Тәжірибелік жұмысты орындауға арналған тапсырмалар


Тамақтануды радиоактивті элементтердің əсерінен қорғаудың негізгі қағидалары



бет2/2
Дата19.04.2023
өлшемі22,6 Kb.
#84235
түріКонспект
1   2
Байланысты:
№12 Тәжірибелік жұмыс. Азық түлік қауіпсіздігі

Тамақтануды радиоактивті элементтердің əсерінен қорғаудың негізгі қағидалары
Тамақтануды радиоактивті элементтердің əсерінен қорғаудың негізгі қағидаларының қазіргі заманғы тұжырымы:
1) радионуклидтердің тағаммен бірге түсуін максималды төмендету мүмкіндігі;
2) ағзадағы радионуклидтердің жиналу жəне сіңу процесін тежеу;
3) тиімді тамақтану қағидаларын ұстану сияқты 3 негізгі жағдайға негізделеді.
Радионуклидтердің тағаммен бірге ағзаға түсуін төмендету үшін технологиялық немесе агрозоотехникалық тəсілдер көмегімен, сонымен қатар тамақтануды модельдеу жолымен, яғни радионуклидтердің аз мөлшерінен тұратын рациондарды қолдану арқылы олардың өнімдегі мөлшерін азайтуға болады.
Тағам шикізаттарын мұқият жуу, өнімді тазалау, құндылығы төмен бөліктерді бөлу арқылы радионуклидтерді 20-60%-ға дейін азайтуға болады. Кейбір жемістерді (орамжапырақ, жуа жəне т.б.) жуу алдында аса ластанған сыртқы жапырақтарын алу қажет. Картоп жəне тамыртүйнек жемістерді қабығын тазалар алдында жəне тазалағаннан кейін міндетті түрде 2-рет жуу керек. Қоршаған ортаның радиоактивті заттармен жоғары деңгейде ластануы жағдайында тағам шикізаттарын кулинарлық əдіспен өңдеудің ең тиімді əдісі – қайнату болып табылады. Қайнату кезінде радионуклидтердің едəуір бөлігі қайнатпаға өтеді. Қайнатпаны тағамға қолдану ұсынылмайды.
Сүттен май жəне ақуыз концентраттарын алу арқылы сүт өнімдеріндегі радионуклидтердің мөлшерін едəуір төмендетуге болады. Сүтті қайта өңдеу барысында кілегейде-9%-дан көп емес цезий жəне 5% стронций, ірімшікте-21% цезий жəне 27%-ға жуық стронций, сырда-10% цезий жəне 45%-ға дейін стронций қалады.
Сары майда қаймағы алынбаған сүт құрамындағы жалпы цезийдің тек 2 %-ы ғана сақталады.
Радионуклидтерден қорғау қасиеті бар тотығуға қарсы заттек-дəрумендерін (А, Е) тұтынуды жоғарылату іс-шаралары тамақтануды радиоактивті элементтердің əсерінен қорғаудың негізгі бағыттарының біріне жатады. Сондықтан тағамдарға мүмкіндігінше əртүрлі өсімдік майлары, зəйтүн, жүгері, күнбағыс (күніне 2-3 ас қасықтан) майларын қолдану керек. Радионуклидтер, соның ішінде цезийдің ағзадан шығуын жылдамдатуға аскорбин қышқылы (С дəрумені), қымыздық жəне лимон қышқылдарының қабілеті бар.


Сұрақтар:

  1. Радиоактивтілік деген не?

  2. Ол қандай бірлікпен өлшенеді?

  3. Тағам өнімдерінде қандай аса қауіпті техногендік радионуклидтер болады?

Тәжирибелік жұмысты сабақ кестесіне сай тапсыру керек.


Тәжірибе жұмысында кездесетін жаңа терминдерге анықтама беру.
Тәжірибелік сабақтың формасы: онлайн түрде, жазбаша және ауызша қорғау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет