Тексерілді; Алсейтова Л


(М/О) 3-тапсырма. Музыка тыңдау жəне талдау. М



бет158/229
Дата06.01.2022
өлшемі6 Mb.
#12714
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   229
Байланысты:
4кл қмж жаңа

(М/О) 3-тапсырма. Музыка тыңдау жəне талдау. М. Оқушыларға Жұбанова Ғазиза Ахметқызы туралы мынадай ақпарат береді. Ол (1927–1993) Алматы

қаласында туған. Музыканттар отбасында дүниеге келген ол қазақ əндері мен күйлерін, музыканың əсем əуенін жастайынан құлағына сіңіріп, түсініп өсті. Ғазизаның əкесі Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ха- лық аспаптар оркестрінің дирижёрі, атақты композитор Ахмет Қуанұлы Жұбанов еді.

Ғ. Жұбанова – көптеген көлемді музыкалық опералардың, балет, оратория, əн, хорлардың т.б. шығармалардың авторы.

Оның «Хиросима» балеті Қазақстан музыка өнеріндегі үлкен жаңалық болды. Шығарма – музыка тілінің барша жұртқа түсінікті бола алатынының дəлелі болды. Осы балет үшін Ғ. Жұбановаға 1970 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.



М. Оқушылардан мына сұрақтарға жауап беруді сұрайды.

Сұрақтар:

  • Жапонияның екі қаласы – Нагасаки мен Хиросимаға АҚШ атом бомбасын қай жылы тастады?

  • Жапондықтар атом жарылысы болған осынау қасіретті күнді қалай еске алады?

  • Хиросима мен Нагасаки қалаларында бомбаның зардабын шеккендерге ескерткіш бар ма?

  • Бұл күні жапон балалары қағаздан қандай құс жасайды?

Хиросима (балеттен үзінді) (музыкасын жазған: Ғ. Жұбанова) Үнтаспа






Оның мəні не?

М. «Хиросима» балетінің мазмұнына тоқталып, оқушыларға жалпы түсінік береді: «Балеттің бірінші бөлімінде композитор қарапайым жапон халқының тіршілігін, басты кейіпкерлердің бейнесін жарқын бейнелейді. Онда атом жарылысынан əйелі мен Юки есімді қызы қаза болған Тайо деген кедейдің басынан өткен оқиға суреттеледі. Балеттің оқиғасы жеке бір отбасының тағдыры емес, бүкіл халықтың, жалпы адамзаттың қайғысы ретінде баяндалған.

Ғазиза Жұбанова өз балетінде жапон халқының

«Сакура» əнін ең негізгі əуен ретінде алды. Бұл əннің қазақшасы «Шие» деген мағынаны береді. Шие ағашы көктемде қызғылт түсті нəзік гүлге бөленеді. Əн осынау əсем жеміс ағашы туралы. Ол жапондардың күнтізбесінде жыл бейнесі болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет