Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
тиісті терминологияны қолдана отырып, музыканы талқылай жəне талдай алады;
өз жұмысына түсініктеме беріп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасай алады.
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Музыкалық өнер туындылары негізінде болашаққа деген сенімділік, Отанына
деген патриоттық сезімдерін дамыту
|
Пəнаралық
байланыстар
|
Жаратылыстану. Əдебиет. Дүниетану
|
Бастапқы білім
|
Аспаптар əлемі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Сабақта заманауи сандық технологияларға негізделген музыка жайында əңгіме қозғалады.
1-тапсырма. Ойтолғау. Музыка тыңдау.
(М, О) Оқушылар француздық электронды музыкант Жан Мишель Жаррдың «Life for Water» («Су өмір үшін») концерттік шоуын бейнебаяннан көреді, оған жазылған музыканы тыңдайды, шоу жөніндегі мəліметпен танысады.
«Бейнебаяндағы «Life for Water» (Су өмір үшін) концерттік шоу француздық электронды музыкант Жан Мишель Жаррдың қатысуымен 2006 жылғы Мароккодағы Сахара шөлінде өтті. ЮНЕСКО демеушілігімен өткен концерт миллиондаған адамдар теледидардан, тікелей эфирден шоу бағдарламаны тамашалады.
Оқулықта сен де ашық аспан астындағы сахналық шоуды тамашала деп шақыру ұсынылады.
«Шоу – көңіл көтеретін бағдарламаға құрылған түрлі сипаттағы қойылым, іс-шаралар».
(О) Қойылатын сұрақтар:
Саған шоуда қандай заманауи техникалық көркемдеуіш құралдар əсер етті (түрлі түсті жарықтық эффектілер, от шашулар, экран, электрондық жəне компьютерлік құрылғылар, дыбыс күшейткіштер жəне т.б.)?
Музыкалық композиция саған ұнады ма?
|
Оқулық,
нота хрестоматиясы, үн-бейне хрестоматия
Life for Water»
Жан Мишель Жарр https://www.youtube.c om/watch?v=xnN6pQ 0SJOs
|
|
Сахналық қойылымға қандай музыкалық топтар қатысқан?
Негізгі əуен қандай аспап арқылы орындалды?
Байқаған боларсың, шоуда композитор сəулеленіп тұрған ерекше аспап қолданған. Ол – лазерлік арфа. Лазерлік арфа өзі дыбыс шығармайды, ноталарды басқа синтезаторларға бағыттайды.
Музыкалық шоу саған ұнады ма? Болашақ музыкасы қандай болады деп ойлайсың?
Музыканы түсінуде оқулықта бағдар да берілген.
|
|
Сабақтың ортасы
|
(М) Жан Мишель Жаррдың музыкасы ғарыш əлеміне, дыбыс аясындағы зерттеушілік жұмыстарын музыкалық- жарықтық шоу арқылы танытуға негізделген.
Композитордың мұндай шоу бағдарламалары түрлі тақырыпта əлемдік деңгейде өткізілген (Жапония, Қытай, Ресей, Америка, Франция, Грекия, Египет т.б.), Голливуд фильмдеріне жазылған музыкасы үшін Америка киноакадемиясының 3 дүркін Оскар сыйлығының иегері екенін атап өткен артық емес.
|
Достарыңызбен бөлісу: |