Технологиялары


Қызметкерлердің жобаға қатысу



Pdf көрінісі
бет18/57
Дата28.07.2023
өлшемі2,79 Mb.
#104886
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
Қызметкерлердің жобаға қатысу
қатынасы 
Табельдік 
номер 
Аты жөні 
лауазымы 
Жоба 
номері 
Жобаға 
енгізу 
кезеңі 
Жоба 
басталу 
жылы 
001 
Әбілмажинов 
Қуаныш 
программист 
К5017 2010 
2010 
002 
Камалиттенов 
Серик 
Мәліметтер 
базасы 
администраторы 
К5015 2012 
2012 
011 
Шотпанова 
Еркежан 
аналитик 
К5017 2011 
2010 
012 
Жумажанов 
Ернар 
Инженер-
жобалаушы 
К5015 2012 
2012 
013 
Калошин Роман программист 
К5015 2014 
2012 
011 
Шотпанова 
Еркежан 
аналитик 
К5015 2014 
2012 
1.
Жаңадан қосу аномалиясы (INSERT) 
Екінші кесте бойынша егерде жаңа қызметкерді жұмысқа алған 
жағдайда, ол әлі ешқандай жобаға қатыспаған жағдайда қосу аномалиясы 
пайда болады 
2. Жаңарту немесе модификациялау аномалиясы (UPDATE) 
Бірінші кесте бойынша басқа оқу орындарынан ауысқан студенттердің 
факультет атауы жаңа болғандықтан барлық студенттердің факультет 
атаулары бөлек бөлек. 


53 
Екінші кесте бойынша Шотпанова Еркежан 2 жобаға қатысады. Ол 
тұрмыс құрып күйеуге шықты, фамилиясын ауыстырды. Осы жерде жаңарту 
аномалиясы пайда болады. Оны жаңа фамилиясын барлық жерде ауыстыру 
керек. 
3.
Жою аномалиясы (DELETE) 
Екінші қатынас бойынша жоба біткен уақыты келгенде жоба туралы 
ақпараттарды жойған кезде, мысалы, К5017 жоба туралы ақпараттарды 
жойған кезде Әбілмажинов Қуаныш қызметкері туралы ақпарат мүлдем 
жойылып кету қауіпі бар. 
Мәліметтер тұтастығы дегеніміз – Мәліметтердің мазмұндық мәнін, 
дұрыстығын, шынайлылығын жоғалтпаулығын қамтитін қасиет. Мәліметтер 
тұтастығы шектеулер негізінде жүзеге асырылады. Тұтастықтың басты міндеті 
кез келген уақытта Мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету. Тұтастықты 
Мәліметтердің рұқсатсыз өзгеруінен немесе жойылуынан қорғау деп 
қарастырған жөн. 
Мәліметтердің семантикалық және сілтемелік тұтастық түрлері болады. 
Мәліметтердің семантикалық тұтастығы – жазба мәндерінің дұрыстығын 
қадағалайды. 
Семантикалық тұтастықтың
бірнеше түрлері бар: 
1)
Алғашқы кілт тұтастығы
. Тағайындалған бір немесе бірнеше 
атрибуттар мәні жазбалардың бірегейлігін қамтамасыз ету керек. 
2)
Мәндер диапазонына шектеу қою
. Жарамды мәндер алдын ала берілген 
диапазонда орналасады.
3)
Тізімнен таңдалған мәндер
. Атрибут мәні саналған болып табылады. 
Мәліметтерді қосу немесе түзету үшін тізімнен белгілі біреуін таңдау қажет, 
алайда меншікті мәнін қоюға тыйым салынады.
4)
Пішін немесе форматтық шектеу
. Атрибутқа тағайындаған типке 
сәйкес мәндер ғана енгізіледі. Ол атрибутқа қатысатын мәліметтер типімен 
байланысқандықтан бұл шектеу басқаларға қарағанда жиірек қолданылады.
5)
Бос мәніне немесе алғашқы кілт мәніне қойылатын шарт
. Толық емес 
немесе мәндер белгісіз жағдайда қолданылатын шектеулер (Null-значения). 
Реляциялық Мәліметтер жүйесіндегі 
сілтемелік тұтастық – байланысқан 
кестелер арасындағы келісімділік.
Сілтемелік тұтыстық әдетте бастапқы кілт 
пен сыртқы кілтті үйлестіру жолы арқылы жасалады.
Сілтемелік тұтастықта тәжірибеде көп жағдайда екі стратегия кең 
қолданылады: шектеу стратегиясы және каскадты стратегия, ал әлдеқайда аз – 
әдепкі мәндерді орнату, анықталмаған мәндерді орнату стратегиялары.
1)
Шектеу 
Restrict
стратегиясында өзгертулер жасалуына тыйым салынады 
2)
Set Null
стратегиясы анықталмаған мәндерді орнатуды қажет етеді. 
Шектеу стратегиясында транзакцияларға тыйым салады, яғни олардың 
орындалуы сілтемелік тұтастықты бұзуға әкелуі мүмкін. Айта кететін жайт, бұл 
стратегия реализациялауда өте жеңіл болып табылады. Оны іске асыру 


54 
шеңберінде тек кортеждің байланысуының активті болуын анықтау қажет. 
Активті кортеж деп транзакция жүргізілетін кортежді түсінеміз.
3)
Каскадты 
Cascade
стратегиясында барлық байланысқан кестелерде 
өзгерістер жүргізіледі. 
4)
Сілтемелік тұтастықта әдепкі параметрды (по умолчанию) қолдау үшін 
No action
немесе 
set default
стратегиясы да қолданылады. Мұнда қажет 
операция орындалады, бірақ пайда болған сыртқы кілттің қате мәндері әдепкі 
параметр үшін қойылған мәнге өзгертіледі.
5)
Ignore
стратегиясында тұтастыққа деген барлық жауапкершілік 
пайдаланушыға қойылады. 
Транзакция негізінде мәліметтер базасының бүтіндігін қамтамасыз ету. 
Транзакция 
(
Ағылш. 
Transaction
, келісім) − тек қана толығымен жасала алатын, 
мағыналы, минималды түрде логикалық тұрғыдан ойластырылған операциялар 
(амалдар) тізбегі. Еске сала кетейік, мәліметтердің тұтастығы, бүтіндігі деп – 
олардың дұрыстығын, шынайылығын және де жүйе істен шыққан жағдайда өз 
дұрыс қалпыа келтіру мүмкіндігі.
Транзакция орындайтын командалар:
-
COMMIT (Begin Transaction, End Transaction) – транзакцияның сәтті 
аяқталуы 
-
RollBack – транзакцияны болдырмай кері қайтарылуы 
-
SavePoint- бақылау нүктесі 
Амалдар тізбегі:
-
Append – жаңа жазба қосу 
-
Update – жазбаны жаңарту 
-
Delete – жазбаны жою 
-
Edit – жазбаны түзету 
-
Select – жазбаны таңдау. 
Сурет 5.5 Транзакцияның негізгі қасиеттері 


55 
6
SQL SERVER ОРТАСЫ. ПРАКТИКАЛЫҚ ӘЗІРЛЕМЕЛЕР
6.1
Мәліметтер базасымен басқару ортасын орнату және баптау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет