Абсолюттік
|
(Absolutus - шартсыз, абсолюттік)- абсолюттік. Шартсыздықтың философиялық категориясы. Медицииалық практикада шегіне жеткен қалтқысыз күйлерді сипаттау үшін қолданылады. Мысалы: тас соқыр, керең құлақ және т.б.
|
Аксиология
|
(грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім.
|
Антропология
|
— адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді.
|
Антропоцентризм
|
- [грек. anthropos - адам, centrum - орталық] - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық Жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды.
|
Априори
|
(латынша apriori – алдыңғыдан) – ортағасырлық схоластар енгізген қандай да бір амалға, әрекетке тәуелсіз, олардан бұрын танылатын ұғым, түсінік мәнін білдіретін философиялық термин. Априоридің қарсы мағынасы – апостериори.
|
Аргумент
|
(лат. argumentum – нәрсе, пән, белгі) –. 1) философияда – пікір, ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел. Логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады.
|
Герменевтика
|
(гр. hermēneutikos - түсіндіру, талқылау) — түсіндірудің теориясы мен әдістемесі, мәтіндерді (текст) түсіндіру өнері. Ол көбіне діни мәтіндерді, әдеби шығармалардағы даналықтарды, философиялық мәтіндерді түсіндіреді.
|
Гипотеза
|
(гр. ὑπόθεσις — негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.
|
Гносеология
|
грек тілінен аударғанда, таным туралы білім деген мағына береді. Гносеология-адамның табиғатын, нақты білімге қатынасын, оның мәдениет пен коммуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, ақиқат білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым.
|
Шегерім
|
(ағыл. discount, түрік. indirim) — тауарды сатушы өткізім нарығын кеңейту немесе сату көлемін ұлғайту, жекелеген шығынды жабу мақсатымен сатып алушыларға жеңілдік жасайтын сома. Ішкі және халықаралық саудада бағаны “саудаласып кеміту” әдісі ретінде пайдаланылады.
|
Демаркация -
|
Медицинада: өлі еттенген жердің сау тканьдерден ажырап шектелуі. Осыған орай демаркациялық сызық гангрена, некроз кезінде байқалады.[1][2]
Әлеуметтануда: шекара делимитациясы туралы келісімге сәйкес және оған қосымша карталар мен суреттеуге байланысты мемлекеттік шекара сызығын анықтау және белгілеу
|
Диалектика
|
(гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі
|
|
|