Бағалау критерийлері
|
Оқушылар мақсатқа жетті:
музыканың отансүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін біледі;
музыканың көркем бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін жалпы айтады;
музыкалық шығармаларды жалпы талдайды, салыстырады;
əнді талап бойынша орындайды;
өз жұмысын таныстырады;
|
|
– өзінің жəне өзгенің жұмысын бағалайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
тыңдалған шығарманы талдайды жəне сипаттап береді;
музыкалық шығарманың мазмұнын ашады жəне көңіл күйін көрсетеді.
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Музыкалық шығармалар мен əндер арқылы Отанын, туған жерін құрметтеуге,
сыйлауға тəрбиелеу
|
Пəнаралық
байланыстар
|
Дүниетану. Əдебиеттік оқу
|
Бастапқы білім
|
Астанамызға тарту
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
(МК/Ұ) 1-тапсырма. Ойтолғау. Орындау. Талдау.
М. Сабақ басында əңгіме бастайды. «Əр адамның өз туған жері, туған өлкесі бар. Адам қайда жүрсе де, туған жері қымбат əрі ыстық».
М. 1-сыныпта үйренген «Менің Отаным» (сөзін жазған: Б. Ысқақов, əнін жазған: Ө. Байділдаев)
əнінің бірінші шумағын оқушылардың есіне түсіріп, ұжыммен бірге орындатады. Сөздердің мəніне көңіл бөлуді, түсініктерді айтып беруді талап етеді:
«Отан – менің ата-анам, Отан – досым, бауырым.
Отан – өлкем, астанам, Отан – туған ауылым».
|
Оқулық,
нота хрестоматиясы, фонохрестоматия
|
|
«Менің Отаным» (сөзін жазған:
Б. Ысқақов, əнін жазған: Ө. Байділдаев)
Үнтаспа
|
Сабақтың ортасы
|
(МК/Ұ) 2-тапсырма. Зерттеу. Талдау. О. Мына сұрақтарға жауап береді:
Туған өлкеңді, ауылыңды, мектебіңді сен қалай қадірлейсің?
Туған жеріңде, мектебіңде, сыныбыңда мақтанатындай қандай жақсы дəстүрлер, қызықты оқиғалар бар?
Тұратын жеріңе, мектебіңе арналған əндер бар ма?
(Т) 3-тапсырма. Шығармашылық. Ақпарат іздеу.
«Музыкалық сыйлықтар» (ойын).
М. Оқушыларды ойын шартымен таныстырады, мынадай үш топқа бөліп: «Өлкем – алтын бесігім», «Мектебім – білім ордасы», «Сынып – достық мекені» əр топқа тапсырма береді.
Тапсырма: Топтар атауы бойынша туған өлкесі (облыс, аудан аймағы, қала, ауыл), мектебі мен оқып жатқан сыныбы туралы мəлімет жинайды. Мысалы, ғаламтор желісінен бейнетаспаларды көру, кітапханадан қажетті кітап, суреттерді, əндер мен өлеңдерді жəне т.б. құжаттарды іздеп табу, ата-аналардан, мұғалім, оқушылардан сұхбат алу жəне т.б. ізденіс жұмыстарды жасау. Бірге оқып жүрген сыныптастар, мұғалімдер, қызықты оқиғалар, жетістіктер жəне т.б. туралы ақпараттарды зерттеп, талдау жүргізу.
Жалпы оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай, келісім бойынша, дайындыққа 20-25 минут беріледі.
|
Оқушыларға қажетті құралдар:
ғаламтор желісі, энциклопедия, кітаптар, буклет, суреттер, А3 жəне А4 қағаз, фломастер, түрлі түсті қарындаш, стикер, смайлик жəне т.б.
|
|
репетиция
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |