Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері
Бұлшық ет қозғыш тіндердің бірі, демек, басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер - козғыштық, қозуды өткізу
бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшық еттің ерекше қасиеті - жиырылу.
Ет тіннің қозғыштық, дәрежесі қозу табалдырығы арқылы анық-талады. Көлденең жолақты қаңқа еті
жүрек етіне қарағанда қозғыштау келеді, яғни оның қозу табалдырығы әлдеқайда төмен болады.
Бірыңғай салалы бұлшықеттің қозғыштық дәрежесі жүрек етінікінен де төмен, демек, ол бұлшыкеттің
тітіркендіру табалдырығы бәріненде жоғары болады.
Ет талшықтарының қозуды өткізу шапшандығы сомалық жүйке талшықтарынікінен көп төмен. Қозу ет
талшығы сарколеммасын бойлай әртүрлі жылдамдыкпен, атап айтқанда: қаңқа етінде секундіне 3,5-14 м,
жүрек етінде 0,9-1 м, ал бірыңғай салалы етте 0,5 мм-ден 5-10 см-дей жылдамдықпен тарайды.
Ет тіні созылғыш (серпімді) келеді. Оның созылғыштығы резеңкеге қарағанда шүбәсіз, яғни босатқанда
ет талшығының ұзындығы тура бастапқы созбай тұрғандағы қалпына келеді.
Бұлшықеттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті - жиырылып жазылу. Жиырылу белгілі бір
тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап, яғни ет ұзындығының қысқарып қатаюы (тонусының
жоғарылауы).
Жүрек еті мен кейбір бірынғай салалы, яғни ішек, лимфа тамыры қабырғаларындағы еттердің
автоматиялық қасиеті де бар. Қаңқа етінің мұндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз
жиырылмайды. Қаңқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен байланысты
болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етгі адам
(жануар) өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып жазылуын және автоматиялық қасиетін
вегетативтік жүйке жүйесі реттейді. Ет пен жүйке байланысы бұзылса немесе түрлі себептермен ет ұзақ
уақыт жиырылмаса, ет талшықтары құрылымы өзгеріп, семіп қалады (атрофия).
Морфофункци
ональді
Көлденең
жолақты
бұлшықет
Қанқалық
бұлшық ет
Жүректің
бұлшық еті
Бірыңғай
салалы
бұлшықет
Көлденең жолақты ет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus ) — қаңқа
бұлшықет ұлпасы және жүрекет ұлпасы болып екіге бөлінеді. Көлденең
жолақты бұлшықет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus sceletalis) —
қаңқаның, тілдің, жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы бөлігінің,
көмекейдің, көз алмасының, құлақтың, көкеттің бұлшықеттерін құрайды.
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының ет талшықтары
миосимпласттардан тұрады. Миосимпласт сыртынан сарколеммамен
қапталған. Сарколемма өз кезегінде екі қабат қабықтан: сыртқы негіздік
жарғақтан және ішкі плазмолеммадан тұрады. Бұлшықет
талшықтарының сопақша келген мыңдаган ядролары миосимпласт
цитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында жатады. Ал
миосимпласттың жалпы органеллалары ядролардың маңайында
орналасады. Миосимпласттарда агранулалы эндоплазмалық тор жақсы
жетілген. Олар бір-бірімен өзара ілмектері арқылы жалғасып,
байланысып жатады. Бұларды саркоплазмалық тор деп атайды.
Митохондриялар миофибриллалардың аралықтарында орналасады.
Миосимпласт саркоплазмасында энергия көзінің қызметін атқаратын
гликоген дәншелері, липидтердің майда тамшылары және тыныс алу
пигменті — миоглобин болады. Бұлшықет талшықтарының арнайы
органеллалары — миофибриллалар миосимпласт ядроларын
саркоплазмага қарай шетке ығыстырып, цитоплазма орталығының көп
бөлігін алып жатады. Олар ет талшығының ұзын бойын бойлай
орналасады. Миофибриллалардың орташа диаметрі 1-2 мкм.
Миофибриллалар ретімен және кезегімен орналасқан жиырылғыш
протеиндер — актин және миозин жіпшелерінен құралған.
Жүрек бұлшықет ұлпасы (сердечная мышечная ткань);
(лат. textus muscularis cordis textus — ұлпа, muscularis -
Бұлшық ет, cor - жүрек) — жүректің ортаңғы қабығы
— миокардты түзеді. Жүрек Бұлшықет ұлпасы
сегменттелмеген мезодерманың ішкі (висцеральды)
жапырақшасынан дамиды және еріксіз жиырылады.
Ұлпа — пішіні цилиндр тәрізді кардиомиоциттерден
құралған. Олардың сопақ ақшыл боялған ядросы
жасуша цитоплазмасының ортасында орналасады.
Жиырылу процесін іс жүзіне асыратын, актин және
миозин миофиламенттерінен құралған протеиндік
жіпшелер — миофибриллалар жасуша
цитоплазмасының шеткі жағында ұзынынан орын
тебеді. Кардиомиоциттер үштарындағы арнайы
тұйықтаушы аймақтары арқылы өзара байланысып,
аралық дискілер түзеді. Бүған қоса олар бүйір
өсінділері арқылы да жалғасып, тор тәріздес құрылым
түзеді. Осының нәтижесінде миокард
кардиомиоциттері бір мезгілде жиырылады.
Қаңқалық бұлшық ет тіні
Адам массасының 25-50% құрайды.Ол скелеттік мускулатураның құүрылымдық құрамдасы
сонымен қатар тіл, өңеш бөліктерінде де құралған.
Жалпы организмдегі бүкіл қаңқа бұлшықеттері бір жерден яғни,мезодерманың дозалді бөлігі
сомиттердің ортаңғы бөлігі-миотомдардан дамиды. Қаңқа бұлшықет тінінің гистогенезі 4
сатыдан тұрады:
1-миобласттық сатысы
Қоршаған эмбриондық бастамалардың индукциялық әсерінен миотом жасушаларының
миогенез бағытында детерминацияға ұшырауынан басталады. Пайда болған миогенді
промиобласт жасушалары дифференциялануға ұшырайды.
І-типті миобласттар-цитоплазмасы нәзік базофильді, органеллалары шамалы және
полиферативтік белсенділігі жоғары жасушалар. Олар әрі қарай дамып миосимпласттардың
қалыптасуына әкеледі.ІІ-типті миобласттар симпласттарға бірікпей, жеке түрінде қалып
миосателлитоциттерге айналатын кішкене, созылыңқы пішінді, аз дифференцияланған
жасушалар. Миосателлитоциттер қалыптасушы бұлшық ет жасушасының жанында
орналасады.
2-миосимпласттық саты
Миобласттардың дифференциялануына байланысты. Миобласттар ұштарымен қосылып,
көп ядролы құрылымдар-қысқа миосимпласттарды түзеді. Миосимпласттардың
цитоплазмасында актин және миозин ақуыздарының синтезі басталады. Симпластта
алғашқы және миофибрилдер пайда болады. Белсенді синтездік процестердің және жаңа
миобласттардың қосылуы нәтижесінде миосимпласттар әрі қарай өсе береді.
Миобласттардың бір-бірімен бірігуі өзара тануына байланысты және олар көрші бұлшық
еттік емес жасушалармен бірікпейді.
3-бұлшық ет түтікшелер сатысы(миотубтар)
Симпласттардың ұзаруымен және цилиндірлік құрылым-миотуб -тардың
қалыптасуымен сипатталады. Олардың орталық бөлігінің ұзына бойында
ядролар тізбектеліп орналасқан. Саркоплазманың перифериясында орналасатын
арнайы жиырылғыш органеллалар-миофибрилдердің саны өседі.
4-кемелденген бұлшық ет талшықтарының қалыптасу сатысы
Саны көбейген миофибрилдер миотубтардың барлық дерлік көлемін
толтырады. Бұл кезде миосимпласттың ядролары орталық бөлігінен
перифериясына, яғни сарколеммасына ығысады. Кеш мезгілдік миотубтар
сатысында тіректік құрылымдардың қатысуымен миофибрилдердің құрылысы
ретке келтіріледі, синтезделетін миозиннің түрі ауысады, митохондриялардың
саны өседі.Сөйтіп, көлдінің жолақты бұлшық ет талшығының қалыптасуы
жасушалы орталығы мен түйіршікті ЭПТ-сының редукциясы мен жойлуымен
және саркоплазмалық тор қалыптасуымен аяқталады.
Ал ІІ-типті миобласттар миосателлитоциттерге дифферен- цияланады. Бұл
кезде жасушалар бөлінбейтін даму күйіне айналады. Ядролары тығыздалып,
цитоплазмасында органеллалары азаяды. Нәтижесінде миосателлитоциттер
жасушалары жалпайып, сарколемма мен базальды мембрананың арасында
орналасады.Бұлар бүкіл онтогенез бойында аз дифференцияланған күйде
сақталып, онтогенез барысында бұлшық еттің өсуін және регенерациясын
қамтамасыз етеді.
Біріңғай салалы бұлшықет тіні
Бірыңғай салалы бұлшықет (гладкая мышца); (musculus visceralis; лат.
musculus — бұлшық ет, viscera — ішкі) — ішкі түтікше мүшелердің,
қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын
құрайтын бүлшықет.
Бірыңғай салалы бұлшықетті екі ұшы сүйірленіп келген, пішіні ұршық
сабына ұқсас бірыңғай салалы ет үлпасының жасушалары —
миоциттер құрайды. Миоциттер бір-бірімен жұқа борпылдақ дәнекер
ұлпалық аралық (эндомизий) арқылы байланысып, ішкі түтікше
мүшелер мен қан және лимфа тамырлары қабырғаларының етті
қабықтары мен қабаттарын түзеді.
Бірыңғай салалы бұлшықет құрылысы жағынан паренхималы мүшеге
жатады. Оның паренхимасын миоциттер, ал стромасын — дәнекер
ұлпалы аралықтар құрайды.
Бірыңғай салалы бұлшықет — эмбриондық кезенде мезенхимадан
дамып жетіледі. Бұлшықетті вегетативті (автономды) жүйке жүйесі
жүйкелендіреді. Сондықтан, бірыңғай салалы бұлшықет — автономды
түрде еріксіз жиырылып, ішкі мүшелер мен тамырлар
қабырғаларының жиырылып, қызмет атқаруын қамтамасыз етеді
|