Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара катынастары проблемасы жете зерттелмеген әрі гылыми әдебиеттерде пікірталасты мәселе болып қалып отыр. Қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтары мемлекет пен азаматтық қоғамның бір-бірінен айырмашылықтарын көрсететіні белгілі. Олар өздерінің өмір сүру тәсілдерімен бір-бірінен өзгешеленеді: мемлекет демократиялық, құқықтық, тоталитарлық, авторитарлық пішінде көрініс табады, ал азаматтық қоғамда іштей демократиялық, құқықтық бастаулар тән. Келесі бір мысалда мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы айырмашылықтарды көрсете алады. Егер де қоғамды пирамида түрінде елестететін болсақ, онда мемлекетке тән вертикалды байланыстардан өзгешеленетін адамдар арасындағы әрекет етуші горизонтальді байланыс "азаматтық қоғамды" құрайтын болады. Өркениет даму деңгейін керсететін, мемлекет пен азаматтық қоғам бір-бірімен тығыз байланысқан, әрқайсысы жеке өмір сүре алмайды.
Мемлекет пен азаматтық қоғам біріне-бірі шабуылдап, өмірлік кеңістікті тартыска салып, тіптен бір-біріне кемектесе отырып бейбіт өмір сүретінін де айтуымыз керек. Тек мемлекет қана азаматтық қоғамды ресми көрсетуге талаптанады. Бұл өз аумағында тұратын барлық адамдарды мемлекеттің біріктіруімен түсіндіріледі. Өзінін функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекет өзіндік ұжымдық орган ретінде ерекше басқару аппаратына сүйенеді. Сонымен қатар мемлекеттін бәріне ортақ міндеттілік маңызы бар ерекше әлеуметтік нормалар жүйесі - құқықтық нормалары бар.
Азаматтық қоғам мен мемлекет әрдайым бір-бірінің алдынан шығады. Азаматтық қоғам мемлекетке мемлекеттің қолдауын қажетсінетін өзінің инициативаларымен, (ең алдымен материалдық) мүдделерімен, талаптарымен, өтініштерімен және т.б. назар аударады. Мемлекет азаматтық қоғамда әр түрлі формада алдынан шығады: бұл азаматтардың инициативаларын зерттеуге (оларды қолдау немесе қолдамау), көптеген қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, қорлардың белсендігін дамыту үшін материалдық құралдар бөледі.
Қазіргі демократиялық елдердің бәрінің биліктік құрылым жүйесінде азаматтық қоғам ұйымымен байланыс орнату үшін әлеуметтік органдар ұйымдастырылған және де олар жүйелі жұмыс істеп келеді. Олардың қызмет бағыттары мен формалары әр түрлі: сол ұйымдарды тіркеу, оларға көмек беру (консультациялар, қаржыландыру), олардын өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасау. Мысалы, Ұлыбританияда көптеген жылдар бойы арнайы мемлекеттік орган - қайырымдылық комиссиясы жұмыс істеп келеді. Ол қайырымдылық ұйымдары мен қорларын (бұл елде олар мейлінше өте көп) тіркеуден өткізеді. Мұндай ұйымдар мен қорлардың қызметі кедейлерге көмек көрсетуге, шіркеуді қолдауға, білім беруді дамытуға, нәсілдік белгісіне карай дискриминацияға жол бермеуге, азаматтардың денсаулығын қорғауға, Ұлыбритания азаматтары үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Қоғамдық ұйымдарға көмек көрсету (ең алдымен материалдық) комиссияның маңызды функциясы болып есептеледі.
Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекет ету формаларының арасынан көптеген елдерде қалыптасып, қызмет атқарып отырған азаматтардың құқы мен еркіндігін сақтауды бакылайтын парламенттік өкілеттік қызметті айту керек. Бұл қызметті заң шығару билігінін алдында жауапты тәуелсіз жоғары лауазымды адам басқарады. Сенім берілген лауазымды адамдар немесе кәсіпкерлер іс-әрекетіне наразы азаматтардан арыз-шағымдар алады да өзіне берілген мүмкіндіктерге сәйкес алынған материалдарды зерттейді, оның нәтижесін соған орайластырылған ұсыныстарымен парламентке баяндайды
Азаматтық қоғам мен мемлекет арасын бөлудің толық жойылуы немесе болмауы тоталитарлык жүйенін мәнін ашады. Бүл жерде мемлекет қоғамнан басым болады (кобінесе тотальді) және оны бакылайды. Солай болғандықтан тоталитарлық (авторитарлық) мемлекет азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруіне кедергі жасайды, оның тіршілік саласын барынша қысқартады, бірақ оны қиратуга, жоюға қабілетсіз болады.

Қолданылған әдебиеттер:
«Саясаттану» Абсаттаров Р.Б.
«Саясаттану» Жанбылов Д.Э.
«Власть как общественное явление» Амелин В.
«Политическое измерение гражданского бощества» Нугманова К.Ж.