2022-2023 жыл Күні: 20.10.2022 Сынып жетекшісі: Кенжебай Жүзім Әлімханқызы Әдіскер: Төлеген Перизат Қайыржанқызы Машықкер: Абеубекова Аяулым Аманбековна Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Жұлдызды сәт» Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың білімге деген құлшынысын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, топтық, ұжымдық жұмыс жасауға дағдыландыру.
Міндеттері: Қабілетті оқушылардың негізгі пәндерден білім деңгейін анықтау.
Танымдық ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын, ой-өрісін арттыру.
Оқушыны ептілікке,шапшаңдыққа үйрету.Уақытты үнемдей отырып, ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану.
Ашық тәрбие сағатының көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер жазылған плакаттар, интерактивті тақта.
Ашық тәрбие сағатының әдісі: сұрақ-жауап әдісі, «миға шабуыл» стратегиясы.
Ашық тәрбие сағатының барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі 1.Дайындық жұмыстары
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер!
Халқымыз жан-жақты адамды «Сегіз қырлы бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі – оның білімі. Олай болса, 2-сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салады.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өреңді
Білімнің нәрлі сырына!-дей келіп, бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймыз!
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар, -дегендей, білімпаз сайыскер топтарын таныстырайық.
I-топ: «Білім» 2 «А» сынып оқушылары
II-топ:«Болашақ» 2 «Ә» сынып оқушылары
-Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жеңіс-мәре жақын ба, әлде алыс па?-демекші қазылар алқасымен таныстырайық.
-Енді, сайыс кезеңдерімен танысайық