Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Филология және көптілді білім беру институты
СӨЖ Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің әдіснамалық негізі ретінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың білім беру процесін ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық моделі
Орындаған: Байшуақова Ақтоты, 302-топ
Тексерген: Нурсеитова Ж.Ж.
Алматы 2022
ЖОСПАР: I.Кіріспе бөлім
II.Негізгі бөлім
Инклюзивті білім беру жүйесінің маңызы
III.Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазіргі әлемде білім беру бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға тап болған ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны артып келеді. Олар білім мен тәрбие беру үшін арнайы жағдайлар жасауды қажет етеді және мұндай балаларды білім беру ұйымдарында жан-жақты қолдау қажет. Басқаша айтқанда, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру қажеттіліктерін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кедергісіз білім беру ортасы қажет. Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру қажеттілігі туындайды. Білім беру ортасы әлеуметтік-мәдени ортаның қосалқы жүйесі және сонымен бірге баланың жеке басының дамуы жүзеге асырылатын арнайы ұйымдастырылған педагогикалық жағдайлар ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыда білім беру ортасы өзінің субъектілерінің өзін-өзі тиімді дамуын қамтамасыз ететін білім беру мүмкіндіктерінің сапасы тұрғысынан өзінің функционалдық мақсатымен ерекшеленеді. Инклюзивті білім беру мәселелерін қарастыру аясында қоршаған орта ұғымы ерекше өзектілікке ие. Бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың жаңа ортаға қоятын талаптарымен байланысты.
Инклюзивті білім беру ортасын анықтамастан бұрын біз «білім беру ортасы» саласының түсінігі мен мәніне жүгіндік. Білім беру ортасы — бұл тұлғаны қалыптастыруға әсер ету жүйесі мен шарттары; әлеуметтік және кеңістіктік-объективті ортада қамтылатын және оның даму мүмкіндіктерінің жиынтығы (Ясвин В. А.). «Білім беру ортасы» қоғамдық ортада білім беру саласы ретінд, ал қоршаған орта білім беру факторы ретінде қарастырылады (Баева И. А.). Инклюзивті білім беру ортасы — бұл білім беру процесінің барлық субъектілеріне өзін-өзі дамытудың тиімді мүмкіндіктерін беретін білім беру ортасының түрі. Ол білім беру кеңістігін әр баланың қажеттілігіне бейімдеу арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселесін шешуді, соның ішінде оқу үдерісін, әдістемелік икемділік пен өзгертулер, қолайлы психологиялық климатты ұйымдастыру, сыныптарды барлық балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын етіп қайта құруды қамтиды, ерекшеліксіз және мүмкіндігінше балалардың білім беру процесіне толыққанды қатысуын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру келесі принциптерге негізделген: Инклюзивті ортаға ерте ену. Бұл абилитация мүмкіндігін, яғни әлеуметтік өзара әрекеттесу қабілеттерінің бастапқы қалыптасуын қамтамасыз етеді; Түзету көмегі. Дамуында ауытқуы бар баланың компенсаторлық мүмкіндіктері бар, оларды «қосу», оқу үдерісін құруда оларға сену маңызды. Бала, әдетте, әлеуметтік ортаға тез бейімделеді, алайда ол қолдау кеңістігін және арнайы қолдауды ұйымдастыруды талап етеді (бұл оның ерекше қажеттіліктерін ескеретін жағдайлар ретінде де әрекет етеді). Білім берудің жеке бағыттылығы. Еерекше білім беруді қажет ететін бала жалпыға бірдей білім беру бағдарламасын игере алады, бұл оны балалар ұжымының өміріне қосудың маңызды шарты болып табылады. Қажет болған жағдайда баланың сипаттамаларына, кеместіктің түрлеріне және мүмкіндіктеріне байланысты жеке білім беру бағыты жасалады. Білім беру бағыты икемді болуы керек, жақын даму аймағына бағытталуы керек, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды, жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық іс-әрекеттің негізгі түрлерін, әлеуметтік дағдыларды дамытуды қамтамасыз ету керек.
Топтық жұмыс. Мамандар, мұғалімдер, ата-аналар өзара тығыз байланыста жұмыс істеуі керек (командалық принцип бойынша), бұл әр балаға қатысты қызметтің мақсаттары мен міндеттерін бірлесіп құруды, баланың ерекшеліктерін, оның мүмкіндіктерін, білім беру процесін бірлесіп талқылауды көздейді. Ата-аналардың белсенділігі, олардың баланың даму нәтижелері үшін жауапкершілігі. Ата-аналар ұжымның толық мүшелері, сондықтан оларға педагогикалық процесті, оның динамикасы мен түзетуін талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік беру керек. Әлекметтендірі инклюзияның нәтижесі ретінде.
Жұмыстағы негізгі мақсатты компонент — баланың әлеуметтік қарым-қатынас тәжірибесін игере отырып, оның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру. Ерекше білім беруді қажет ететін бала балалардың барлық іс-шараларына белсенді қатысуға, өз ойын білдіруден, өз пікірін білдіруден, достар табудан қорықпауға үйренуі керек; тұлғааралық қатынастарды дамыту, басқа балаларды өзін қалай болса солай қабылдауға үйрету. Тиімді білім беру ортасының негізгі сипаттамаларының бірі — оның қауіпсіздігі (физикалық және психологиялық тұрғыда). Психологиялық қауіпсіз орта бұл әлеуметтік ортадағы психологиялық кедергілерден және жағымсыз жағдайлардан балаларды қорғау болып табылады. Инклюзивті білім беру ортасының құрамына келесі компоненттер кіреді – кеңістіктік-пәндік компонент: мекеменің материалдық мүмкіндіктері — қол жетімді (кедергісіз) кеңістіктік ұйымдастыру, балалардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін замануи техникалық құралдармен қамтамасыз ету – мазмұндық-әдістемелік компонент: баланы оқыту мен дамытудың жеке бағыты, – білім берудің өзгермелілігі мен икемділігі, білім берудің техникасы, формалары мен құралдарын жатқызуымызға болады – коммуникативті және ұйымдастырушылық компонент: инклюзивті топтарда жұмыс істеу барысында педагогтардың жеке және кәсіби даярлығы, топтарда қолайлы психологиялық климатты ұйымдастыру барысында мамандармен жқмыс жасау. Инклюзивті білім беру ортасын дайындау келесі міндетті шарттарды сақтауды көздейді: – баланың мүмкіндіктеріне қарамастан педагогтардың әрбір баланы теңдей қабылдауы; – білім беру процесінің барлық қатысушылары мен техникалық қызметкерлердің төзімді мінез-құлық мәдениетімен қамтамасыз ету; – Ерекше білім беруді қажет ететін баланың жақын даму аймағына сәйкес оқу мақсаттарын анықтау; – Ерекше білім беруді қажет ететін баланы оқудан тыс мектеп іс-шараларына қосу; – балаға қолдау көрсетуде отбасы әлеуетін пайдалану Инклюзивті орта құру бойынша білім беру ұйымының жұмысының күтілетін нәтижесі: а) баланың мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарына жағымды көзқарасы; б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі академиялық табыстылығы; в) баланың әлеуметтік бейімделуі Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық педагогикалық қолдау көрсетуде иклюзивті білім беру ортасын ұйымдастырудың негізгі бағыттары: – психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нормативтік негізін құру; – білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау; – білім беру ұйымның ағымдық жағдайын талдау және бағалау; – білім беру ұйымның педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау; – мектеп қауымдастығын дайындау; – одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу. Инклюзивті білм беру ортасын ұйымдастыру кезінде көптеген әдістемелік кешендерді баланың білім алу және жеке мүмкіндіктеріне қарай өзгертіліп отырады. Білім алуда және әлеуметтік ортада бейімдеуде инклюзивті білім беру ортасы ерекше маңызды орынға ие. Әр түрлі қабілеттері бар балалардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін икемді және өзгермелі ұйымдастырушылық-әдістемелік жүйені құру мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйелерінің сабақтастығымен қамтамасыз етіледі.