Тексерілді; Алсейтова Л


(МК, Ұ) 3-тапсырма. Музыка тыңдау. Зерттеу. Талдау



бет86/229
Дата06.01.2022
өлшемі6 Mb.
#12714
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   229
Байланысты:
4кл қмж жаңа

(МК, Ұ) 3-тапсырма. Музыка тыңдау. Зерттеу. Талдау.

«Мамандығым туралы музыкалық əңгіме»



(музыкасын жазған: Н. Хинков-Айтбаева)

М. Музыка тыңдау алдында оқушыларды қызықтыру үшін оқулықтағы əңгімені бір оқушыға оқып беруді ұйғарады. Ол əңгімеде былай делінген:

«Тыңдайтын музыкалық шығарманың авторы бала кезінен бастап музыкант боламын деп армандайтын. Бір күні кішкентай Наргиз анасымен бірге қыдырып жүріп, музыка мектебінің алдынан өтіп бара жатады. Бір кезде ол аспаптың əдемі, нəзік дауысын естіп, тоқтап, аяғына дейін мұқият тыңдайды. Ұнаған аспабы – скрипка. Содан оның арманы: скрипкашы болу екен.

Тағы бір күні олар балаларға арналған концертке барады. Сонда домбыра тартқан баланың, екі қыздың флейта мен рояльда шебер ойнағандарына жəне керемет əн салған əншінің дауысына таңғалады. Анасына: «Мен музыкант боламын», – деп, музыка мектебінің «фортепиано» сыныбына түсіп оқиды».

Көп жылдар бойы музыкалық білім алып, қазір Наргиз өзі қалаған композитор мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр. Бала жасынан есте қалған оқиғаларды нотаға түсіріп, сендерге «Мамандығым туралы музыкалық əңгіме» деген шығарманы сыйлады» деп мұғалім оқушыларға музыка тыңдау талаптарын айтады.



(М/О). Оқушыларға шығарманы бір-екі рет тыңдатады жəне бірге талдайды. Талдау барысында музыканың көңіл

«Мамандығым туралы музыкалық əңгіме» (музыкасын жазған



Н. Хинков-Айтбаева)

Үнтаспа





күйіне, аспаптардың тембр-дыбыс бояуына (қандай аспап екенін оқушылар атап кетуі қажет), негізгі əуеннің өзгеруіне жəне т.б. көңіл бөлінеді.

М. Мына сұрақтар мен тапсырмаларды орындауды талап етеді:

  • Автор шығармасында музыка арқылы өз мамандығы туралы əңгімелеп берді ме?

  • Шығарманың негізгі əуенін сыныппен бірге «ля» буынына салып, əдемі нақышта айтуды, ырғағын қол шапалағымен сүйемелдеуді сұрайды.

М. Оқушыларға өзі көмектесіп, нотамен айтып көру жəне

3 өлшеміне дирижерлеуді ұсынады. Осы өлшемді

4

дирижерлеуді екінші жəне үшінші сыныптарда үйренгендерін оқушылардың есіне салады.




М. Оқушылардың білімін бекіту үшін: шығармада композитор қандай музыкалық аспаптар арқылы мамандықтар туралы əңгіме жүргізіп жатқанын, тақтада жазылған торкөздерді толтыруды жəне түсініктерін айтып беруді ұйғарады.

Торкөздердегі дұрыс жауаптар: скрипкашы, пианист, домбырашы, флейташы, композитор, əнші.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет