Тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар ФӨТ Заттар мен энергия алмасу Тапсырма№1. Анықтама беріңіз Заттар мен энергия алмасу дегеніміз – заттар мен энергияның адам организмінде өзгеруі жүретін физикалық, химиялық және физиологиялық үрдістердің жиынтығы.
Тапсырма №2. Зат алмасуының 4 кезеңі бар. Кестені толтырыңыз
этаптары
Негізгі қызметі
1.
Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік заттардың ферменттік ыдырауы
2.
Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі.
3.
Қоректік заттар мен О2 жасушаларға тасымалдануы – заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы.
4.
Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.
Тапсырма №3. Анықтама беріңіз
Негізгі алмасу дегеніміз – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы.
Кестені толтырыңыз
Негізгі алмасуды стандартты жағдайларда анықтайды:
1.Аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін.
2.Дене еттері босаңсыған, толық тыныштық күйде.
3.Комфортты температурада – 18-22°С
Тапсырма №4. 1). Ересек адам үшін негізгі алмасудың орташа мәні - 1ккал/кг/саг
2) Салмағы 70 кг, бойы 165-170, жасы 35-16 ересек ер адам үшін негізгі алмасудың мәні - 1700ккал/тәул.
3) Әйелдер үшін - 1500ккал/тәул.
Тапсырма №5. Организмге қажетті энергия және құрылыс (пластикалық материалдар) тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Олардың ағзадағы әртүрлі қызметтерін жазыңыз:
Тағамтану- адамдар мен жануарлар тағамын зерттейтін ғылым саласы.Ол ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға,тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға көмектеседі.
Ағза үшін ақуыздың негізгі көзі болып табылады – жануар еті мен өсімдіктер.
Ақуыздың маңызы - қоректік заттар түзілуі, ыдырауы ақуыз катысуымен өтеді.
Пластикалық ролі - жасушада ақуыздар бүкіл тіршілігінде синтезделеді.Ақуыз биосинтезіндегі басты рөлді РНҚ және ДНҚ атқарады.Жасуша ядросында және хромасомада ақуыз аминқышқылы орналасу реттелігі туралы ақпарат болады.
Энергетикалық- жасушада пайда болған аминқышқылдары жасуша мемьранасы арқылы қанға өтеді де,басқа жасушадағы белоктың түзілуіне қатысады.Аминқышқылдары амин тобынан айырылады да,оның орнына басқа амин топтары қосылып,жаңа аминқышқылдары пайда болады.
Тірек қимылдық функциясы- бұлшықет белогында актин және миозин деген екі талшық арқылы дененің жүруіне,қозғалысына жауап береді.
Ферменттік функциясы – Ферменттер негізінен белоктардан түзіледі.Бұл үшөлшемді глобулярлы ақуыздар,оны бөлу немесе құрастыру үшін молекула тығыз орналасады.Ферменттер химиялық реакцияларды жылдамдатады.