Ауызекі сөйлеу тілінің стилінің ерекшеліктерін анықтайтын жазбаша жұмысы
Орындаған: Абдельманова Камила. ҚЖ-31 тобы
Тексерген: Тапанова Сауле Есембекқызы
Жоспар:
Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.
Стильдің түрлері мен өзіндік ерешеліктері.
Ауызекі сөйлеу стилінде интонацияның алар орны.
«Варваризм, Метонимия, Калька, Сленг және Жаргон сөздер, Диалект, Сингармонизм Заңы, Тіл Үндестігі, » ұғымдарының ауызекі сөйлеу стилімен байланысы.
Стильдің журналистикадағы орны.
Мысал: әңгіме
Ауызекі сөйлеу стилі. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас орнатуды, коммуникацияны жүзеге асыру.
Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді.
Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым – қатынас құралы.Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі қазақ халқының ұлт болуымен тікелей байланысты.
Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым – қатынаста болады.Сол арқылы тіршілік жасайды,білім,тәжірибе жинайды, жетіледі,өседі.Ал қарым-қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады.Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады.Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады.Ауызекі сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы.
Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:
1) дидарластық сөз(әңгімелесу, сұхбаттасу);
2) полемикалық (дауласу) сөз;
3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).
Ауызекі сөйлеу стиліне рационалды, объективті логикалық бағалау тән емес. Ауызекі сөйлеу стиліне бағалау интонициямен, эмоционалды, одағай сөздермен келеді: сұмдық, қорқынышты, өте жаман, жаман жақсы, қатты мақтайды, өлердей сұлу т.б. Кейде ол сол, сондай деген есімдіктермен қосылып айтылады: сондай сұлу, сондай ақылды, сондай білгіш, сондай жолы болғыш, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |