Тест сұрақтары
Зат алмасуды реттейтін жүйе:
1.сомалық жүйке жүйесі.
2. вегетативті жүйке жүйесі
3. қан жасау жүйесі
4. иммундық жүйе
5. ретикулоэндотелиальды жүйе
2. Минералдық алмасуды реттейтін гормон:
Тестостерон.
Пролактин.
Альдостерон.
Глюкагон.
Прогестерон.
3. Комфортты стандарттық жағдайда адамның зат алмасу қарқынының көрсеткіші қалай аталады:
Жалпы алмасу.
Негізгі алмасу.
Барша (валовый) алмасу.
Жылулық алмасу.
Еңбекке байланысты алмасу.
4. Қанда қалдық азот санының жоғарылауы қай алмасудың
бұзылуын көрсетеді:
Минералды тұздар алмасуы
Белок алмасуы
Май алмасуы
Су алмасуы
Көмірсу алмасуы
ЖЫЛУ РЕТТЕЛУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ бойынша тапсырмалар
Изотермия гомеостаздың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады
Изотермия дегеніміз – дене мен организмнің ішкі ортасы температурасының тұрақтылығы.
Жылу реттелуінің типтері
Гомойотермді - жылы қанды жануарлар мен адам.
Пойкилотермді – салқын қанды жануарлар.
Тапсырма №1. Дененің әр түрлі бөлімдерінің температурасын көрсетіңіз
Қолтық
|
36о-37о
|
Ауыз қуысы
|
37,2о-37,5о
|
Тік ішек
|
37,5о-37,9о
|
Ішкі ағзалар
|
37,8о-38о
|
Бауыр
|
38,5о-39,5о
|
Кеуде
|
30о-34о
|
Қол
|
29,5о-33о
|
Аяқтың саусақтары, мұрынның ұшы
|
22о
|
Тапсырма №2. Жылу реттелу механизмдерінің түрлерін жазыңыз:
Түрлі ағзалардың жылу түзілудегі үлесі:
Бұлшық еттерде – 60-70%.
Бауырда, ішек-қарында – 20-30%.
Бүйрек пен басқа да ағзаларда – 10-20%.
Жылудың шығарылу жолдары:
Жылуды өткізу – басқа заттармен жанасқанда.
Конвекция – тері бетімен жанасатын ауаға берілуі.
Жылуды сейілдіру (радиация) – инфрақызыл диапазондағы жылуды сейілдіру.
Булану – кілегей қабаттардан, өкпе арқылы, тер шығару.
Изотермияның реттелуі
Терморецепторлардың түрлерін жазыңыз:
Шеткі (тері, кілегейлі қабат, ішек-қарын жолы ағзалары).
Орталық (гипоталамус, ортаңғы ми, ми қыртысы).
Гипоталамустың алдыңғы ядролары жауапты.....физикалық жылу реттелуіне.
Гипоталамустың артқы ядролары жауапты .....химиялық жылу реттелуіне.
Орындаған студент __Боранбаева Акмарал___тобы__22-039__факультеті__ТФП___
Достарыңызбен бөлісу: |