Оқыту мен үйретудің әдістері –тақырып бойынша берілген материалдарды талдау, типтік және ситуациялық есептерді шешу.
Қысқаша теория Ағзаның қалыпты өмір сүруі жасушалар арасында ақпараттардың алмасуынсыз мүмкін емес, солардың бір көрінісі жасушалардың нерв импульстарын генерациялау мен қабылдау мүмкіншілігі болып табылады. Ағзада қозған жасушалар деп аталатындар өмір сүреді, оларға бұлшық еттік, нервтік және секреторлық жасушалар жатады. Бұл жасушалар қандай да бір жолмен басқалардың қозуына әсер етеді. Бұлшық ет жасушалары жиырылады, секреторлықтар биологиялық белсенді заттарды бөледі, ал нервтік жасушалар электрлік тербелістерді генерациялайды – нервтік импульс.
Әсер потенциалы
Жасушаға қандай да бір қоздырушы әсер еткенде оның трансмембраналық потенциалы өзгереді де, әсер потенциалы деп аталатын құбылыс пайда болады.
Тыныштық потенциалының мұндай өзгеріске ұшырауының себебі, натрийлік иондық арналардың ашылуының салдарынан натрий үшін мембрана өтімділігінің өзгеруіне қатысты.
Әсер потенциалының электрлік нерв импульстері арқылы тірі ағзада рецепторлардан мидың нейрондарына және мидың нейрондарынан бұлшық еттерге ақпараттар беріледі. Сезімтал мүшелер қозғанда, немесе ми бұйрық жібергенде, оларға сәйкес келетін талшықтарда импульстерді байқауға болады. Нервтің қозуы әсер потенциалының желілік генерациасынан басталады да, ары қарай нерв аксондары арқылы таралады.
Әсер потенциалы дегеніміз– бұл, қозу толқындарының нерв талшықтары мен бұлшық еттермен таралуына байланысты және мембрананың иондық өтімділігінің өзгеруіне негізделген электрлік импульс. Егер қоздырушы импульстің амплитудасы табалдырықтық мәнінен үлкен болса, онда мембранада потенциалдың бірден көтерілуіне соқтыратын үрдіс пайда болады. Қоздырушы импульс мембраналық потенциалдың өзгерісін қысқа уақытқа ғана (миллисекундқа) өзгертеді, ол тез жоғалып кетіп орнына тыныштық потенциалы орнайды.
Әсер потенциалына бірнеше фаза тән: ол потенциалдың оң бағытта өте тез өсуінен басталады – өсу фазасы (0,2-0,5мс). Өсу фазасы кезінде жасушалық мембрана өзінің қалыпты зарядын (поляризация) жоғалтады – сондықтан оны деполяризация фазасы деп атайды. Әдетте деполяризация қисығы нөлдік сызықтан өтіп кетеді және мембраналық потенциал оңға ауысады. Әсер потенциалының бұл фазасын инверсия деп атайды.Алғашқы тыныштық потенциалы қайта орнығуға келетін келесі фазаны реполяризация деп атайды. Реполяризация фазасының соңғы бөлігі баяулай бастайды – потенциалдың баяу өзгерісін іздік потенциал деп атайды (2-сурет).
Шыңына жеткеннен кейін потенциал әртүрлі жылдамдықтармен өзінің алғашқы деңгейі – тыныштық потенциалына оралады. Әсер потенциалының ұзақтығы нерв жасушаларында 1мс-қа жуық, бұлшық етте 10 мс, ал миокардта 200 мс-ке жуық болады.
Қозу аксон арқылы берілгенде сигналдардың күшеюі қалай жүреді? Бұған жауапты, жүйкенің өткізгіштік теориясын жасағаны үшін (1962 ж.) Нобельдік сыйлықтың иегері атанған, Ален Ходжкин берді. Негізгі себеп аксон мембранасының өткізгіштігінің өзгеруінде болды. Аксонға нерв импульстері түскен кезде оның мембранасында аксон ішіне Na+ иондарын өткізетін арналар пайда болады. Нәтижесінде арнаға жақын аралықтағы аксон ішіндегі теріс зарядтар +++++ ауысады, бұл мембраналық потенциалдың шыңына сәйкес келеді! Бірақ бұл үрдістің шексіз жүруі мүмкін емес, сыртқы ортадан Na+ енуі тоқталады да, натрийлік арналар жабылады. Осыдан кейін К+ арналары ашылады да, К+ иондары өзінің концентрациялық градиенті бағытында аксонда алғашқы теріс потенциалдар орныққанға дейін ағып шығады. Na+ және К+ арналарының ашылу және жабылу үрдістері бірнеше рет қайталана отырып, берілген импульс соңғы нүктеге жеткенге дейін талшық бойымен өтеді (1-сурет).