Тәжірибелік жұмыс 9
1. Конфуций бойынша адамгершіліктің алтын қағидасы.
Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) жəне бұлжымас императиві (И.Кант).
Конфуций (б.з.б.551-479 жж.) - ілім мен философияға, қытай, корей жəне жапон өмірі
мен тұрысы, ойлау ғұрыпына терең ықпал еткен, əйгілі қытай ақылманы жəне
əлеуметтік философы. Конфуций адамгершілік мəселелерін бірінші кезекке қойған.
Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы
ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жень), үлкенді
сыйлауы (сяо), əдет-ғұрып, дəстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дəрежеде болуы тиіс.
Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен
ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы
алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ
жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің
барлық салаларына өз əсерін тигізді.
Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-əлеуметтік доктринасын
моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тəртіп, этикет эталондарына
(ли) негіздеді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын
жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған
тəрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нəтижесінде
қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), əділ, адал,
ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол əрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс.
Конфуций адамдар арасындағы (отбасында, қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз
қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе тілемейтініңді
басқаға жасама”,- дейді. Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде
дəріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар
пайымдауында адам мінез-құлқы мен тəртібінің іргетасы іспетте қолданылуда.
Жалпы алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң əлеуметтік жіктелу идеясын,
сондай-ақ, қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы қызмет бөлу тəрізді иерархиялық
бөлініске салуды жақтау идеясын қорғау тəн. Мемлекет – халық игілігін қамтамасыз ету
жəне қажет тəртіпті орнату құралы. Солай бола тұра, мемлекет бəрін қамтитын жəне
баршаға ортақ, бəрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің
озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше, мемлекет – билеуші мен оның
көмекшілерінің даналығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа сүйеуге тиіс. Конфуцийдің саяси
доктринасына əр заманда əрдайым мұқият көңіл бөлініп отырды. Конфуций мен оның
ізбасарларының ілімінде бейнеленген идеялар осы күнге дейін Қытай саяси
мəдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне
арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген.
Кенисберг университетінің дін факультетіне оқуға түсіп, діни пəндермен қатар
философия, физика. математика пəндерінен лекцияларға қатысқан.
2. И. Кант бойынша адамгершіліктің категориялық императиві.
Кант: «Сен еркін де ақылды болуға тиістісің» деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік
түбінде жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті
енгізді. Шектеусіз, абсолюттік еркіндіктің іс жүзінде аморальдылыққа ұшыратынының
дəлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік
еркіндікті құбыжық нəрсемен теңеуі тегін емес. Бұлжымайтын императив Канттың
императивтерінің мазмұнын дұрыс жеткізу үшін «бұлжымайтын императив» ұғымын
қолданып, оны парыз ұғымы ретінде түсіндіреді.
Сонымен бірге, ол адам өмірінің мəні тек өзінің алдындағы ғана емес, басқа
адамдардың, жалпы қоғам алдындағы парызын орындау деп түсінеді. Бұлжымайтын
императивтің бірінші қағидасы: «Өзіңдегі де, басқалардағы да ақылды жəне еркін
жігерді мақсатқа жету құралы емес, сол мақсаттың өзі деп таны». Бұл қағидадан ұлы
гуманист Канттың адам мен қоғам туралы демократиялық ойларын көреміз. Тұлға
белгілі бір құқықтарта, еркіндікке ие, қоғамның саналы мүшесі, өз өмірінің, өз
тағдырының кожайыны, оған ешкім де, ешқандай қоғамдық-саяси ұйымдар да өз
көзқарасын таңа алмайды.
Канттың осы қағидасы жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуте де
пайдасын тигізеді. Əрбір адам түбінде ең қатал сот - өзінің ар-ұятының алдында жауап
беретінін ұмытпағаны жөн, Ал Канттың қағидасын ұстанып, басқа адамдармен
мейлінше кіршіксіз қарым-қатынас орнатуға тырысқан адамның ары таза
3. Жүсіп Баласағұн философиясындағы əділеттілік мəселесі.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында «адам» тұлғасын
қалыптастыратынрухани дүниенің тазалығын өзек етіп, өз заманының қоғамдық-əлеуметтік
жағдайына байланысты «адам» ұғымын құрайтын негізгі жақсы жəне жаман
қасиеттерді билеушіге, яғни үстем тап өкілдеріне қатысты айтады. Мəселені
əмірші-патшадан бастап ақын «ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты
ұшан-теңіз, ниеті – түзу, сөзі – шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық,
пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт» екенін
жазған. Поэмадағы адамгершілік аясына шоғырланған ойларды көне
түркілік, шығыстық сарындағы тілдік бірліктермен, афоризмдермен, мақал-
мəтелдермен, тұрақты теңеулермен берілген.
Афоризм (нақыл сөз) –мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін,
мақал-мəтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, əрі ойлы,
авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. «ХХІ ғасыр – білікті, білімді,
бəсекеге қабілетті жастардікі»(Н.Ə.Назарбаев), «Тегінде адам баласы адам
баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озады. Одан басқа
нəрсемен оздым ғой демектің бəрі бекер» (Абай).
«Құтты білік» - өз дəуірінің адамгершілік принциптері мен этикалық
нормаларының бейнесі іспеттес шығарма саналған. Дастанда ақын əділдік,
ақыл-парасат, бақ-дəулет, қанағат-ынсап туралы ой толғайды. Сондай-ақ
адамгершілік, оқу-білім, тəлім-тəрбие, əдептілік хақында өсиет-ғибрат
жасайды.
Ең бастысы –өз заманында «Құтты білік» дастанын мемлекетті басқару
жөніндегі заң ережелер жинағы ретінде танылған болатын. Өйткені
шығармада ел басқару принциптері орта ғасыр философиясы жырланды.
Қазақ хандығы енді ғана қалыптасып келе жатқан тарихи кезеңде дəл
осындай қоғамдық-əлеуметтік, саяси мəселелер күн тəртібінде тұрды. Олар
қалың бұқара халық пен ел билеуші əкімдер арасындағы қарым-қатынас
нормалары, əрбір адамның қоғам алдындағы міндеттері, мемлекетті басқару
принциптері жəне тағы басқа көптеген əлеуметтік ахуалдағы мəселелер
қамтыды.
Ж.Баласағұн ойшыл ретінде өмір жолын, адам тағдырын жəне ел
болашағын біріктіре талқылауды, адам болудың құндылықтарына,
қасиеттеріне жəне тəсілдеріне деген байырғы қалыптасқан дағдыны қайта
қарастыруды, толықтыруды мақсат тұтады. Рухани кеңістікті кеңейтудегі
мақсат - адам болмысының əлеуетін, кісілік қасиеттердің қуатын ашып беру,
адал еңбектенушілердің еңсесін көтеру, жалқаулар жатып ішуге неге бейім
екендігін əшкерелеу, көпшілікті жағымды ниетке тоғыстыру, түбірінде
рухани жаңғыру мен мəдениетке жол ашу еді. Рухани құндылықтар мен
тарихи-мəдени мұраны анықтау, жинақтау, толықтыру, сақтау, зерделеу жəне
насихаттау жұмыстарын ретке келтіру, оған жаңа серпіліс енгізу - рухани
жаңару мен гуманистік дəстүрді жалғастырудың басты шарттары. Оған
дəстүрлі пікірлер мен дəйекті болжамдар демеулікті үдетті. Өркениет кезінде
адамгершілік тəртібі мен тəжірибесі алдымен сынға ұшырады, солай болса да
адамгершілікке, тектілікке негізделген қарым-қатынас көркейді, тағзым
күшейді. Адамгершілікке бет бұру - ізгі жүрек ізгілігінен, туған жері, еліндегі
тұма бастаулар мен мінез ерекшеліктерін іздестіруге ұйытқы болды. Ал ойлы
іс-əрекет еркіндігі, көркемдік жəне ғылыми-философиялық шығармашылық
қарқынының ауқымдануы - адам болмысына жəне ел бірлігіне деген
қызығушылықты арттырды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, дастанның идеялық
композициясы төрт ұлы ұғымнан, төрт қымбат қасиеттерден: 1) шындық
жолы, Əділет; 2) құт пен ырыс, Дəулет; 3) Ақыл менен парасат; 4)
ұстамдылық, Қанағат ұстанымнан құрастырылуы тегін емес. Ж.Баласағұн
ұстанымында мұндай жеке кісілік қасиеттер бір-бірімен тұрақты үйлескен.
Достарыңызбен бөлісу: |