Тәлімгердің жас маманмен І жарты жылдықта жүргізілген жұмысының есебі Тәлімгер ӨО шебері Еденова Индира Ескермесқызы



Дата16.09.2023
өлшемі23,76 Kb.
#108040
Байланысты:
Жас маманмен жүргізілген жұмыс "Тәлімгер есебі"


Тәлімгердің жас маманмен І жарты жылдықта жүргізілген жұмысының есебі
Тәлімгер ӨО шебері Еденова Индира Ескермесқызы


2019-2020 оқу жылында жас мамандар Әлімжан Нұргүл Бауыржанқызы мен Руденко Алексей Владимировичке тәлімгер болып бекітілдім. Ең алдымен жас мамандарды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстырып өттім.


Тәлімгерлік жоспары

Тәлімгерлік етудің мақсаты

Тәлім алушымен тәлімгерлік жұмыс жүргізу арқылы оқыту мен оқу үдерісіне өзгерістер енгізу

Күтілетін нәтиже

Тәлім алушы жаңаша сабақ жоспарлауды, сындарлы оқытудың әдіс-тәсілдерімен танысады . Тәлім алушы оқыту мен оқу үдерісін дамытуға , жақсартуға үйренеді, қолданады



Жүргізілетін жұмыс түрі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мерзімі

1

Күнтізбелік тақырыптық жоспар құруға көмектесу.

Құрылған жоспар талданып, бекітіледі. Тәлім алушы анықталады

Тәлім алушы өзінің кәсіби дағдысын дамытады

Қыркүйек

2

Жас маманның күнделікті сабақтарына қатысу. «Не болып жатқанын» анықтау. Жас мамандармен әңгімелесу, проблеманы анықтау

Жас маманның сабақтарына қатысып,қандай көмек керектігі анықталады

Өз сабағында көмек қажет тұстарын аңғарады

Жоспар бойынша

3

Жас мамандарды тәжірибелі оқытушылардың сабақтарына қатыстыру

Жас мамандар сабақтардан жаңаша әдіс-тәсілдерді үйренеді

Педагогикалық қызмет барысында қиындық келтірген мәселелерін шешеді

Үнемі

4

Жас маманға оқытушының қажеттілігіне сәйкес әдістемелік көмек көрсету

Жас маманның педагог ретінде тәжірибиелік дағдыларын жетілдіруге көмектесу

Жас маман
өзінің кәсіби дағдыларын дамытады

Жыл бойы

5

Бірлесе отырып жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып жоспар жасау

Сабақ жоспарына жаңа әдіс тәсілдерді қолдануға үйрету

Сабақты талапқа сай жоспарлай алады

Қаңтар

6

Ашық сабақтарға қатыстыру

Жас маманның тәжірбиесін жетілдіру мақсатында ашық сабақтарға қатыстырту

Кәсіби білімін, игерген дағдыларымен тәжірибесін жетілдіреді.

Жоспар бойынша

7

Жас маманмен жүргізілген жұмыстар жайлы бейресми әңгіме жүргізу

Тәлімгер жас мамандармен жұмыстардағы өзгерістер жайлы әңгіме жүргізеді

Өз сабағына қолданатын әдіс-тәсілдерді үйренеді

Сәуір

8

Жас мамандардың сабақтарына қатысу. Жас маманның жұмыстарындағы өзгерістерді көру, тәжірибені талдау

Тәлімгер жас маманның сабақтарына қатысады. Жұмыс барысындағы өзгерістерді анықтайды.

Жас маманның педагогикалық қабілетін дамытады

Жоспар бойынша

9

Өткізілген жұмыстарға талдау жасау.

Жас маманның атқарған өз жұмысы туралы пікірін білу

Жас маман атқарған жұмысына қорытынды жасай алады

Мамыр

Жас мамандар Әлімжан Нұргүл Бауыржанқызы мен Руденко Алексей Владимирович өз жұмыстарына тиянақты қарайтын, жаңашылдыққа бейім, тіл табысуда қиындық тудырмайтын пәндері, мамандықтары бойынша жетістікке ұмтылатын деңгейлік курстан өтпеген, оқытушылық қызметті жаңа бастап отырған оқытушылар. Оқу жылының басында арнайы пәндер және өо сабақтары бойынша оқу бағдарламарымен танысып, түсіндіріп өттім.
Сағат жүктемелерін ескере отырып, сабақ кестесі мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрдық. Жас мамандарға өндірістік оқыту шеберінің міндеттерін таныстырып өттім. Нұргүл Бауыржанқызы өндірістік шебер және арнайы пән оқытушысы. Оған Аспазшы мамандығының 3 курс білім алушыларына арнайы пәндерден сабақ беру жүктемесі берілген. Нұргүл Бауыржанқызы алғаш рет ұстаздық жолды бастап отырғандықтан күнтізбелік тақырыптық жоспар, күнделікті сабақ жоспарын құруда әдістемелік жетекші Жиенбаева Самал Асқарқызынан және тәлімгері менен біраз қолдау, көмек көрсетілді. Дегенмен, жас маман Нұргүл Бауыржанқызы жоспарды уақытында жасап тапсырып отырды.
Екінші жас маман Руденко Алексей Владимирович өндірістік оқыту шебері болып қыркүйек айының екінші жартысында жұмысқа орналасқан. Алексей Владимирович ПК-16 және ПК-36 топтарында өндірістік оқыту шебері болып, 3 курс білім алушыларына ӨО сабағын жүргізу жүктемесі берілді. Алексей Владимировичпен 3 курс білім алушыларына ӨО сабағының күнтізбелік тақырыптық жоспарды бірігіп жасадық.
ПК-36 тобында желтоқсан айында ӨО сабағынан қорытынды бақылау жұмысы бойынша тапсырмаларды дайындау Алексей Владимировичқа тапсырдым. Уақытында дайындап, есепті (отчет) тапсырды. Осы топта арнайы пән сабақтарынан дәріс беретін Нұргүл Бауыржанқызына емтихан материалдарын дайындауда бағыт бағдар берілді, және материалдарда уақытылы тапсырып ІІІ курс білім алушыларына емтихан өткізіліп, есебі уақытылы тапсырылды.
Жас мамандарға өзара сабаққа кіруге ТӘК төрайымы мен жоспар құрылды. Сабақтарға кірген соң жас мамандармен кәсіби байланыс жасалды. Өз сабағы мен тәлімгердің сабағын салыстыра отырып өз тәжірибелеріне нені жетілдіру керектігін өздері анықтап отырды
Сонымен қатар жас мамандардың сабақтарына да кіріп отырдым. Жас маманның алғашқы сабағына сыни көзбен қарау мақсатында емес, үйрету, бағыттау мақсатында қатыстым. Тексеру жұмыстары кемшілік іздеу бағытында емес, түзету бағытында жүргізілсе және колледжге келген жас маманға үнемі қолдау көрсетіп отырса, нағыз шебер ұстаз болып қалыптасуына бағыт беру бағытында жүргізілсе нұр үстіне нұр болады.
Колледждің жақсы нәтиже көрсетуіне жас маманның да алар орны ерекше.
Жас мамандар Нұргүл Бауыржанқызы мен Алексей Владимировичке І курс ПК-16 тобы берілген. Тәрбие жұмысы бағыты бойынша да жас мамандарға көмек берілді, тәрбие жұмысы жоспарын дайындауда, топ сағаттарын әзірлеуде, топтағы білім алушылармен қалай тіл табысып, жұмыс жасауға.
І жарты жылдықтағы жасалған жұмыс нәтижелері келесі жарты жылдықта он бағасын береді деп ойлаймын. Алда апталықта ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланған. Жалпы айтқанда жас мамандар Нұргүл Бауыржанқызы мен Алексей Владимирович жұмыстарын жақсы көреді, алдағы уақытта бірігіп көптеген жұмыстар жүргізіледі деп сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет