Тема: Биоэлектрические потенциалы



бет3/7
Дата27.09.2023
өлшемі318,84 Kb.
#110926
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 Биоэлектрлік потенциалдар (2)

Мембраналық потенциал – бұл жасушалық мембрананың ішкі (цитоплазмалық) және сыртқы жағындағы потенциалдардың айырмасы. Физиологиялық тыныштық кезінде тіркелетін потенциалдар айырмасы 50-80 мВ құрайды. Ішкі орта теріс электрлі болады.
Тыныштық потенциалы мембрананың екі жағындағы концентрациялардың және мембрана арқылы өтетін иондардың әртүрлілігімен анықталады. Міне сондықтан мембрана арқылы иондар ағыны және жасушаның потенциалдар айырымы пайда болады. Мембраналық потенциалдың пайда болу себебі – жасушадан сыртқа қарайғы К+ иондарының диффузиясы.
Иондар концентрациясының айырмасын ұстап тұру АТФ энергиясын пайдаланатын иондық арналардың көмегімен жүзеге асады. Бұдан басқа , К+, Na+ арналар жасушадан үш натрий ионын сыртқа шығарып, жасушаға екі калий ионын алып келетін болғандықтан, трансмембраналық потенциалдың өсуіне мүмкіндік жасайды, бұл жасуша аралық ортаның оң зарядын, сонымен қатар тыныштық потенциалын арттырады.
Трансмембраналық потенциал айырмасының өсуін - гиперполяризация, ал кемуін – деполяризация деп атайды. Соңғы жағдайда жасуша ішілік потенциалдың таңбасы өзгеруі мүмкін.
Жүрек уабаины гликозидінің әсерінен АТФ-азы жұмысының бұзылуы, тыныштық потенциалының кемуіне соқтырады. Мұндай эффектіге натрий иондары үшін жасуша мембранасының өтімділігін арттыратын, әртүрлі улардың әсері алып келеді. Жасушада АТФ синтезін қамтамасыз ететін үрдістердің тежелуі де, деполяризацияға алып келеді.
Тақырыбы: Әсер потенциалы. Нерв импульстарының қозған талшықтар бойымен таралуы.
Мақсаты: Электр қозушы ұлпалардың биофизикасын оқып-үйрену.
Қозудың нерв талшықтарымен таралуын оқып - үйрену
Оқытудың міндеттері: Биологиялық мембраналардың электрохимиялық потенциалдарын оқып үйрену.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Нерв талшықтары.

  • Әсер потенциалы

  • Әсер потенциалының түрленуі мен таралу механизмі.

  • Нерв талшықтары арқылы қозудың таралуы.

  • Телеграф теңдеуі.

  • Сенімділік факторы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет