Орындаған
:
Расұл Айсұлтан
TR2301
Тексерген: Лекенова Алмагул
Педагогиканын гылым ретінде калыптасуы мен дамуы
Өткенде
де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген.
Бірінші топ ғылым өкілдерінің
ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын
құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни
педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл
жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос,
мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология,
жаратылыстану, əлеуметтану жəне т.б.) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу
жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн
рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне
тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика
мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ,
жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып
отыр: педагогика
-
өзіндік нысаны мен зерт
-
теу пəніне ие салыстырмалы дербес білім
саласы («Педагогика» оқулықтарының ең соңғы басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый,
В.А.Сластенин жəне т.б.).
Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой
ұсынған ғалым жəне практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика
нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің
объектісі–
бұл «педагогикалық дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші
назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан,
педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты
бағдарланған саналы іс
-
əрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны
ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті),
оның дамуына байланысты педагогикалық
-
тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады.
Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс
-
əрекеттері
үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз. Бұл
құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование) атамасымен белгіленіп,
педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.
Педагогика пəні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы
емес, оның зерттеуімен философия, əлеуметтану, жантану, экономика жəне де басқа
ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген «еңбек
ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына
жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады.
Социолог өз міндетіне орай білім жүйесінде дайындықтан өткен адамдардың əлеуметтік
ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми
-
техникалық үдеріске жəне əлеуметтік өзгерістер
жолында ықпал ету мүмкіндіктерін білгісі келеді.
Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарын негізге ала отырып, білім саласының жалпы
міндеттері мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға жауап іздестіреді: Білімнің бүгінгі жайы
қалай? Ол келешекте қандай болмақ? Психолог білімді педагогикалық үдеріс ретінде
қарастыра отырып, оның психологиялық қырларына назар аударады. Саясаткер қоғам
дамуының нақты кезеңіндегі мемлекеттік білім саясатының тиімділік деңгейін тануға
ұмтылады т.с.с.
Əлеуметтік құбылыс болған білімді зерттеудегі əртүрлі ғылымдардың қосқан үлесі, əлбетте,
құнды да қажетті, бірақ олардың бəрі де адамның күнделікті өсу жəне даму процестерімен
байланысқан білімнің мəндік астарын жəне сол даму процесіндегі педагог пен оқушы
ықпалдастығы мен оған сəйкес жүйелік құрылымдарды назардан тыс қалдырады. Солай
болуы заңды да, себебі аталған проблемалардың баршасы арнайы ғылым –
педагогиканың
зерттеу нысандары.
Осыдан, педагогиканың пəні –
арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы,
білім беру жəне мəдени
-
тəрбие орындарында –мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы
біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан
педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған
педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның
бүгінгі бағыт
-
бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады.
Осы негізде педагогика тəлім
-
тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын,
педагог іс
-
əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын
жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап
отыратын қарым
-
қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып
отырады.
Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың
қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте
іске асырылуы қажет теориялық жəне технологиялық міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
-
сипаттау немесе түсіндіру –
озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;
-
анықтау (диагностикалық) –
педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс
-
əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен
себептерді айқындап алу;
-
болжау (прогноздау) –
барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде
эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың
жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мəнін
ашу, педагогикалық процестің түп
-
төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу,
сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу
сынды іс
-
əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне
тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық
педагогикалық жүйе моделі құрылады.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
-
жобалау (проекттеу) –
педагогикалық іс
-
əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын
қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен
анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама,
оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;
-
жаңалау –
тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай
педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе, пайдалану;
-
ықпал таныту (рефлексивтік)жəне реттеу
-
түзетулер енгізу (коррекциялық)
-
ғылыми
зерттеу нəтижелерінің оқу
-
тəрбие ісіне болған əсер
-
ықпалын бағалау жəне одан соңғы
ғылыми теория мен тəжірибелік іс
-
əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу
-
түзетулерді іске асыру.
Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған
əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның
əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана
емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен
іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты
міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы
ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта
-
ықыласына
негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты
мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады.
Білім мəні –
əр адамның өте күрделі өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны
жоғары моральдық жəне азаматтық мұраттар рухында тəрбиелеу.
Сонымен, əлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты танылған –
үлкендердің бедел –
абыройына жəне балалардың бағыныштылығына негізделген əкімшіл
(авторитарлы) ағым, шəкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші –
гуманистік ағым. Олардың
арасында –сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Əлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің
гуманистік таңдауын қабылдады.
2. Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Педагогика –
кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың
барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың
ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің
кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі
ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы
-
философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы
шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім
саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын
пайдаланады. Философия –
педагогикаға танымның жалпы бағыт
-
бағдарын, педагогикалық
құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс
-
тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да,
философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге
педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданған.
Қоғамдық құбылыс ретінде тəрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің өткен жолын
педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз. Бастан
кешіргенді зерттеу жəне оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі
даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан
сақтандырады.Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика; жас
кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика.
Жалпы педагогика –
адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік
мекемелердегі оқу
-
тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан
қарастыратын
іргелі
ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады.
1) оқу
-
тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4)
мектеп тану. Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік
жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас
тобына байланысты оқу
-
тəрбие іс
-
əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие
заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің
барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу
-
тəрбие мекемелеріндегі
тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда.
Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары –
мектепке дейінгі
педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан
оқыту педагогикасы жəне т.б.
Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып,
қарқынды даму жолына түскен –
жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері
-
барша
деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу
-
тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім
алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу
жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек
педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық
экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының əртүрлі салаларында
қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа
білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін
тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика зерттейді.
Əлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мəжбүрлі тəрбие (первентив)
педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда.
Өз дамуында əрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы
педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы жəне тəрбиесімен
сурдопедагогика, зағиптар
-
тифлопедагогика, ақыл
-
есі кемдер
-
олигофренопедагогика
шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пəндік əдістемелер құрайды.
Олар оқу
-
тəрбие мекемелерінің барша типтерінде өтілетін нақты оқу пəндерінің оқытылуы
мен игерілуі заңдылықтарын ашып, мұғалімдерге ұсынады. Өз пəнін оқыту əдістерімен
əрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы міндетті. Педагогиканы оқыту əдістемесі де
жоқ емес. Қолыңыздағы оқу құралы осы əдістеме талаптарына лайық жазылған. Соңғы он
жылдықтарда педагогиканың барша салалары дəстүрлі əдістемелерден ерекшеленген,
нақты жағдайларда жоғары нəтижеге жеткізуші ең тиімді деген жолдар мен тəсілдерді
түзуге көмектесетін жекеленген технологиялар жасау бағытында дами бастады.
Тəрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дəл жəне техникалық
білімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар –
кибернетикалық, математикалық,
компьютерлік педагогика, суггестология (гипноздық сендірумен жедел оқыту жүйесі) жəне
т.б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты ғылымдардың бірі ретінде ауқымды да
қарқынды даму жолына түсті.
Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде танылған. Бұл жүйеде
мектеп педагогикасы маңызды орынға ие. Себебі тəрбие процесі əсіресе балалық шақта
жылдам жүрісте болады, сондықтан да оны жоғары кəсіптік деңгейде басқара білу қажет.
Өз проблемаларын шешу барысында педагогика көптеген ғылымдардың деректерін
пайдаланады.
3. Педагогика жəне басқа ғылымдар
Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен
байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында
педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде
олардың əрқилы ықпал
-
əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих
тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері
-
кейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды.
Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары
-
философия мен психология. Бұл
ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп
дамуының алғы шарты.
Педагогиканың философиямен байланысы өте бір ұзақ та өнімді болды, себебі
философиялық идеялардан педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап отырды.
Педагогикалық ізденістердің бағыттары белгіленді, сонымен бірге педагогиканың
əдіснамалық негізі осы философиялық көзқарастардан қалыптасты. Философиялық
бағыттар (экзистенциалды, прагматикалы, неопозитивистік, материалистік т.б.) жүйесін
ұстануына орай педагогика зерттеушілерінің оқу
-
тəрбие саласындағы ғылыми
-
ізденіс жолы,
білім беру процесінің мəні мен мағынасы, мақсаты мен технологиялық сипаттамасы
айқындалады. Философия
сонымен бірге педагогикалық болмыс пен нақты тəжірибені
теориялық тұрғыдан түсінудің құралы ретінде қолданылып, жаңа педагогикалық
тұжырымдамалар жасаудың бастау көзін береді.
Педагогиканың ежелден келе жатқан дəстүрлі де аса бір құнды байланысы жантану
(
психология) ғылымымен орныққан. Адам табиғатын білу, оның тума қасиеттері мен
мүмкіндіктерін түсіну, тұлға дамуы мен оның жандүниелік қозғалыстарында байқалатын
заңдылықтар жəне оларды басқарушы тетіктерді ескеру, сонымен бірге оқу мен тəрбие
жүйесін осы психикалық заңдылық, қасиет
-
сапа, қажеттіктер мен мүмкіндіктерге негіздей
отырып құрастыру талаптарын елеулі ғұлама
-
педагогтардың бəрі де алға тартып отырған.
Дегенмен, ескеретін жəйт: тұлғаның дамуы мен қалыптасуын бір жақты тек психологиялық
шарттармен ғана түсіндіру шынайылыққа келмейді, себебі педагогтар мен балалар өмірі
табиғи заңдылықтардан кейде басымдау түсетін əлеуметтік
-
педагогикалық жағдайларға
тəуелді келеді, тіпті сол психологиялық дүние, болмыстың өзі де арнайы қоғамдық ықпал
нəтижесінде өзгеріске келуі əбден мүмкін.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы адамды тұлға ретінде зерттеуімен ортақ
келетін философия жəне психология аймағымен шектеліп қалмайды. Оның адамды
тіршіліктегі сипатында танушы анатомия, физиология, астрология жəне медицина
ғылымдарымен де байланысы заңды құбылыс.
Адам дамуына ықпал жасаушы табиғи жəне əлеуметтік факторлар арақатынасынан
туындайтын проблема
-
педагогика үшін өзекті мəселелердің бірі. Адамның жекеленген
табиғи дамуын зерттеуші биология ғылымында бұл мəселе аса маңыздылығымен танылған.
Адамды табиғи жаратылыс туындысы жəне əлеуметтік болмыс жемісі ретінде қарастыра
отырып, педагогика антропология ғылымындағы адам туралы білімдердің бай қорын толық
пайдаланады, осыдан олардың бəрін жалпыланған адам бойында теориялық бірігімге
келтірумен оның сан қырлы да көп сырлы болмысын тануға жол ашады.
Педагогиканың медицинамен байланысының нəтижесінде педагогикалық білімдердің
арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды. Осыдан, өз дамуында
тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім берудің тəсілдері анықталды.
Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін пайдалана отырып, бала деніндегі
кемшіліктердің орнын толтыру мен оның қоғам өміріне толыққанды араласып кетуін
жеңілдететін терапиялық құрал
-
жабдықтар жүйесін түзіп, қолданымға келтірді.
Сонымен бірге педагогиканың дами түсуі адамды қоғам мүшесі ретінде, оны əлеуметтік
қатынас, байланыстар жүйесінде зерттеуші ғылымдарға да тəуелді келеді. Сондықтан да
осы заман педагогикасының əлеуметтану, экономика, саясаттану жəне басқа əлеуметтік
ғылым салаларымен тұрақты да ықпалды байланысқа түсуі кездейсоқ емес.
Педагогика жəне экономикалық ғылымдар арасындағы қатынастар өте күрделі, бірақ
біртекті емес. Қай заманда да экономикалық саясат қоғам білімін қамтамасыз етудің
қажетті шарты болған. Осы саладағы ғылыми зерттеулерді экономикалық қолдау
педагогика дамуына үлкен ықпал жасаушы факторға айналып отыр. Осы ғылымдардың
байланысынан «Білім экономикасы» деген арнайы педагогика саласы дүниеге келіп, білім
беру аймағын реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, олардың қоғамды
сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.
Педагогиканың əлеуметтану ғылымымен байланысы ежелден келе жатқан, дəстүрлі. Себебі
бұл екеуін де толғандыратын ортақ проблемалар: білімді жоспарлау; халықтың əртүрлі
топтары мен əлеуметтік қатарының негізгі даму бағыттарын айыра тану; əрқилы əлеуметтік
орта мен ұйымдардағы тұлғаның қоғамдық кемелденуі мен тəрбиесі заңдылықтарын ашу.
Қоғам мен мемлекеттегі білім саясатының қалыптасуы əрдайым үстемдік жүргізуші
партиялар мен таптардың идеологиясы негізінде түсіндіріледі; бұл тұрғыдан педагогика
мемлекеттік оқу
-
тəрбие құралы ретінде саясаттану ғылымының заңдылықтарына сүйене
отырып, адамның саяси сана субъектісі ретінде қалыптасуының шарттары мен
механизмдерін белгілейді, саяси идеялар мен талаптарды игеріп, орындау мүмкіндіктерін
нақтылап, ашып отырады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды
пайдаланудың келесі формалары анықталған:
–
басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының
педагогикада пайдалану;
–
бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу əдістерін шығармашылықпен қабылдап,
меншіктеу;
–
психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, əлеуметтану жəне басқа да ғылымдар
зерттеулерінің нақты нəтижелерін педагогикада қолдану;
–
адамды жан
-
жақты жəне көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.
Жекеленген əдістемелер –
оқудың жалпы заңдылықтарын жəне пəндерді оқытуда қолдану
ерекшеліктерін зерттеуші пəн дидактикасы.
Педагогика тарихы –
əрқилы тарихи дəуірлердегі педагогикалық идеялар мен білімдендіру
тəжірибесін зерттейтін ғылым саласы.
Педагогика ғылымындағы жаңа салалардың жіктелу процесі белсенді түрде жалғасын
табуда. Соңғы жылдардың өзінде педагогиканың бұрын болмаған салалары өзінің
қажеттілік маңызымен көзге ілінуде: білім философиясы, салыстырмалы педагогика,
əлеуметтік педагогика ж.т.б
Достарыңызбен бөлісу: |