(ОТ) 4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
«Ядролық жарылысқа – «Жоқ» дейміз!»
(«Дөңгелек үстел» ойыны).
М. Оқушылармен бірге: «Экологтер», «Дəрігерлер»,
«Өнертанушылар», «Ғалымдар», «Мұғалімдер»,
«Оқушылар» деген алты топқа бөлініп, өткен сабақта алған тапсырма бойынша дөңгелек үстел өткізеді.
Əр топ жұмыс бағытына қарай ғаламтор желісінен, энциклопедиялардан жəне т.б. дереккөздерден мына сұрақтар бойынша жинаған ақпараттарын ортаға салып талқылайды:
өздерінің жасап жатқан жұмыстары туралы қысқаша мəлімет береді;
əр бағыт бойынша ядролық жарылыстың зияны туралы мəлімет береді;
зерттеген саладағы атақты адамдар, олардың еңбектері туралы мəлімет береді;
табиғатты қорғау үшін осы бағытта жұмыстар туралы мəлімет береді.
М. Оқушылармен бірге түсініктерді талқылап, үш тілде кестедегі сөздерді айтқызады.
|