Сонымен, Генле ілмегі концентрациялатын механизм ретінде, суды және Na+ иондарын көп мөлшерде қайта сорылуға әкеліп, қызмет атқарады.
Сонымен, Генле ілмегі концентрациялатын механизм ретінде, суды және Na+ иондарын көп мөлшерде қайта сорылуға әкеліп, қызмет атқарады.
Дистальды түтікшелерде натрий, калий, судың және басқа заттардың қайта сорылу жалғасады. Бірақ осында олардың қайта сорылу мөлшері өзгермелі болады (факультативті реабсорбция), өйткені осы заттардың қандағы мөлшерімен байланысты және олардың ағзадағы тұрақты концентрациясын сақтауда маңызды реттеуші механизмі болып есептеледі.
Жинақтаушы түтікшелерге сұйық несеп көп мөлшерде түседіде, осы жерде ол несептің сорылу нәтижесінде концентрацияланады. Сөйтіп бүйрек түбекшелеріне бір тәулікте 1,0 – 1,5 л соңғы несеп түседі.
Жинақтаушы түтікшелерге сұйық несеп көп мөлшерде түседіде, осы жерде ол несептің сорылу нәтижесінде концентрацияланады. Сөйтіп бүйрек түбекшелеріне бір тәулікте 1,0 – 1,5 л соңғы несеп түседі.
Жинақтаушы түтікшелерде судың қайта сорылу бүйректің милық затындағы ұлпааралық сұйықтың жоғары осмостық қысымы арқасында өтеді.
Түтікшелердегі секреция
Түтікшелердің эпителийі қайта сорумен қатар, секрециялық қызмет атқарады. Соның нәтижесінде түтікшелер арқылы ағзадан сүзілмейтін заттар (ағзаға енгізілген бояу, диодраст, пенициллин) шығарылады.
Түтікшелердің эпителийінде бірнеше биологиялық белсенді заттар түзіледі: гиппур қышқылы, аммиак, ренин, урокиназа, аминқышқылдар. Олар ағзадағы зат алмасуға қатысады.
Соңғы несептің құрамы
Несепнәр ақуыз катаболизмнің нәтижесінде пайда болады.
Бір тәулікте 100 г ақуыздан 30 г несепнәр түзіледі.
Қандағы несепнәрдің қалыпты концентрациясы 5 ммоль/л.
Несеп қышқылы нуклеин қышқылдарынан түзіледі.
Қандағы несеп қышқылының мөлшері 0,25 – 0,30 ммоль/л., тәулігіне несеппен 0,7 г шығарылады.
Креатинфосфаттан бұлшықетте креатин түзіледі, ол креатининге айналады. Қандағы креатинин мөлшері – 60-100 мкмоль/л., тәулігіне несеппен 1,5 г шығады.
Аммиак бүйректе бірқатар амин қышқылдарының (глутамин) дезаминдену нәтижесінде пайда болады, ол сутегі иондармен қосылып, аммонийге айналады. Қандағы аммиактің мөлшері 0,03-0,08 мкмоль/л., несеппен 0,3 – 1,2 г шығарылады.
Қорытынды
Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады.