Тәжірибелік жұмысты орындауға арналған тапсырмалар



бет1/2
Дата19.04.2023
өлшемі22,6 Kb.
#84235
түріКонспект
  1   2
Байланысты:
№12 Тәжірибелік жұмыс. Азық түлік қауіпсіздігі


12 Тәжірибелік жұмыстың тақырыбы: Азық-түлік мәселесі және оны басқару жүйесі


Тәжірибелік жұмысты орындауға арналған тапсырмалар:

  1. Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің радиациялық қауіпсіздігінің негіздері – тақырыбы бойынша берлілген материалды оқып, мазмұндау және соңында берілген сұрақтарға ауызша жауап беру;

  2. Ағзадан радиацияны қалай шығаруға болатындығы және радиацияны шығаратын тамақ өнімдері туралы конспект жазу, нақтылы мысалдар келтіру, қорғау;

  3. Төменде берілген сілтемелерді негізге алып, ұсынылған видео материалдарды көріп дәптерге қысқаша мазмұнын және қорытынды жазу.
  • https://www.youtube.com/watch?v=iLfXZOcde_E Радиационная стерилизация продуктов питания

  • https://www.youtube.com/watch?v=tPnPHIrJI1c Пищевая безопасность населения - мнение эксперта





1. Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің радиациялық қауіпсіздігінің негіздері
Радиоактивтілік – кейбір элементтер атомдарының нөмері мен массалық санын өзгеріске ұшырататын атом ядроларының өзіндік ыдырауы. Радиоактивті ыдырауды тоқтату немесе тездету мүмкін емес, жартылау ыдырау кезеңі – уақытпен өлшенетін, қатаң анықталған жылдамдықпен жүзеге асырылады, осы кезеңде барлық атомдардың жартысы ыдырайды. Радиоактивті элементтердің ыдырауы иондайтын сəулелердің ағындарымен бірге жүреді, олардың əрқайсысы өзінің физика-химиялық қасиеттерімен сипатталады: альфа-сəулесі-жылдамдығы 20000 км/с жететін, оң зарядталған бөлшектер (гелий атомы) ағынын құрайды; оң зарядтардың болуы себебінен магнит өрісінде α-бөлшектер ауытқиды (солтүстік полюске). Бета-сəулесі – жарық жылдамдығымен қозғалатын теріс зарядталған бөлшектер ағыны; теріс зарядтардың болуы себебінен электрондар магнит өрісінде ауытқиды (оңтүстік полюске). Гамма-сəулесі – қасиеті жағынан рентген сəулесіне ұқсас, қысқа толқынды магнит сəулесі; жарық жылдамдығымен бірге таралады, магнит өрісінде ауытқымайды, бірнеше мыңнан бірнеше миллион электронвольтқа дейінгі жоғары энергияға ие.
Халықтың сəулелену деңгейін эквивалентті доза бірлігі – зивертпен (Зв) бағалайды. 1 зиверт – салмағы 1 кг-дық биологиялық тін өз бойына сіңірген, фотондық сəуленің 1 грэйінде сіңірілген доза сияқты биологиялық эффект түзетін, кез келген сəуле түрінің эквивалентті дозасы. 1 грэй (Гр) – бұл салмағы 1 кг-дық сəулеленген затқа берілген, кез келген иондалатын сəуле түрінің 1 Дж энергиясы-на сəйкес келетін сіңірілген сəуле мөлшері.
Жердің радиациялық фоны:

    • ғарыштық сəуле;

    • топырақ, су, ауа, басқа да қоршаған орта нысандарының құрамындағы табиғи радионуклидтер;

    • адам қызметі нəтижесінде пайда болған жасанды радионуклидтер (мысалы, ядролық сынау); медицинада, техникада, ауылшаруашылығында қолданылатын радиоактивті қалдықтар жəне жеке радиоактивті заттар.

Халықтың ішкі сəулелену дозасының негізгі бөлігі табиғи радионуклидтердің тағаммен бірге түсетініне қарамастан, тағам өніміндегі олардың мөлшері қазіргі кезде реттелмейді. Халықтың жасанды көздермен сəулеленуінің үлкен дозасы, бірінші кезекте рентгендік-диагностикалық іс-шараларды жүргізу барысында медициналық сəулені қолданғанда пайда болады. Атмосферадағы ядролық қару сынақтарын жүргізу нəтижесінде негізінен цезий-137 (137Cs) жəне стронций-90 (90Sr) радионуклидтерінің ғаламдық деңгейде түсуінің маңыздылығы екінші орында.
Қазіргі уақытта адам ағзасына ең қауіпті техногенді радионуклид 137Cs жəне 90Sr болып табылады, олардың жартылай ыдырау кезеңі шамамен, 30 жылды құрайды. Бұл дегеніміз, Чернобыль АЭС-дегі апат болғаннан кейін, 30 жылдан соң, яғни 2016 жылы осы элементтер атом ядроларының тек жартысы ғана ыдырайды, ал 2190 жылы 1% ғана ыдырамаған атомдар ядросы қалады.
Радиация əсерінен ағзада қан, лимфа, тін сұйықтығы жəне басқа орталардың биологиялық қасиеттерінің сапалық жəне сандық өзгерісін тудыратын уытты заттар (радиотоксиндер) пайда болады. Уытты агенттерге гормондарды, ферменттерді, зат алмасуды жəне тін ыдырауының өнімдерін жатқызуға болады. Мысалы, сəуле алу кезінде бауыр тінінің гликоген мөлшерінің көбеюуіне əкеп соғатын бүйрекүсті гармондарының бөлінуі көбейеді. Кез келген химиялық элементтің радиоактивті изотопы ағзаға түскенде сол элементтің тұрақты изотопы сияқты зат алмасуға қатысады. Ағзаға түскен радионуклид қызметі сəуленің сыртқы көздерінің қызметінен айырмашылығы жоқ. Олардың ерекшелігі
зат алмасуға қатысуы кезінде ұзақ уақыт бойы тінде қалуы мүмкін.
Радионуклидтердің белсенділігін химиялық та, физикалық та құралдармен жоюға болмайды. Радионуклидтердің ағзаға түскен кезде биологиялық қызмет деңгейіне радиоактивті емес химиялық элемент-аналогтардың болуы үлкен əсерін тигізеді. Элемент-аналогтарға кальций жəне стронций жатады. Стронций-90 изотопы кальцийді оның қосылыстарынан ығыстырып, кальцийдің орнын басады.
Цезий-137 ішек-қарын жолына толық сіңіп, ағзада, əсіресе, жұмсақ тіндерде бірқалыпты таралады. Жерсілтілік элементтер қиын еритін қосылыстарды түзетіндіктен, ішектегі стронций-90-нің сіңу деңгейі 9-60% құрайды жəне негізінен сүйек тінінде жинақталады. Ағзадағы радионуклидтердің бөлінуі адамның жас мөлшеріне аса күшті тəуелді емес. Барлық радионуклидтер үшін критикалық органдарға қан жасайтын жүйе жəне жыныс бездері жатады, себебі оларда радиацияның кіші мөлшерінде-ақ үлкен өзгерістер жүреді.
Аяғы ауыр əйелдерде радиоактивті изотоптар плацента арқылы өтіп, ұрық тінінде шоғырланады. Жас өсіп жатқан ағзаға тез сіңеді жəне жиналады. Ең алдымен, стронций-90 үлкен көлемде ерінді бөліктерінде, содан кейін сүйектің тұтас бөліктерінде шоғырланады.
Стронций-90 цезий-137-ге қарағанда, 10 есе улы жəне ағзадан нашар шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет