10) Қабылдаудың бұрмалануы- заттардың пішіні мен суреті өзгерген сияқты болып көрінеді.
11)Тұлғаның ажырауы- онымен бірге қандайда басқа біреу бар екенін сезеді.
12) Жоғарылаған сезінудің пайда болуы
Клиникалық көрінісі
-терінің қызаруы;
-көздің қызаруы мен жылтырауы, қарашықтың кеңеюі;
-Температура төмендеген, ылғалды, тершең, салқын;
-Тахикардия немесе тахипноэ;
-Тілде қою қоңыр жабынды, ауызымен киімінен қатты тәтті иіс, шӨлдеу аштық;
Гашишизмнің даму сатылары:
Нашақорлықтың бірінші сатысы психикалық тәуелділіктің дамуымен сипатталады. Ол эйфория тудыратын заттарға обссесивті әуестену және гашиштің болмауына мазасызданумен көрінеді. Есірткіні өзі тәуләгәне 2-3 рет шегеді. Масаю формасының уысты басталуы ( қорқынышсыз, үрейсіз ) қорғаныш реакциялардың жоғалуы ( бет гиперемиясының азаюы, мидриаз, бұлшықет босаңсуы), толеранттылық дамуын өзгерген реактивтілік синдромы анықтайды.
Нашақорлықтың екінші сатысы: 2-3 жылдан кейін ретті шегі кезінде дамиды. Алдыңғыдан физикалық тәуелділіктік және өзгерген реактивтілік синдромының жаңа сапасымен, психикалық тәуелділік дамуымен ерекшеленеді. Масаю 1-1,5 сағатқа дейін созылады, кейін тонусы, жұмысқа қабілеті төмендейді, гашиш нашақорға, оның қызметінде стимуляторға айналады.
Үшінші сатысы. Есірткіге толеранттылық арта түседі. Психикалық тәуелділік синдромы толық дамиды. Есірткінің ынталандырғыш әсері психикалық қызметке жалғыз, кейін физикалық комфорт жағдайына,есірткіге масаю кезінде қолайлы жұмысқа, қабілеттілікке жету мүмкіндігі түзіледі.
Гашиштік улану фазалары
Бірінші фаза. 2-5 минуттан кейін қорқыныш сезімі, күдіктену пайда болады. Сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау өршиді, 5-10 минутқа созылады.
Екінші фаза. Босаңсу, жеңілдік ,мейірімділік байқалады. Қабылдау, ойлау және сана бұзылыстары байқалады. Ойлау жылдамдығы күшейеді. Сананың бұзылуы біртіндеп дамып, интоксикация күшейген сайын тарылады.