Тексерген: Ташимбаева С. Ж орындаған: Тасымбай Ж. К. Тобы



бет2/3
Дата17.03.2022
өлшемі24,49 Kb.
#28304
1   2   3
Байланысты:
1 срсп КРИЛ дот

Қорқыт ата шығармашылығы

Түрік дүниетанымы және оның негізгі даму кезеңдері (Қорқыт ата, А. Яссауи, Әл- Фараби).

Орта ғасырдағы отандық философияның бастауын ғалымдар 8 ғасырда өмір сүрген Қорқыт атаның шығармашылығына апарып тірейді және ол заңды да. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт – 8 ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, асқан күйші, қобызшы, аңыз кейіпкері. «Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, өмір салтын, әдет-ғүрпын танытатын эпикалық-тарихи мұра. Оның ішінде 12 түрлі дастан бар және оның әрқайсысы – өзінше аяқталған шығарма. «Қорқыт ата кітабының» Төбекөз (қазақ, қырғызда «жалғыз көзді дәу» ертегісінде кездеседі) өзінің іс-әрекеті, ой мақсаты, қатәгездігі жағынан «Одиссей» жырының үрейлі кейіпкерін еске түсіреді. Кітаптың бесінші тарауында,ы «Тоқа баласы Ержүрек Домрул туралы жырда» ажалмен күресу, өлместік мәселесі талданады. Жалпы алғанда, «Қ.а.к-дағы» көтерілген әлеуметтік мәселелерге келер болсақ, олар: халықтың бірлігін сақтау, әлеуметтік әділеттікті жақтау, жер мен суды ақылмен пайдалану, қылмыскерлермен заңды түрде күресу, әдет-ғұрыпты сақтау, елді жаудан қорғау,т.с.с. Қорқыттың артында қалған нақыл сөздері өзінің даналығымен тарихта сақталып , осы уақытқа дейін бізді таңқалдырады. «Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес». Қазіргі экономикалық реформалардың барысында әрбір іскер адам, жалпы алғанда, әрбір адамдар осы нақыл сөздерді терең сезінуі керек. Ол қазір бизнес этикасының негізгі қағидаларының бірі болса екен дейміз. Сонда ғана іскерлер «мерседес»мінудің орнына, жиналған қаражаттарына жаңа жұмыс орындарын ашып,өзін қарапайым ұстап,шынайы халықтың алғысына кенеліп, қоғамдағы абыройлы әлеуметтік топқа айналары сөзсіз. «Тәкәппарлықты тәңір сүймес», «Көңілі пасық ерде дәулет болмас» деген нақыл сөздерде жоғарыдағы айтылған ойларды айтып отыр.

«Кімнің батыр,кімнің батыл екенін жырау білер» деген нақыл сөз тек көпшіліктің мүддесі үшін істелген істер ғана құнды, қоғамның алға басуының тетігі, негізі деп қарағаны болып шығады. Қорқыт атаның Сонымен Қорқыт атаның қалдырған терең философиялық ойлары ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра қалатынаны сенеміз.

Қорқыт Ата – энциклопедиялық жинақ. 1999 жылы Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы шығарған. Негізінен 5 бөлімнен тұратын бұл күрделі еңбекке Қорқыт Ата туралы ел аузында сақталған аңыздар мен күйлер, әфсаналар, ата мұрасын зерттеу, әулиенің әдебиет пен өнердегі бейнесі мәселелеріне арналған отандық және шетел ғалымдарының мақалалары топтастырылған. Бұл материалдарда Қорқыт Атаның әлем тарихы мен философиясындағы орны, оның ұлы мұрасының көркемдік ерекшеліктері мен мазмұны, тілдік, түрлік айшықтары, тарихи белгілер мен жәдігерлік деректер хақында жан-жақты мағлұмат беріліп, талдау жасалады. “Қорқыт Ата кітабының” Дрезден кітапханасында (Германия) сақталған толық нұсқасының фотокөшірмесі, орыс және қазақ тілдеріндегі аудармаларының таңдаулы үлгілері берілген. Кітап соңында Ш.ҚұдайбердіұлыМ.ЖұмабаевС.Сейфуллин бастаған қазақ ақындарының осы тақырыптағы толғау, поэмаларыдастандары жинақталған. Қорқыт Ата өміріне байланысты оқиғалар шежіресі мен әдебиеттер тізімі келтірілген.

Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы”.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет