Факультеті: “Философия және саясаттану” Кафедрасы: «Философия» СӨЖ Тақырыбы: Университеттік білім берудің мәні туралы К. Ясперстің «Университет идеясы» Жак Деррида. Университет шәкірттерінің көзімен
Алматы, 2022 ж Университеттік білім берудің мәні Университеттік білім - университеттерде ғылыми және педагогикалық кадрларды ғылыми-зерттеу және жобалық- конструкторлық мекемелерге, өндірістерге және ауылшаруашылыққа, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, орта білім беретін мектептерге және т.б. дайындайды. «Университеттік білім» термины деп - университет түлектеріне ғылыми-зерттеу немесе пед. қызметін алынған мамандығы бойынша жүргізуге жалпы ғылыми, пед. және арнайы білім мен дағдының жиынтығын айтады.
Болон процесі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондықдекларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 48 ел мүше болды. Ресми заңдық тұрғыда Болон процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді.
Университетер педагогикалық кадрларды дайындамауы керек деген пікірлер де кең тарауда. Мұндай көзқарас классикалық университеттерде көпдеңгейлі мамандарды дайындау жағдайында тұтастай өзгеруі қажет. Бұл жерде жалпы орта білім беру жүйесінің көптүрлілігіне орай, барлық мамандардың бакалавриат түлектері жалпы орта білім беретін мекемелерде педагог болып қызмет жасай алатындығы маңызды болып отыр. Университеттік білімнің келесі сатысының түлектері Мемлекеттік стандарт бойынша жоғары білімнен кейінгі ғылымипедагогикалық білім «Магистр» академиялық дəрежесін алады. Оларға ғылыми зерттеушілік жəне жоғары оқу орындарында оқытушылық іс-əрекетпен айналысуына болады. Орта жəне жоғары білім беру саласының педагогтерін дайындау классикалық университеттің приоритетті міндеті болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикасы бар ел ретінде əлемдік қауымдастықпен мойындалған. Қазақстан тəуелсіздікті алған қысқа ғана уақыт аралығында экономикада, əлемдік өркениетке кірігу, жаңа прогрессивті технологияларды қолдануда күшті серпілістерге қол жеткізді, ол еліміздің əлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын анықтауға негіз болды.