Тәжірибелік жұмыс №6,7,8, Жұмыс мақсаты



Дата16.10.2023
өлшемі19,79 Kb.
#116177
Байланысты:
6,7,8 тәжірибелік жұмыс. Сәндік қолд. өнер


Тәжірибелік жұмыс №6,7,8,
Жұмыс мақсаты: Қолдан тоқылатын кілемдер түрлерімен танысу.


Тапсырма:
Гобелен техникасында шығармашылық жұмысты орындау.
Бақылау сұрақтары:

  1. Гобелен техникасы туралы түсінік.

  2. Гобелен тоқу техникасында қолданылатын құрал-жабдықтар.



1. Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.
1946ж Батима Зәуірбекованың туған жылы
1970ж Гобелен саласындағы алғашқы туындысы «Шеберлер» деп аталған. Сарғалдақ түстес көйлек киген бойжеткен қыз жасыл өрнек арасында отыр. Осынау құпиясы мен қызығы мол, қиындығы да көп өнерге таңырқай қарайды. Әрине, бұл оқшау өнердің алғашқы көрінісі, бұлақ сылдырындай әуені ғана ғой. Бірақ өнер зерттеушілері осы еңбегін жақсы бағалады.
1972ж «Жіп иіруші қыз» атты гобеленде авторға тән шеберлік айқын көзге ұрады. Мұнда шебер қыз жұмыс үстінде бейнеленген. Басын сәл биязы бұруы, қолдарының әсем қимылы, жеңдерінің қанық түспен бүрмеленуі, шығарманың жалпы әшекейлік сипатымен астасып алғанын терең сезіммен ұғынуға бағдарлайды. Көркемдік мәні де ұштасуынан пайда болған үндестікке байланысты арта түскен.
Талай ғасырлар сынағынан еленіп, бабаларымыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп ежелден келе жатқан халықтық қолданбалы өнердің озық үлгілері мен түрлері жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесіне, адами құндылығына ықпалын тигізері сөзсіз. Соның ішінде, гобелен өнерінің сәндік-қолданбалы өнерде алатын орны ерекше болғандықтан, қазіргі заманауи бағытта гоболен өнерін қалыптастырып, оның құндылығын жоғалтпау, тұрмыста қолдану бағытын насихаттау. Сондықтан, жас ұрпақ тәрбиесіне жалпы білім беру саласында тәлім-тәрбиелік мәні зор халықтың сәндік қолданбалы өнер туындыларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жағдайлары күрделі зерттеуді талап етеді. Құрасбек Тыныбековтың «Шопан» атты гобелені. Бұл шығармадағы басты кейіпкер – жас шопанның қолтығындағы жаңа туған қошақанға назар салыңызшы: қошақанның – жартылай жануар, жартылай ою түрінде бейнеленгенін байқаймыз. Демек, бұл – қазақтың «қошқар мүйіз» оюының символы екенін көрсетеді. Аспан төріндегі ақша бұлттар да әртүрлі бейнедегі ою-өрнек болып баяу қалқып бара жатқандай әсер сыйлайды. Гобелен бетіндегі жазықтық табиғат құбылыстарынан хабар бергендей: түнгі аспандағы жұлдыздар әлемі, біресе желдің ұйтқи соққан әуені мен теңіз толқындары тәрізді алуан-алуан қимыл-қозғалыстарды бір кеңістікке еркін сиғызып, түрлі бояулармен қанықтырып, айрықша серпін мен ширақтық танытады. Осы көріністердің бәрі де ою-өрнектік символикалар арқылы берілгеніне таңданыс білдірмеске лажыңыз жоқ. Көне мен жаңаның өзара үндесуі дегеніміз осы.
Жалпы, гобелен тоқуға сюжеттік суреттер салу жолдары іздестірілді. Көркем композициялық туындылардың алғашқы үлгісі тақырыптың мазмұнына сәйкес болуы керек. Гобелен тоқуда қойылатын талаптар төмендегідей болып келеді: 1. Композициялық құрылымын анықтау. 2. Жобалық суреттің нақты шешімін табу. 3. Бояу үндестігін үйлестіру. Гобелен тоқу техникасы еш өзгерместен, толыға түсіп әлі күнге дейін сақталып келеді және ол жоғарғы қарқынмен өркендеп, ұлғая түсуде. Олай деп айтуымның себебі, қазіргі таңда барлық жерлерде, елдерде, тіпті бүкіл әлемде қарқынды даму үстінде деп айтсақ артық болмайды.
2. Гобелен тоқуда көп құралдың қажеті жоқ, оған кез - келген жіп жарайды, тіпті ол қалдық немесе пайдасыз киімдерден тарқатылып алған болса да жарай береді. Гобелен тоқу үшін негізгі жіптен арқау арқау жіпті оңай өткізіп тоқу үшін қағаздан немесе жұқа ағаштан дайындалған үйрек тұмсық құралын пайдаланады. Үйрек тұмсық құралы жұмыстың тез жүруіне көмегін тигізеді. Үйрек тұмсық құралдың біреу емес, бірнеше түрлерін дайындап пайдалануға болады. Гобеленмен айналыспастан бұрын шебер өзінің жұмыс орның сайлап алған жөн. Гобеленді күндіз немесе жарық мол түсетін жерде тіккен дұрыс.Жұмыс орнына шамның жарығы сол жақтан түсуі керек. Тоқыған бұйымыңыз мойныңыз бен омыртқаңызға салмақ түспейтіндей қашықтықта болғаны жөн. Басыңызды тік немесе сәл алға қарай еңкейтіп ұстау керек, істеп отырған ісіңізді ешқашан тізеңізге қойып тікпеңіз,оның орнына бұйымыңызды ауыр кесте жылжып кетпейтіндей заттың үстіне бекітіп қойыңыз. Гобеленді төрт бұрышты рамада тігеді. Оның арқау жібі мықты болғаны жөн. Жіптердің ара қашықтығы 5 мм - ден аспау керек, ал арғы жағына эскизді қағаз салып, мықпен (кнопкамен) бекітеміз. Тақ және жұп жіптерді бөліп тұру үшін бізге диаметрі 20 - 30 мм болатын таяқша қажет. Содан кейін керілген жіптің төменгі және жоғарғы жақтарынан шалып байлап шығамыз, бұл дайын жұмыстың тарқатылып кетпеуіүшін. Дайын станокқа шахмат әдісімен шегелер қағып оағн арнайы жіп кереміз, ол өте мықты болғагы жөн. Тағы бір қажетті дүние қол тоқпақ, ол жіптердің тегіс түсуіне көмектеседі. Ал, ілмек тоқу жұмысын жеңілдету үшін пайдаланылады, онымен тоқу арқылы уақытты үнемдеуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет