Тексерген: Сапарова. Г



Дата06.01.2022
өлшемі140,59 Kb.
#15770
Байланысты:
ойын сипат


Балалар ойын түрлерінің сипаты

Астана халықаралық университеті

Орындаған:Шакенова.З

Тексерген:Сапарова.Г

Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді

Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Өйткені, іскерлік ойын, педагогтың , тәрбиешінің жеке қалыптасуын, қойылған мақсатқа жету үшін белсенділігін арттыруға арналған қуатты құрал.

Іскерлік ойын

Операциялық рольді ойынадар

Имиттациялық

Іскерлік театр

Психодромалар

Социодрамалар

дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлікпен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет.

Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындардың мазмұны – қандай да болмасын ақыл-ой міндеттерін жүзеге асыру.

Дидактикалық ойын өзінің қызметі мен атына сай орындалуы үшін, оның арнайы құрылымы болуы шарт.

Оның құрылымы төмендегідей:

1)Міндеті.

2)Әрекет.

3)Ереже.


4)Нәтиже, ойынның аяқталуы.

Егер оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ:

Міндеті – әрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидакатикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойынның (мақсаттан келіп ) міндеті, оның оқу мазмұнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді және жаңа білім, іскерлік, дағдымен байытады.

Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір оқушының мінез-құлқын анықтап, ұйымдастырып, біртұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоцияналдық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған және айқын түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:

а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асырылуы шарт;

ә) ойынның аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы шарт.

Ереже – дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерекше орын алады, сондықтан кейде дидактикалық ойындарды «ережеге құрылған ойындар» деп те айтады. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс – әрекетті ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан дидактикалық ойында іс – әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережесіз іс – әрекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете алмайды, сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады. Дидактикалық ойынның ережесі іс – әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.

Ойын нәтижесі – бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан және мұғалімнің немесе тәрбиешінің көз қарас тұрғысынан.



Рөлдік-мазмұндық ойын.

Бұл ойын арқылы балалар өздерінің негізгі әлеуметтік қажеттілігін - үлкендермен бірге өмір сүруге ұмтылысын қанағаттандырады, өйткені бұл қажеттілік олардың еңбегіне қатысудың негізінде қанағаттандырылуы мүмкін емес. Өзімен-өзі жүрген балалар өзара бірігіп, қоғамдасып, үлкендердің әлеуметтік қатынасы мен еңбек іс-әрекеттерінің негізгі белгілерін қайталайтын ойын ұйымдастырып, өздері үлкендердің ролін орындауды алады

Рөлдік ойында заттың іс-әрекеттерді жаңғырту екінші кезекке ығысады да, қоғамдық қатынастар мен еңбек функциясын жаңғырту бірінші кезекке шығады. Сол арқылы баланың үлкендермен байланыс жасауы мен ортақ өмірінің қоғам мүшесі ретіндегі негізі қажеттілігі қанағаттандырылады.

Рольдік ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді

Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты, барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақтарды «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл «ересектердің» мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған толғандыратын оқиғаларға енеді; өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан «бастан кешіп» жатады. Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді.

Бұл таңертенгі ойындармен,сергітту сәттері, үзіліс күні жасалаын т.б жаттығу ойындар

Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.

Мектептеде тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті.

Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор

Қолданылған әдебиеттер:



1)https://stud.kz/prezentatsiya/id/15823

2)https://baribar.kz/student/1518/dene-tarbiesi-men-qazaqtynh-ulttyq-oyy/

3)https://ust.kz/word/iskerlik_oiyn_mektepke_deiingi_adistemelik_jumysty_uiymdastyry_turin_jasay-59063.html

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет