КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Жоспар:
1. Ағза үшін бөліну үрдісінің маңызы
2. Несеп түзілу мен несеп шығарудың қызметтік жүйесі
3. Бүйректердің атқаратын қызметтері
4. Несеп түзілу теориясы
5. Клиренс және бүйректердің қызметін зерттеудің сандық әдістері туралы түсінік:
түтікшелердегі сұйықтықтың сүзілу мөлшерін анықтау
адамда қайта сорылудың мөлшерін анықтау
адамда секрецияның мөлшерін анықтау
бүйректегі қан ағымының мөлшерін анықтау
Сыртқа шығару (экскреция)
– бұл ағзаның зат алмасу барысында түзілген, қолданысқа қажет емес соңғы өнімдердің, сонымен қатар ағзадан артық суды, тұздарды, органикалық заттарды, бөгде және уытты заттарды сыртқа шығару үрдісі
Сыртқа шығару үрдістерінің маңызы
Сыртқа шығару үрдістері ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап тұрады.
Негізгі қоректік заттардың – ақуыз, май және көмірсудің ыдырау нәтижесінде ағзада несепнәр, несеп қышқылы, креатинин, аммиак, карбонат, сульфат, фосфат, индикан, уробилин және т.б. заттар түзіліп, зат алмасуға белгілі бір мөлшерде қатысады.
Алайда, аталған заттардың мөлшерінің шамадан тыс артуы ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін метаболизм үрдісі үшін қауіпті болуы мүмкін.
Сыртқа шығару үрдістерінің маңызы
Ағзаның қалыпты тіршілігі аталған заттардың ағзадан шығарылған соң ғана жүзеге асады. Метаболизм үшін қауіпті қажетсіз өнімдерді ағзадан шығару – сыртқа шығару ҚЖ қызметі.
Сыртқа шығару ҚЖ өзара бір-бірімен байланысты бірнеше жүйелерден тұрады.
Олардың барлығы ортақ соңғы нәтижеге – тіршілік әрекетінің зиянды өнімдерінің метаболизм үшін тиімді деңгейін ұстауға негізделеді.