(МК/Ұ/Т)
2-тапсырма. Тыңдау. Талдау. Əнді үйрену.
М. «Арман қала – астана» (өлеңі мен əнін жазған: М. Омаров) жаңа əнін үйрету.
М. Орындап беру, бейнетаспа көрсету. Əннің мазмұнын оқушылармен талдау жəне М. Омаров туралы қысқа мəлімет беру.
«Марат Омаров (16.04.1959 ж. туған. Түркістан обл. Созақ ауданы) – əнші-композитор. Халықаралық жəне республикалық байқаулардың лауреаты. Қазақстан композиторлар одағының мүшесі. Лос-Анжелес қаласындағы «Fidof» Əлемдік композиторлар ассоциациясына мүше болып қабылданды. Ол балаларға арнап «Анашым», «Əке арманы», «Əнші балапан»,
«Наурыз» сияқты керемет əдемі, маңызы зор əндерді жазды».
Əнмен жұмыс жасау барысында оқушылардан мəтінді дұрыс айту жəне əуенін таза, əдемі орындауды талап ету қажет.
О. Əннің мазмұнына көңіл бөлу. Мына сұрақтарға жауап беру:
– Бірінші шумақтың бірінші мен екінші жолдары қандай ой білдіреді?
«Ағылып Атыраудан, Алатаудан,
Көш қонды Қараөткелден таласа ауған».
Əнді мұғалім көрсеткен «əн орындау» талаптарын сақтап айту.
Қайырмасы:
«Арман қала, асыл дала,
Жаңа астана, астана» (екі топқа бөлініп, «жаңғырық» түрінде сыныппен бірге əндетіп, əдемі орындау). (М/О) 3-тапсырма. Тыңдау. Талдау.
М. Т. Тоқжановтың «Шабыт» күйін тыңдату.
Музыка тыңдау талаптары бойынша оқушылармен жұмыс жасау: тыңдату, күй жəне автор туралы əңгімелесу. Қайталап тыңдату, күйдің тақырыбына оқушылардың көңілін аудару. Мына сұрақтарды оқушыларға ұсыну:
О. «Шабыт» деген сөздің мағынасы не?
Күй қандай көңіл күйде орындалды?
Күйді тыңдағанда қандай сезімде болдың?
|