Тексерген: Әзіретбергенова. Э. Ж



Дата20.10.2023
өлшемі15 Mb.
#119916
Байланысты:
Айя Моңғол шапқыншылығы


Моңғолдардың Орта Азияны басып алуы
Орындаған: Мұқаметнұр А.
Тексерген: Әзіретбергенова.Э.Ж.
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Тэмуджин болды. Ол 1155 ж. ірі ноян Есугей батыр отбасында туғанТэмуджин ер жете келе қол астына моңғолдардың барлық тайпаларын біріктіреді. 
1206 ж. көктемде Онан өзені жағасында Тэмуджинді жақтаушы моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен моңғолдардың әміршісі етіп жариялайды.
Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды.
.
1207—1208 жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 
1208-1209 жж. Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыс ханның қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен берілді. 
1211 ж. Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды.
1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Бейжіңді) бағындырды.
Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер жіберді.Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. Моңғолдар Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан ұлы Төлемен бірге әскерімен Бұхарға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.
1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мысалы Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек — 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, моңғолдарға өтіп кетті. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастапан әскер Шыңғыс ханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, Ашнас та ерлікпен қорғанды (15 күн).
1220 ж. 4 сәуірде моңғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхар,Самарқанд, Үргеніш үлкен қарсылықпен алынды. 
1219—1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады.
1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.
Моңғол әскерлеріның басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алды. 
1222 жылы Кавказға кірді. Моңғолдар аландарды, қыпшақтарды, Қалка өзенінде орныққан орыстарды жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Дешті-Қыпшақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайтып оралды. Сонымен, 1219—1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді.
    • Мәуереннахр, Жетісу мен Қашқар кірді. Оның ордасы Іле алқабында болды.

Шыңғыс ханның екінші баласы Шағатайдың үлесі
    • Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласы маңы.

Үшінші баласы Үгедейдің үлесі
    • Шыңғыс хан жұрты Моңғолияны иеленді

Кіші ұлы Төленің үлесі
    • Амудың төменгі жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді.Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.

Жошы ұлысы 

Шыңғыстан соң


.
1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы болды. Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды. Бату хан әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін моңғол феодалдары иеленді.Бату хан әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарды, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды
.
1239 ж. басында моңғолдар Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды.
1240 ж. күзде Киев алынды. моңғолдар Польша, Венгрия, Чехияны талады. Енді моңғол жері батыста -Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату хан иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Бату ханға тәуелді бодан болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет