Тәлімгер-мәңгілік мамандық!



Pdf көрінісі
Дата11.12.2023
өлшемі40,58 Kb.
#137330
Байланысты:
Тәлімгер-мәңгілік мамандық!»



Тəлімгер-мəңгілік мамандық!»
- · 2 ФЕВРАЛЯ, 2023
«Тəлімгер-мəңгілік мамандық!»
Бүгінгі таңда балаларды өзіндік қызығушылығы мен қоғамдық қажеттіліктен туындаған өзінің жеке шығармашылығы 
жəне көшбасшылық мүмкіндіктерін қазіргі өмір кеңестігінде іске асыру бойынша белсенді қызметке тарту маңызды 
болып отыр. Балалар қоғамдық ұйымдарының қызметі жас ұрпақтың қоғамдағы орнын белгілеу жəне мүмкіндіктерін 
іске асыру, жеке басын əлеуметтендіру жөніндегі маңызды институт болып табылады.
Аға тəлімгер – балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі, көпшілік іс-шараларды ұйымдастырушы, 
лауазымдылық міндеттері бар педагог. «Тəлімгер» сөзі «жолбасшы» сөзінен шыққан. Таныс емес бағыттармен 
жүргенде жол сілтеп отырған адамды жолбасшы деп атаған. Осылайша жолбасшы өз қамқорлығындағыларды 
балалық өмірдің бейтаныс жолдарымен жетелейді. Сондықтан мектеп Тəлімгерлерін балалар бірлестіктерімен жұмыс 
жасайтын жолбасшы деуге болады.
Балалар ұйымы – бұл əлеуметтік мақсатты жүзеге асыру үшін құрылатын, өзіне тəн ережелері мен қағидалары бар, 
мүшелік саны мен құрылымы Жарғыда немесе басқа құжатта бекітілген өзі əрекет ететін жəне өзін-өзі басқаратын 
қоғамдық бірлестік. Ол оқушылармен жүргізілетін барлық тəрбие жұмысының орталығы болып табылады. Бұл жерде 
олардың əрқайсысы балаларға жақын əрі түсінікті қызметтің ұйымдастырушысы, бастамашысы, белсенді қатысушысы
бола алатын балалар мен ересектердің ерікті ынтымақтастығы ретінде қарастыруға болады.
Қарағанды облысы, Балқаш қаласының қалалық «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК-ны жəне қала 
мектептерінің Аға тəлімгерімен бірлесіп, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен тəрбиелеу ісіндегі 
маңызды міндеттерді жүзеге асыруда мына бағыттарға сүйенеді: қазақстандық патриотизм жəне азаматтық тəрбие, 
құқықтық тəрбие, рухани-адамгершілік тəрбие, ұлттық тəрбие, отбасы тəрбиесі, еңбек, экономикалық жəне 
экологиялық тəрбие, көпмəдениетті жəне көркем-эстетикалық тəрбие, зияткерлік тəрбиесі, ақпараттық мəдениет 
тəрбиесі, дене тəрбиесі, салауатты өмір салты.
Балалар қоғамдық қозғалысының педагогикалық қолдауы бойынша нақтылы жүйесі құрылған. Қалалық Оқушылар 
сарайының базасында оқушыларды тəрбиелеу мен əлеуметтендірудің құралы болып табылатын балалар 
қозғалысының жұмысын үйлестіруші орталық қалыптасқан. Орталық ұйым қызметінің үйлестірушілері мен Балқаш 
қаласының білім беру ұйымдарының Аға тəлімгерлерімен бірлесіп жұмыс атқарады.
Ұйымдастырылатын шаралардың негізгі мақсаты əлеуметтік жұмыс, мəдени, жауапкершілікті арттыруға негізделген. 
Ұйым құрамындағы əрбір оқушы өз бағытының үздігі. Жұмыс жасау барысында оқушылардың мүдделері қорғалып, 
ойлары ескеріледі. Мектептің көшбасшылары мектеп өміріне белсенді қатысады, сценарийлер жасайды, атаулы 
күндерге стендтер ресімдейді, түрлі тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер өткізіп, өз ойларын еркін жеткізеді.
Сондай-ақ, балалар облыстық, қалалық жəне мектеп байқауларына қатысады. Атап айтатын болсақ, мектеп 
парламенті мүшелері арасында Республикалық «Жетістік портфолиосы» атты қашықтық байқауында қаламыздан 12 
білім алушы қатысып, жүлделі 1,2,3 орындарды иеленді. Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының «Ту 
ұстаушы» топтарының арасында XI байқау -сайысының облыстық финалдық кезеңінің қорытындысы бойынша 
Балқаш қаласының А.Ермеков атындағы мектеп-лицейі үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі 3-орынға ие болды. 
Республикалық Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде Балқаш қаласының пікірсайысшылары қатысып, 
қазақ лигасы -3 орын, орыс лигасы-1 орын, ағылшын лигасы-3 жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар 
қаламыздың мектеп парламентінің мүшелері мұғалімдер күніне орай Республикалық «Дублер күні» өзін-өзі басқару 
күнін өткізіп, белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.


Тəлімгер — баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тəлім-тəрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, 
бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі əлеуметтік –саяси қоғам 
мүшесі ретінде қалыптасуында тəлім-тəрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тəрбиелік 
жақсы дəстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тəрбиелеу-тəлімгердің басты міндеті.
Самалы бол Отанның салқындаған,
Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.
Семсері бол Отанның қынабында,
Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған — деп, Мұқағали Мақатаев айтқандай қорыта келгенде айтарым, қазіргі 
заман тəлімгері — заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тəрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен 
қаруланған бала жанының бағбаны.
Қалиақпар Назым Орынбасарқызы
«Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК
Қалалық «Мектеп Парламентінің» үйлестірушісі


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет