3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Мұнда оқушылар жыл бойы өткен материалдарға шолу жасауына болады.
Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Əн əлемі» жəне «Аспаптар əлемі».
Тапсырма талаптары:
1-топ «Аспаптар əлемі» тақырыбына коллаж жасайды. Жыл бойы танысқан аспаптарды көне түрінен бастап жаңа түріне қарай рет-ретімен орналастырады.
2-топ «Əн əлемі» тақырыбына коллаж жасайды. Жыл бойы өткен əндерден өздеріңе ұнаған мəтінге суреттер салады.
Бұл тапсырмада «Галереяны шарлау» əдісін қолданған өте тиімді. Тапсырмаға мұғалім алдын ала дайындық жасайды. Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат»
– топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, жинақтаған аспаптарын немесе суреттерін қарайды, сараптайды, талдайды жəне жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, жинақтаған материалдарына жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді жəне қорытынды жасайды.
|