ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ
МЕМЛЕКЕТ, ПАРТИЯЛАР,
ҚЫСЫМ ТОПТАРЫ,
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ
ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ Т.Б.
НОРМАТИВТІК
САЯСИ, ҚҰҚЫҚТЫҚ,
МОРАЛЬДЫҚ НОРМАЛАР;
ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ДӘСТҮРЛЕР,
РӘМІЗДЕР
КОММУНИКАТИВТІК
БИЛІКТІҢ, ҚОҒАМНЫҢ ЖӘНЕ
ИНДИВИДТІҢ ӨЗАРА ІС-
ҚИМЫЛЫ ФОРМАСЫ
(БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ,
ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ, БАҚ-ДА
СӨЙЛЕУ ЖӘНЕ Т.Б.)
МӘДЕНИ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ, ДІН,
ДІЛ (ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ТҰРАҚТЫ
ТҮСІНІКТЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ,
ОЙЛАУ БЕЙНЕСІ, СИПАТЫ
ЖӘНЕ ӘДІСІ)
ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ
ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ӨМІРІНЕ
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ САЯСИ
ИДЕЯЛАРЫНЫҢ, КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ,
ТҮСІНІКТЕРІНІҢ, НАНЫМДАРЫНЫҢ,
МҮДДЕЛЕРІНІҢ, СЕЗІМДЕРІНІҢ
ЖИЫНТЫҒЫ
Институционалдық, нормативтік, коммуникативтік, мәдени
және идеологиялық қосалқы саяси жүйелердің функционалдық
мәнін қарастырайық.
Институционалдық
қосалқы жүйе саяси
институттардың мынандай
кешенінен тұрады:
мемлекет, саяси партиялар,
бұқаралық қоғамдық
ұйымдар, қозғалыстар,
мүдделі топтары.
Институттардың осы
жиынтығы саяси биліктің
жұмыс жасауымен
байланысты.
Саяси қатынастарды
реттейтін нормалар
жиынтығы нормативтік
қосалқы жүйені құрайды.
Бекітілген түрдегі нормалар
қоғамдық бірлестіктер мен
институттардың іс-әрекет
нормасының құқықтық
негізін құрайды.
Бекітілмеген түрде: ұрпақтан
ұрпаққа дәстүр, әдет-ғұрып,
этикалық-моральдық
принциптер мен нормалар
түрінде беріле алады
Коммуникативті қосалқы
жүйе - бұл саясатты жасау
мен оны жүзеге асыруға
орай индивидтердің,
әлеуметтік топтардың,
институттардың билікке
араласуы нәтижесінде
қалыптасатын олардың
арасындағы қатынастар
мен өзара әрекет
формаларының
жиынтығы
Идеологиялық қосалқы жүйе
- қоғамның саяси өміріне
қатысушылардың түрлі саяси
идеяларының,
көзқарастарының,
түсініктерінің, сенімдерінің,
мүдделерінің, сезімдерінің
жиынтығы.
Мәдени қосалқы жүйе –
басым құндылықтар мен
бағдарларды айқындайтын
құндылықтар жүйесі,
субмәдениеттер жиынтығы,
конфессионалдық
қатынастар кеңістігі
Жалпы алғанда, саяси жүйе
функцияның келесі үш
тобын міндетті түрде
орындауы тиіс:
• сыртқы ортамен өзара әрекеттесу
қызметі;
• саяси сала ішінде өзара әрекет
қызметі;
• жүйенің сақталуы мен бейімделуін
қамтамасыз ететін қызметтер.
Тиісінше, келесідей саяси жүйе
функцияларын бөліп
көрсетуге болады:
• Саяси әлеуметтену функциясы. Индивидті саяси құндылықтарға баулу, қоғамда
қабылданған саяси мінез- құлық стандарттарды ұстану, билік институттарына лоялдылық
таныту.
• Бейімделу функциясы. Өзекті проблемаларды неғұрлым тиімді шешу жолдарын тауып,
оларды қоғамға ұсына алатын билік субъектілерін дайындау және іріктеу.
• Жауап қату функциясы. Іштен және сырттан келетін сигналдарға жауап қату. Бұл қызмет
өзгермелі жағдайларға жүйенің тез бейімделуге мүмкіндік береді.
• Экстракциялық функция. Сыртқы және ішкі ортадан ресурстарды алу.
• Дистрибутивті функция. Қоғам ішінде топтар арасында ресурстарды бөлу.
• Реттеушілік функция. Нормалар мен қағидаларды
енгізу арқылы, сондай-ақ оларды бұзушыларға шаралар қолдану арқылы қоғамға ықпал ету,
ол нормалар мен қағидалар негізінде индивидтер өзара әрекет етеді.
САЯСИ ЖҮЙЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ
АДАМДАР МЕН ТОПТАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ЗАҢДАРЫН
ЖАСАУ
САЯСИ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ
ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
САЯСИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ҚОҒАМ
МҮШЕЛЕРІН САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІККЕ ЖӘНЕ ІС-
ӘРЕКЕТКЕ ТАРТУ
ЗАҢДАР МЕН ҚАҒИДАЛАРДЫ ҰСТАНУДЫ
ҚАДАҒАЛАУ, САЯСИ НОРМАЛАРДЫ БҰЗАТЫН
ӘРЕКЕТТЕРДІҢ АЛДЫН А
ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫН,
МІНДЕТТЕРІН, ЖОЛДАРЫН АНЫҚТА
ҚАБЫЛДАНҒАН МАҚСАТТАР МЕН
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША
ҚОҒАМ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫР
РУХАНИ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БӨЛУ
МЕМЛЕКЕТ ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК
ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫҢ ТҮРЛІ МҮДДЕЛЕРІН
ОРАЙЛАСТЫРУ
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |