Тексерген: Салтанат Сапаргалиевна


Қаңқа бұлшық ет тіндерінің регенерациясы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.05.2023
өлшемі0,95 Mb.
#89331
1   2   3
Байланысты:
Гистология 135

Қаңқа бұлшық ет тіндерінің регенерациясы
Көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының қалыпты морфофункциялық
жағдайын қолдау регенерация арқылы қамтамасыз етіледі. Талшықтың ескі 
бұзылып жатқан талшықтары жаңа құрылымдарға алмастырыдлады.
Бұлшық еттердің жасқа және өмір салтына байланысты өзгеруі
Постнаталды кезеңде бұлшық ет талшықтарының ақырғы қалыптасуы аяқталады. Диаметрі 
үлкейгендіктен олар тығыздалады. Ұзындығы мен жуандығы өсуі есебінен бұлшық ет тінінің көлемі 
ұлғаяды. Егде адамдардың қаңқа бұлшық ет тіндерінің ультраструктуралық өзгерістері талшықтың 
симпласттық та және жасушалық ат бөліктерінде байқалады. Яғни базальды мембранасы қалыңдайды, 
миофибрилдердің ұйымдасуы бұзылады, олар көлденең жолақтығынан айырыларды, жеке фрагменттерге 
ыдырайды, Z-сызық ыдырап кетеді. Митохондрияларда өзгеріске ұшырайды, олар сарколемманың 
астында жинақталып, гипертрофияға немесе керісінше дегенерацияға ұшырайды. Миосателлитоциттер 
бұлшық ет талшығының симпласттық бөлігінен бөлініп шығып, жайылып өсіп келе жатқан дәнекер тінді 
қабатшаға өтіп кетеді.Жасқа байланысты өзгерістердің салдарынан бұлшықеттің қалпына келу қарқыны 
төмендейді, бұлшық еттің тұтқырлығы мен серпінділігі төмендейді және тез шаршағыш келеді. 
Физикалық жүктеме кезінде жаттықтыру арқылы бұлшық етке түсетін жүктеме көлемін өсірген жағдайда, 
бұлшық ет талшықтарыны, диаметрі үлкейіпсаны да өседі. Сөйтіп бұлшық ет массасы ұлғаяды. Бұл 
өзгерістер нәтижесінде саркоплазмада митохондрия саны көбейіп, миосателлитоциттердің 
пролиферацияланып, дифференцияланады.Ал Гипокинез(аз қимылдау) салдарынан бұлшық ет 
талшықтарының диаметрі төмендейді, жиырылғыш тірек аппараты бұзылады, нәтижесінде бұлшық ет 
массасы азаяды(атрофия). 


Қорытынды

Менің ойымша, адам ағзасының сүйектен кейінге негізі болып 
саналатын бұлшықет тіндері. Олардың дамуы, жаңаруы үздіксіз жүріп 
отыратын процесс. Тірек-қимыл жүйесінің негізіне құраушылардың 
бірі болып табылатын бұл тін дененің ауыстыруы, жүректің соғуы, қан 
мен лимфаның жылжуы, асқазан, ішек бойымен тағамның жылжуы, 
несептік шығу, жатырдың жиырылуы (босану) т.б. қозғалыс-қимылдар 
ағзадағы жиырылғыш қызмет атқаратын ет тіндері арқылы жүзеге 
асады. Ет тіндерінің морфологиялық ерекшеліктеріне құрамындағы 
жасушалары – миоциттері мен талшықтарының ұзынша пішіні, 
бұлардың құрамындағы арнайы органеллалары – миофибриллалары 
мен миофиламенттері жатады. Жас организмде бұлшық ет қалыпты 
қызмет атқару үшін оны шынықтырып отыру керек.Сол кезде бұлшық 
еттің қайта қалпына келу қасиеті жоғарылап шымырлай түседі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

“Цитология, Эмбриология, Гистология”.
Ж.О. Аяпова. А

“Адам және физиология” Сәтбаев

“Молекулярлық биология” Абилаев


Назарларыңызға рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет