Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдері Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында,
оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту
үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам»,
«Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу
үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға»,
портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа
түрлерін қолдануға болады.
Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі
кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде,
мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері
байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады.
Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған
баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей
алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша
немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс
орындалған жақтарын көрсетеді.
Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалау Мұғалім қалыптастырушы бағалау өткізгенде дағдыларды анықтауда
тиімді тәсіл ретінде топтағы жұмысты қолдана алады. Оқушыларды бағалау
критерийлерімен алдын ала таныстыру керек. Мұғалім топтық жұмыста әр
топтың оқушыларын тыңдайды және бақылайды: оқушылардың көбі жетістік
критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жете алады. Мұғалім мұндай
оқушылардың аттарын жазып алуы керек.
Одан кейін мұғалім әлі де оқу мақсатына талпынатын оқушыларды
бақылап және қосымша сұрақтар қоюы қажет:
- Сіздер бұл туралы не ойлайсыздар? - Сіз маған өз тобыңызда нені талқылағандарыңызды түсіндіре аласыз ба? Егер де оқушылар практикалық жұмыс орындаған болса, онда сұрақтар
сол тапсырмаға қатысы бар болуы керек:
- Сіздер қазір не істеп жатырсыздар? - Сіз қалай ойлайсыз, одан кейін не болады? - Сіз осы тапсырмада ерекше нәрсені байқадыңыз ба? Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық топтардың жұмысын
бақылауы тиіс. Топтағы жұмысты бақылауды және тапсырма орындауға
қатысуды қатар атқаруға болады. Жауаптарды бағалағаннан кейін мұғалім әлі
де оқу жетістіктеріне талпынатын оқушылары бар топқа қайта келіп, оларға
оқу мақсатына жету үшін тағы да бір мүмкіндік беруі керек. Осы жағдайда
оқушыларға келесілерді ұсынуға болады:
жаңа идеяны құрастыру;
екі (немесе одан көбірек) идеяны салыстыру;
идеяны бағалау;
топтағы талқылау негізінде қорытынды жасау;
сұрақтарға жауап беру.
Аталғандардың бәрі белгілі оқу мақсаттарына жетуді дәлелдеп бере
алады.