оқытушының  шеберлігіне  байланысты.  Оқытушының 
шеберлігі  қойылған  педагогикалық  мақсатқа  және  бағдарламаға  сай 
қажетті  мазмұнды  таңдап  алуда  және  де  тиімді  әдістер  мен  құралдарды 
пайдалана білуінде  болып табылады.  
Оқытушының 
педагогикалық 
қызметін 
технологияландыру 
педагогикалық технологиялардың белгілері туралы біліммен, оқытушының 
шеберлігіне  қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді. 
Олар: 
-  оқытушының  оқытудың  жаңа  технологияларына  бетбұруы  және 
ынта қоюы; 
- қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы; 
-  басты  бір  мақсатқа  немесе  мақсаттар  жиынтығына  бағытталған 
технологияларды таңдауы; 
- жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы; 
- мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті; 
- іс-әрекетін  ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі; 
-  өз  тәжірибесін  рефлексия  арқылы  меңгеру,  оны  технологиялық 
түрде көрсету; 
-  технологияның  ескіруін  көре  білу,  оны  қайта  құру,  өңдеу 
дағдысының болуы. 
Оқыту  технологияларының  қайсысын  болмасын  пайдалану жеңіл іс 
емес, 
ол 
оқытушыдан 
білімділікті, 
іскерлікті, 
еңбекқорлықты, 
шығармашылықты,  құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты 
қажет етеді.  
Жаңа  технологияларды  енгізу  кезінде  оқытушының  технологиялық 
құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін оның білуі керек: 
- жаңа технологиялар көмегімен шешілетін  мәселелерді; 
- жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді; 
- жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін; 
- жаңа технологияда оқытушы қолданатын әдіс-тәсілдерді; 
- білім  алушылардың жұмыс әдісін; 

11 
 
-  білім  алушылардың  жаңа  технологияда  жұмыс  істеуге  үйрету 
әдісін; 

қандай  да  бір  технология  үшін  оқу  бағдарламасының 
түрлендірілген нұсқаларын құрастыруды; 
- күнтізбелік - тақырыптық жоспарлауды; 
- әр сабақты сауатты жоспарлауды; 
- оқу моделін құрастыруды; 

білім  алушылардың  өзіндік  жұмыстары  үшін  таратпалы 
материалдарды дайындауды; 
- білім  алушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды; 
- білім  алушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау; 
- тестілік  бақылау тапсырмаларын дайындау; 
- компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау;  
Оқытушы дұрыс ұйымдастыруы қажет: 
-  жаңа  технологияда пайдаланатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді 
қолдануды; 
- түрлі типтегі сабақтарды өткізуді; 
-  өткізілген  сабақтарға  талдау  жасау,  жіберілген  кемшіліктердің 
себептерін анықтауды; 
-  жаңа  технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін  білім 
алушыларға үйретуді; 
-  педагогикалық  диагностиканың  қарапайым  әдістерін  қолдана 
отырып, жаңа технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды. 
Педагогикалық  қызметті  осылайша  ұйымдастыру  - жаңаша оқытуға 
жеткізетін  жол. 
Оқу үрдісін "технологиялауда" оқыту субъектілерінің, яғни оқытушы 
мен  білім  алушылардың  дайындығының  психологиялық  аспектілері  де 
маңызды рөл атқарады. 
С.И.Годник  зерттеулері  көрсеткендей, жеке тұлға жаңа жағдайларға 
бейімделуде,  жеке  және  кәсіби сапаларды жүзеге асыруда, әрекеттің жаңа 
тәсілдеріне  ие болуға байланысты қиындықтарды сезінуі мүмкін. 
Жаңалықты  меңгеруге  бүкіл  ұжым  құлшыныспен  кіріседі  деп 
үміттенуге  болмайды,  оқытушылардың  бұған  деген  іс  -  әрекеттерінде 
үлкен айырмашылық болады. 
Социологтардың  мәліметтері  бойынша  педагогтердің  тең  жартысы 
инновациялық  әрекетке  бірден  енуге  дайын,  ал  қалған  жартысы 
сенімсіздік, ұстамдылық, тіпті кей жағдайда өшпенділік те білдіруі  мүмкін. 
Оқу орнында технологияны ендіруге жағдай жасайтын ұйымдастыру 
жағдайлары  туралы  айтқанда  жағымды  ахуал,  материалдық  және 
техникалық  құралдар,  технологиялау  үрдісіне  әдістемелік  қолдау,  талап 
және  оқытушылар  іс  -  әрекетін  бағалау,  оқытушылардың  кәсіби  әрекетін 
технологиялау  туралы  білімдерін  тереңдету  мақсатында  біліктілігін 
көтеруге  мүмкіндік  беру  (қайта  даярлау  курстары,  түрлі  ақпараттық 
ресурстарды  пайдалануға  қол  жеткізу)  сөз  болады,  яғни  оқу  орны 

12 
 
әкімшілігін  педагогикалық  ұжым  мен  оқытушы  жұмысына  жаңа 
педагогикалық технологияларды ендіру мәселесі бойынша жұмыс жасауға 
үйретіп, ол жұмыстарды мына жеке бағыттарда ұйымдастыруға болады: 
-  өз  тәжірибесінде  жұмыстың  инновациялық  түрлерін  қолданып 
жүрген  тәжірибелі  оқытушылармен  жұмыс  жасау,  яғни  өз  жұмысына 
қандай да бір технологияны кезеңмен ендіріп, нәтижесін ұжым талқысына 
шығарып,  сол  арқылы  әріптестерінде жаңашылдық үрдісіне ену, олардың 
іс - әрекетін қайталау  тілектерін  туғызу: 
-  әрқайсысына  тәжірибелі  тәлімгерлер  бекітілген  жас  мамандармен 
жұмыс жасау;  
-  туындаған  сұрақтарына  жауап  беріп,  сабақтарына  қатысып, 
әдістемелік  көмек,  ақыл  -  кеңес,  беретін  тәжірибелі  әріптеспен  мұндай 
жұмыс әрқашан нәтиже береді; 
-  өз  жұмысына  өзгеріс  енгізуге  тілек  білдірмеген  оқытушылармен 
жұмыс. Олар үшін технологияны тұтас алғанда және әрбір элементін жеке 
қолданудың тиімділігіне  баса назар аударта отырып ашық сабақтар өткізу. 
Жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолданысқа  енгізуде  оқу  - 
тәрбие үрдісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау 
- жұмыс сапасының негізі болып табылады.  
Осы орайда:  
-  ең  әуелі  білім  ордасына  керегі  білімді,  педагогикадан,  әдістемеден 
хабардар, жақсы білім беретін оқытушы; 
- оқыту ісіне керекті құралдардың қолайлы болуы;  
-  мектепке  керегі  белгіленген  программа,  -  деген  ағартушы  -  ғалым 
А.Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқаймыз. 
Оқу  үрдісіне  жаңа  педагогикалық  технологияларды  ендіруді жүзеге 
асыруда төмендегі жайттарды ұмытпау керек: 
1.  Ең  алдымен  оқу  орнының  үрдісін  технологияландыруда  таңдап 
алынған мәселенің жағдайын тереңдеп зерттеу: 
-  бітірушілердің  біліктілік  сипаттамасы  негізінде  білім  алушылардың 
кәсіби әрекетке дайындық деңгейін терең талдау; 
-  курстық,  дипломдық  жұмыстарына  және  мемлекеттік  емтихандар 
қорытындыларына талдау жүргізу; 
-  бітірушілердің  даярлық  деңгейіне  біліктілік,  мөлшерлік  талаптарды 
зерттеу және талдау; 

оқу  орнының  нақты  мамандық  бойынша  білім  беру 
бағдарламаларына  (оқу  жоспарына,  оқу  бағдарламаларына),  олардың 
біліктілік,  мөлшерлік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жасау: 
-  сараптамалық  мінездеме  талаптарының  сабақтардың  мазмұнында, 
өндірістік  тәжірибе  жинақтаудың  барлық  түрлерінің  мазмұнында, 
қорытынды  мемлекеттік  аттестациялау  сұрақтары  мен  тапсырмаларында 
көрініс табуы; 

13 
 
-  осы  талаптардың  оқу  пәндері  мен  тәжірибе  жинақтаудың  түрлері 
арасында  бөлінуі  (кәсіби әрекетке даярлықты қамтамасыз етуге ұжымдық 
жауапкершіліктің  бөлінуі); 
-  білім  алушыларды  кәсіби  әрекетке  дайындаудың  әдістемелік  және 
оқу-материалдық тұрғыда қамтамасыз етілуіне талдау жасау. 
2. Ендірілетін  технологияның теориясы мен әдістемесін зерттеу: 
-  жаңа  педагогикалық  технологиялар  бойынша  әдебиеттерді талдау, 
бұл  ұсынынатын  әдебиеттер  бойынша  ақпараттық  тізімдерді  жасауды, 
әдебиеттерді  жинақтауды,  түрлі  көрмелер  ұйымдастырып,  оқытушылар 
біліктілігін  арттыру  жүйесінде  (әдістемелік  сағаттар,  озық  тәжірибе 
мектебі, мәселелік семинарлар, т.б.) талдауды қажет етеді; 
- басқа оқу орыдарының, салалық құрылымдардың оқу үрдісіне жаңа 
технологияларды  ендіру  тәжірибесімен  танысу  (журнал  мақалалары, 
ғылыми еңбектер жинақтары, басқа оқу орындарының жұмысын бақылау, 
т.б.); 

берілген  бағыттағы  өз  тәжірибесін  оқу  орындарының 
мәжілістерінде  талдау және талқылау; 
-  жаңа  педагогакалық  технологияларды  оқу үрдісіне енгізуге шешім 
қабылдап, педагогикалық ұжым алдында перспективаға мақсат - міндеттер 
қоя  отырып,  педагогикалық  кеңесте  жаңашылдықтың  мәнін  түсіндіріп, 
оны жүзеге асыру жолдарын жобалау; 
- тәжірибелік  - эксперименттік жұмыстың жоспарын құрастыру. 
3. Тәжірибелік - экспериментік жұмыстарды ұйымдастыру.  
Жаңа  педагогикалық  технологияларды  меңгеруге  оқытушыларды 
жалпы  ынталаңдырумен  қатар  оқу  орнында  тәжірибелі,  белсенді, 
бастамашыл,  ендірілетін  технологияның  мәні мен мазмұнын түсінген 8-12 
оқытушылардан тұратын тәжірибелік-эксперименттік топ құрған жөн.  
Оларға  барлық  оқытушыларға  жаңа  технологияны  меңгеруге көмек 
көрсету  қызметі,  өз  тәжірибесін  демонстрациялау  және  талдау  жасау, 
нәтижелерін эксперименттік түрде тексеру міндеттері жүктеледі.  
Сонымен  бірге  оларға  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламаларын 
қайта  жасау,  толықтырулар  енгізуді  қамтитын  жаңа  технологияның 
ғылыми  -  әдістемеліктің  қамтамасыз  етілуіне  оқытушылардың  көмектесу 
міндеті  де қойылады. 
Тәжірибенің  мақсаты  -  қолданылып  отырған  технологияның 
тиімділігін  мұқият  тексеріп,  оны  жүзеге  асырудың  ғылыми  -  әдістемелік 
базасын  жасап,  өз  тәжірибесіне  және оқыту технологиясының теориялық 
негіздеріне  сүйене  отырып,  инновацияны  насихаттаудың  негіздемесін 
дайындау.  
Оқытушылардың эксперименттік тобы жаңа технологияны ендірудің 
жалпы  жоспарына  сай  келетін  өз  жоспарларымен  жұмыс  жасайды. 
Тәжірибе  -  эксперименттік  жұмыстың  екінші  жылында  оған  қатысушы 
оқытушылардың  шеңбері  кеңейіп,  жаңа  технологияларды  жаппай  ендіру 
мәселесі қойылуы мүмкін. 

14 
 
4. Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу бағдарламалық 
базаны қамтамсыз ету.  
Нақты  бір  мамандықтар  бойынша  біліктілік  сипаттамасының 
талаптарына  жасалған  талдау  негізінде  оқу  бағдарламаларына  түзетулер, 
толықтырулар  енгізу  (теориялық  және  тәжірибелік  сабақтардың  ара-
қатынасын  қайта  қарау,  тандау  пәні,  білім  алушылардың  таңдау  пәндері 
есебінен әрекетті  -бағдарлы пәндер көлемін арттыру). 
5.  Жаңа  педагогикалық  технологияларды  ендірудің  материалдық-
техникалық базасын құру. 
Жаңа  педагогикалық  технологиялардың  қолдану  тиімділігін 
арттыруда  осы  көрсетілген  бағыттардың  қүрылымдық  мазмұнын  іске 
асыру, сапалы жүргізу нәтижелікке бағдарланған жұмыс болып табылады. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал