БӨӨЖ-11
«Қазақ драматургиясына қорына қосылған рухани қазына»
Орындаған: Жанаберген Қ.
Тексерген:Ұлықпанова Ә.
Бүгінгі қазақ драматургиясында ұлттық тарихымыздағы ақтандақ болып келген тақырыптар, көркем шындықпен кестеленген кесек туындыларға айналып көпшілік назарына ұсынылып келеді. Бұл да болса тәуелсіздігіміздің бір жетістігі болса керек.Қ.Жұбановтың драма жанрына қатысты жарияланған мақаласында қазақ халқының драма жанры жайлы маңызды ақпарат айтылған.
ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮРДЕЛІ ЖЕҢІСІ
Қазақтың мемлекеттік драма театры өзінің қысқы маусымын драматург Мұхтар Әуезовтің «Түнгі сарын» пьесасымен ашты. «Түнгі сарын» 1916 жылы қазақ еңбекшілерінің Октябрь революциясы қарсаңында Қазақстанда болған ең үлкен көтерілістің шынайы бейнесін суреттеп бере білген пьеса.
Қазақ халқының XYIII және XIX ғасырлар аралығындағы көтерілістерінің, ереуілдерінің ішінде 1916 жылғы көтерілістің тарихи ерекше маңызы бар. 1916 жылғы көтеріліс әр жерден тиіп- қашып, тұтанып басылған кездейсоқ көтеріліс емес, бүкіл қазақ елін тұтас көтерген ұлы қозғалыс болды және бұл қозғалыс тек патша үкіметіне қарсылық емес, қазақтың өз ішіндегі үстем тап өкілдеріне де карсы бағытталған наразылык еді.Ұлт мәдениеті ірі саласының бірі - ұлт тілімен жазылған әдебиеті. Бұл мәдениетімізді өркендетуге жарарлық адам күші бізде шағын болып келді.Ескінін сарқыншағын сүрлеп сақтап коммунизмге ала барғысы келіп жүргендер де, ескі мұраны солайымен өртеп жібергісі келетіндер де әлі жоқ емес. Мұның екеуі де біздің жаңа мәдениетімізді мандытпайтын жолдар. Сондықтан, тіл-әдебиет жұмыстарының дұрыс ұстасы бола алатын адам біздегі тап күресінің қазіргі кезінде ете қымбат нәрсе.
Қазақстанның Мемлекеттік педагогика институтын бітіріп шығып отырған осы 13 кісі сондайлық қымбат адамдар екені даусыз. Булар осындай бақытты кезеңде, абыройлы кезеңге тап болған жастар. Тіл-әдебиет жұмысының жоғары дәрежелі маманы болған 13 адам сан жағынан біздің қазіргі тілегімізге сәйкес, әрине аз, бірақ сол аз болуымен қатар үлкен олжа, төңкерістен бұрын тіл-әдебиет жөнінен мамандығы бар 13 емес, тіпті, кешеге шейін 1932 жылға шейін бізде бұл жұмыстың басында жоғары дәрежелі білімі бар адам болып көрген емес. Кітап жазатын да, оқытатын да, жоғары мектептерімізде сабак беретін де, емге әдебиет-тіл мәселелерінде сарапшы-эксперт болатын да - бәрі де семинарияда оқыған орташа мағлұматтылар ғана болатын...
Театр мен музыканың ұлттық кадрлары Қазакстан ішіндегі дайындауымен катар Москва, Ленинградқа барып өнер көрсетуге әзірленіп жүрген. Ендігі жерде ұлттық театр ашып, оның даму жолын белгілеу дау тудырмайтын іс болды. «Түнгі сарын» пьесасы көзге түсіп тұрған кемшіліктеріне қарамастан, театрдың бағытын ашып берді. Ендігі жерде театр өзінің творчестволық белсенділігін арттырып, Совет көрермендерінің өскелең талғамына сай келуі керек, Совет елінің алдындағы қатарлы театрлардың қатарына жету үшін көп қиындықты жеңуі қажет.
«Казахстанская правда» газеті №14, 16 январь 1935 ж.
Бүгінде халық ықыласпен қабылдаған тың туындылар жазылып, республика театрларында сахналанып келеді.Табиғи қабілеттерін туған халқына, ұлтына қызмет етуге арнаған дарынды тұлғалардың жазықсыз жазаланғаны – қазақ ұлтын әлсіретуге, тарих сахнасынан біржолата жоюға арналған зұлым саясаттың жендеттік ұстанымының нәтижелері.