Тәжірибелік сабақ 1-2 Тәжірбелік сабақтың тақырыбы



Дата14.09.2023
өлшемі24,98 Kb.
#107767
түріСабақ
Байланысты:
Тәжірибелік сабақ 1-2 (1)


Тәжірибелік сабақ 1-2
Тәжірбелік сабақтың тақырыбы: Негізгі тағамдық заттар: cипaттaмасы, қасиеттері, тамақтанудағы маңызы, қажеттілігі және тұтынушы ағзасымен сіңірілу ерекшелігі. (ақуыздар, майлар, көмірсулар).


Тәжірбелік сабақтың мақсаты: Тамақ өнімдерінің құрамының химиялық көрсеткіштері. Тамақ өнімдерінің химиялық құрамын зерттеу, химиялық құрамына анықтау әдістерін меңгеру.



  1. Белок құрамын анықтау

  2. Май құрамын анықтау

  3. Көмірсу құрамын анықтау

  4. Күл құрамын анықтау

  5. Ылғал құрамын анықтау

Тамақ өнімдерінің химиялық құрамын, тағамдық артықшылығын айқындау үшін қажет және бұл кезде зерттеудің химиялық әдісі қолданылады. Әдістің артықшылығы нәтижелердің дәлдігі болып табылады.


Ылғал мөлшерін анықтау. 0,001 г дәлдікпен өлшеніп алынған, ұсақталған, салмағы 2-3 г өнімді металл бюкске салып, САЛ аппаратында (кептіргіш шкаф) 15 минут аралығында немесе кептіргіш шкафта 150 ОС 1 сағат шамасында кептіреді. Ылғалдылық мөлшерін мына формула бойынша анықталады:



мұнда, х1 – ылғалдылық құрамы, %;
m1 – өлшеп алынған өнімі бар кептіргенге дейінгі бюкс салмағы, г;
m2 - өлшеп алынған өнімі бар кептіргеннен кейінгі бюкс салмағы, г;
m – бюкс салмағы, г.


Майдың құрамын анықтау. Ылғалдылықты анықтағаннан кейінгі өлшемді (навеска) бюкске салып, 10-15 мл еріткіш ерітіндіні құяды. Майды экстрагирлеу 3-4 минут бойы 4-5 рет қайталай отырып (перолейлі немесе этил спирті) жүргізеді.
Процесс барысында өлшемді шыны таяқшамен араластыра отырып, ерітіндіні қайта-қайта құйып алып отырады. Соңғы рет құйып алғаннан кейін, еріткіштің қалдығын ауада булайды. Майсыздандырылған өлшемі бар бюксті кептіргіш шкафта 105 ОС 10 минут бойы кептіреді.
Майдың құрамын мына формула бойынша анықталады:



мұнда, х1 – майдың құрамы, %;


m1 – өлшеп алынған өнімі бар майсыздандырғанға дейінгі бюкс салмағы, г;
m1 – өлшеп алынған өнімі бар майсыздандырғанға дейінгі бюкс салмағы, г;
m – бюкс салмағы, г.
Күлдің құрамын анықтау. Алдын-ала өлшенген тигельге майсыздандырылған кейінгі бюкстің ішіндегі затты салады. Бюкстің қабырғасындағы өлшем қалдықтарын еріткіш етітіндінің біраз мөлшерімен жуып, содан соң бу моншасында толық жоғалып кеткенше қыздырады. Тигельдегі құрғақ майсыздандырылған өлшемге 1 мл магний ацетатын құяды.
Өлшемі бар тигельді электр плитасында күйдіріп (обугливают), содан соң температурасы 500-600 ОС муфель пешіне 30 минутқа қояды. Дәл осылайша 1 мл ацетат магнийды да минералдайды.

Күлдің құрамы мына формула бойынша анықталады:





мұнда, х3 – күлдің құрамы, %;
m1 – күлдің салмағы, г;
m1 – магний ацетаты ерітіндісін минералдағаннан кейін алынған магний оксидінің салмағы, г;
m – бюкс салмағы, г.


Белок құрамын анықтау. Белок құрамын мына формула бойынша анықтайды:

мұнда, х – белоктың құрамы, %;
х1 – ылғалдылық мөлшері;
х2 – ылғалдылық мөлшері;
х3 – күлдің мөлшері;
Реактивтер: Петролейлі эфир, магний ацетаты ерітіндісі.


Бақылау сұрақтары:
1. Ақуыз, май, көмірсу, күлділік дегеніміз не?
2. Ет шикізатының сипаттамасы?
3. Ет шикізатының ақуыздық, май, ылғалдылық, күлділік көрсеткіштерін қалай сипаттайсыз?
4. Ет және ет өнімдерінің жалпы химиялық құрамына әсер ететін факторларды атаңыз?
5. Зертханалық жұмыс бойынша есепті шығарып, ауытқулықтармен жұмыс жүргізіңіз және оқытушыға баяндап беріңіз?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет