Тексерілді; Алсейтова Л



бет3/229
Дата06.01.2022
өлшемі6 Mb.
#12714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   229
Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • тыңдалған шығарманы талдайды жəне сипаттап береді;

  • музыкалық шығарманың мазмұнын ашады жəне көңіл күйін көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Музыкалық шығармалар мен əндер арқылы Отанын, туған жерін құрметтеуге, сыйлауға тəрбиелеу

Пəнаралық

байланыстар

Дүниетану. Əдебиеттік оқу

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып, білім алу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(МК, Ұ) 1-тапсырма. Ойтолғау. Ақпарат іздеу. Орындау.

М. Сабақ басында оқулықта берілген мəтінді бір оқушыға оқытып, қалған оқушылардан қысқаша түрде түсінік алады.

«Біз қазақпыз! Біздің туған жеріміз, Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – кең-байтақ, ата-бабамыздан мұра болып қалған туған жеріміз. Егемендік алған елімізді əлем таниды. Жеріміздің сұлулығымен, халықтардың бірлігімен мақтанамыз. Біз бақытты халықпыз!»



(М/О) ҚР мемлекеттік рəміздер: Ту, Елтаңба жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні туралы əңгімелейді.

М. Оқушыларға ҚР Мемлекеттік рəміздердің маңыздылығы туралы айтып, Отанымыздың жас азаматы ретінде саналы түрде оларды құрметтеу керектігін өз ойымен түсіндіреді.

М. Оқушылардан Мемлекеттік Гимнді орындау ережесін естеріне түсіріп, жатқа, салтанатты түрде мəнерлеп, сезіммен орындауды талап етеді.

Бейнетаспа немесе үнтаспаны қосып, сыныпта бірге орындайды. Мəтіні оқулықта берілген.



О. Гимнді орындап болған соң, Мемлекеттік Гимннің авторлары туралы түсінік беріп, мына сұрақтарға жауап береді:

  • ҚР жаңа Гимні қай жылы қабылданды?

  • ҚР мемлекеттік рəміздері қай жылы қабылданды?

  • «Гимн» деген сөз нені білдіреді?

М. Тапсырманың талабы бойынша мектептің жағдайына жəне оқушылардың дайындығына қарай ғаламтор желісінен осы сұрақтарға ақпарат іздеуді талап етеді.

М. Ондай мүмкіндіктер болмаса, оқушыларға берген сұрақтарға мынадай дайын жауаптар болу керек:

  • ҚР жаңа Гимннің қабылданған жылы – 2006 ж. 11 қаңтар. Авторлары: музыкасын жазған: композитор Шəмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нəжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев.

  • ҚР мемлекеттік рəміздердің қабылданған жылы – 24.01.1996 ж. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рəмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен бекітілген.

ҚР Мемлекеттік туының авторы: Шəкен Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мəлiбеков пен Шотаман Уəлиханов.

Қажет болса, мысалы, Елтаңба, Ту туралы қосымша мəлімет немесе оқушылардың өздеріне ізденіс жұмыс ретінде тапсырма беріп, ғаламтор желісінен табуға болады. (М/О). Оқулықта берілген Мемлекеттік Гимн туралы түсінік те бірге таныстырылады.



Оқулық, нота хрестоматиясы, фонохрестоматия

ҚР Мемлекеттік Гимні

Үнтаспа

https://kk.wikipedia.or g/wiki/Қазақстан_ Республикасының _ мемлекеттік_ рəміздері


Сабақтың ортасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет