ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ "Авиценна жоғарғы медициналық колледжі"
СОӨЖ Тақырыбы: Күйікке, үсікке, жарақатқа алғашқы медициналық көмек.
Тексерген:Абаева А.П
Орындаған: Советқанова А.Е
БФ-301
I. Негізгі бөлім
1.1 Күйік болғандағы алғашқы көмек................................................................4
1.2 Үсік болғандағы алғашқы көмек..................................................................5
1.3 Жарақат алғандағы медициналық көмек.....................................................7
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ......................................................10
Кіріспе Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті атайды. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.
Күйікті күн астында ұзақ уақыт жүріп, сіріңкені немесе электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбау нәтижесінде де алуға болады. Оның қай түрі болмасын қауіпті. Кейбірі адам терісінің жақсы болуына байланысты жылдам емделсе, екіншілеріне медициналық көмек қажет. Ал күйікті дұрыс емдеу үшін ең алдымен оның қай дәрежелі екендігін анықтап алғанымыз жөн.
Терінің зақымданған факторына байланысты күйіктер термиялық (ыстық сұйықтықпен, от жалынымен), электр және химиялық болып бөлінеді. Зақымданудың тереңдігіне байланысты 4 деңгейге бөлінеді:
деңгей-терінің қызаруы және ісік;
Күйік ауданы тоғыз ережесі және алақан ережесі арқылы анықталады. Ересек адам алақанының ауданы дене ауданының шамамен 1% құрайды. Тоғыз ережесі бойынша дененің ірі бөліктерідене беті ауданының 9 немесе 18% құрайды. Мысалы, бас және мойын беті, қолдың сырты 9%-дан тұрады, аяқ сырты, дененің алдыңғы жағы-18%-дан тұрады. Егер зақымданған жердің жалпы ауданы 10%-дан жоғары болса, күйік ауыр болып саналады.