Тема: «Физиология почки. Механизм мочеобразования»


Шумақтағы сүзілу келесі факторларға тәуелді



бет4/7
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123650
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Несеп-шығару-жүйесі-физиологиясы

Шумақтағы сүзілу келесі факторларға тәуелді

  • Шумақтық капиллярлардағы гидростатикалық қысым = 70 мм с.б. (орташа артериялық қысымы = 100 мм с.б.)
  • Қан плазмасының онкотикалық қысымы = 30 мм с.б.
  • Шумақ капсуласындағы ультрафильтраттың гидростатикалық қысымы (бүйрек ішіндегі қысымы) = 20 мм с.б.
  • Фильтрациялық қысым:
  • 70 – (30 + 20) = 20 мм с.б.
  • Шумақтағы сүзілу

Шумақтағы сүзілудің жылдамдығы

  • Сүзілу үрдісінің негізгі сандық көрсеткіші – шумақтық сүзілудің жылдамдығы (ШСЖ).
  • ШСЖ – бұл уақыт бірлігінде (минутте) бүйректе пайда болатын ультрафильтраттың (алғашқы несептің) мөлшері.

Шумақтық сүзілудің жылдамдығы

  • Қалыпты ШСЖ еркектерде шамамен 125 мл/мин, әйелдерде – 110 мл/мин.
  • Бір тәулікте шамамен 180 л біріншілік несеп түзіледі, 25 мин ішінде 3 л қан плазмасы сүзгіден өтеді.
  • Бір тәуліктің ішінде қан плазмасы шамамен 60 рет сүзіледі, яғни тазартылады.
  • Соңғы несептің мөлшері тәулігіне шамамен 1,5 л тең болады, демек алғашқы несептің көлемінен осы уақытта шамамен 178,5 л сұйық түтікшелерде қайтадан қанға сорылады.

Шумақта сүзілетін плазма мөлшерін анықтау

  • Шумақтық сүзілу мөлшері клиренсті, яғни плазманың заттардан сүзгіден өту арқылы тазалануын анықтауға негізделеді.
  • Клиренс – 1 минут ішінде плазманың бүйрек арқылы тазартылған көлемі.
  • Шумақтық фильтраттың мөлшерін анықтау үшін қанға фруктозаның полисахариді – инулинді (мол.салмағы 5000) енгізеді. Инулин шумақтық капиллярлардың қабырғасы арқылы толық сүзіледі, шумақ қуысының капсуласындағы фильтратта инулиннің концентрациясы қан плазмасындағыдай. Инулин түтікшелерде қайта сорылмайды және соңғы несеппен шығарылады (Ричардс).

Инулиндік клиренс

  • Егер инулиндік клиренсті (инулиннен толық тазартылған плазма көлемі) анықтаса, онда сүзілу көлемі де анықталады.
  • Фильтраттың жалпы көлемін (F) анықтау үшін білу қажет:
  • плазмадағы инулинның концентрациясы (Pin)
  • 1 мин ішінде шығарылған зерттелген несеп мөлшері (V)
  • несептегі инулинның концентрациясы (Uin)
  • Несептегі инулиннің мөлшері (VХUin) плазмадан фильтратқа өткен инулиннің мөлшеріне тең (FХPin) болғандықтан FХPin = VХUin теңдеуінен шумақтық фильтраттың мөлшерін анықтауға болады: F = V х Uin Pin


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет