Тексерген: Абаева А. П орындаған: Советқанова А. Е бф-301 жоспар


Зардап шегушiнiң ауруын азайту үшiн мына тәсiлдер қолданылады



бет8/8
Дата12.12.2022
өлшемі41,49 Kb.
#56738
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Күйікке, үсікке, жарақатқа алғашқы медициналық көмек.

Зардап шегушiнiң ауруын азайту үшiн мына тәсiлдер қолданылады:
1. Зардап шегушiнiң үстiн жауып, салқындап қалмауын қадағалау.
2. Сынғанда иммобилизация жасау (жақтау қою).
3. Зембiлге жатқызу.
4. Құрғақ, сұйық заттарды қолдану (полиэтилен қалтасына салынған мұз, қар, мұздай су) жүйке жүйелерiн механикалық тiтiркенуден қорғайды, iсiгiн және жарақаттың қабынуын азайтады.
5. Дәрi-дәрмектен амидопириндi 0,5 г., анальгиндi 0,5-1,0 г., ацетилсалицил қышқылын 0,5-1,0 г мөлшерiнде қолданған дұрыс.
6. Тасымалдағанда ауруханаға көп селкiлдетпей, ұқыпты түрде жеткiзген жөн.
Көмек көрсетушi адам жарақаттың түрiн оның ауырлығын анықтап, тыныс жолдары мен жүрек қызметiнiң бұзылғанын ескерiп жедел шара қолдана бiлу қажет. Зақымданған адам қаны тоқтамай ағып жатса, оны тоқтатып, жарасын таңа бiлу, сынған жерiне жақтауды дұрыс қойып байлау, ауруды орнынан қозғаған кезде оны дұрыс көтерiп, тасымалдай бiлу, зардап шегушiнi қауiптi аймақтан уақытында алып кету, үстiндегi киiмiн дұрыс шешiп, көлiкке отырғыза, жатқыза бiлу, жүрекке массаж жасау және қолдан дем алдыру сияқты шараларды жүзеге асыра бiлу әр адамның мiндетi, әрi парызы. Алғашқы көмектi көрсеткен кезде жараға тиетiн нәрселер – инфекция жұқтырмас үшiн асептикалық таңғыш салады. Өйткенi, бұл таңғыш жараны микробтардан қорғайды. Жараларды сумен жууға болмайды. Оны таңар алдында айналасын иодпен немесе спиртпен тазартып сүрту керек. Содан соң жараға зарарсыздандырылған таңғыш салады. Қолда бар болса дербес пакет салған дұрыс. Таңғыш үшiн мақта мен дәке қолданылады. Бинт пен мақтадан таңғыш жасалады. Оның ылғал жұтқыш қасиетi жоғары. Қан тоқтатуға арналған дәкелер антисептикалық заттармен байытылған, мұндай дәкелер қанды 2-7 минут аралығында тоқтатады

ҚОРЫТЫНДЫ
Үсікке шалдығу төмен температураның әсерінен дене мүшесінің кей
бөлігінің зақымдануы. Көбінесе үсінуге шалдығу қыстың суық мезгілінде
қоршаған орта температурасы –10oС - –20o С төмен кезде болады. Көктемде
және күзде ауа температурасы нөлден төмен кезінде далада көп уақыт,
әсіресе ауа өте ылғалды және күшті жел болғанда да үсінуге шалдығуға
болады.
Аязда тар және дымқыл киім мен аяқ киім кию, қатты шаршау, ашығу, ұзақ уақыт қозғалыссыз және ыңғайсыз болу, алдыңғы суықтан алған
жарақаттың болуы, аурудың нәтижесінде болған ағзаның әлсіреуі, аяқтың
тершеңдігі, аяқ-қол буындарының және жүрек-тамыр жүйесінің созбалы
аурулары, қан жоғалтумен болған ауыр механикалық зақымданулар, темекі шегу үсуге шалдығуға әкеп соқтырады.
Статистика бойынша адамдардың қаза болуына және аяқ-қолын кесуге әкеп соқтыратын барлық ауыр үсінуге шалдығулар күшті алкогольдік мас болу салдарынан болатындығы көрінеді.
Қорытындылай келе, еш уақытта күлдіреуіктерді өзіңіз жармаңыз. Кір қолдарыңызбен күйіктің бетін ұстамаңыз. Арнайы медициналық қолғаптарды пайдаланғаныңыз абзал. Жоғарыдағы кеңестер дәрігердің көмегін алмастыра алмайды. Сондықтан өзіңіз емдей алмасаңыз, дәрігерге қаралыңыз. Үшінші, төртінші дәрежелі күйік алған адамды ойланбастан жақын маңдағы ауруханаға жеткізіңіз. Ал жеңіл түрлерін емдеу үшін алоэ гүлінің жапырақшаларын күйген жердің үстіне қойыңыз. Оны түнгі уақытқа да қалдырғаныңыз абзал.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Анестезиология и реаниматология Под редакцией О.А. Долиной.

  2. Фроленко С. Справочник по антисептике и асептике для медицинских сестер.- Ростов на Д.:Феникс, 2001.-188с

  3. Дмитриева З.В. Хирургия с основами реаниматологии. Общая хирургия:Учеб. пос.СПб.:Паритет, 2001.-576 с.-(Сестринское дело)

  4. Руководство по скорой медицинской помощи / под ред. С. Ф. Багненко, А. Л. Верткина, А. Г. Мирошниченко,

  5. М. Ш. Хубутии. — М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007.

  6. www.google.ru


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет