Тема: Биоэлектрические потенциалы



бет1/7
Дата27.09.2023
өлшемі318,84 Kb.
#110926
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 Биоэлектрлік потенциалдар (2)


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ





НУО КАЗАХСТАНСКО
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ






Тақырыбы: Биоэлектрлік потенциалдар. Тыныштық күй потенциалы
Мақсаты: Потенциалдардың биофизикасын оқып-үйрену.
Оқытудың міндеттері: Биологиялық мембраналардың электрохимиялық потенциалдарын оқып үйрену.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Биоэлектрлік потенциалдар

  • Тыныштық потенциалы

  • Иондар ағынының қортқы тығыздығы

  • Гольдман – Ходжкин – Катц теңдеуі

  • Нернст теңдеуі

Оқыту мен үйретудің әдістері –тақырып бойынша берілген материалдарды талдау.
Қысқаша теория
Жасуша ішілік процестерді реттеу механизмінде, жасушалардың қозуы, нерв талшықтарының бойымен импулстердің таралуы, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап реакцияларында, бұлшық ет жиырылуы механизмінде, энергия түрленуінің әртүрлі жағдайларында электрлік потенциалдардың пайда болуы мен таралуы тұрғысындағы электрлік үрдістер үлкен роль атқарады.
Тірі жүйелерде биоэлектрлік потенциалдардың пайда болуына жеке ұлпалардың арасында, жасушалық қосылыс пен қоршаған сұйық жасушасының арасында, жеке жасушалық органоидтардың арасында белгілі бір физика-химиялық градиенттердің болуы себепші.
Стационар күйде болатын тірі жүйелерге тән тұрақты потенциалдар айырмасы болады, бұл градиенттер зат алмасудың нәтижесінде үнемі қолдау тауып отырады.
Потенциалдар айырмасы – бұл қарама – қарсы таңбадағы электр зарядтарының кеңістіктік бөлінуінің салдары.
Потенциалдар электрондық және иондық түрлерде бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет