Кадрлық партия демократия дамуымен, сайлау құқығы мен принциптерi енгiзiлуiмен бiрге келдi. Бұл партияның негiзгi қызметтi сайлау компаниясын өткiзу. Бұл партияның негiзгi мақсаты көп сайлаушыларға ие болу. Кадрлық партиялардың ұйымдары әлсiз, құрылымы нақты емес. Кадрлық партияға АҚШ-тағы Республикалық және Демократиялық партиялар жатады.
Бұқаралық /массовые/ партияға европалық барлық социалистiк, христиандық-демократиялық, коммунистiк, ұлттық-социалистiк партиялар жатады. Бұқаралық партиялар қатал тәртiпке ие. Демократиялық орталықтандыру принципiне тәуелдiлiк бұл партияларды бiр тұтас еттi. Бұқаралық партиялар саяси жүйеге ең ықпалды партия. Парламенттiк сайлау барысында тығыз ұйымдық құрылымға ие бола отырып жеңiске оңай жетедi.
М.Дюверже ұсынған партиялық жүйелердің түрлері
Көппартиялық жүйе /мультипартизм/. Батыс Европаның көптеген елдерiнде көппартиялық жүйе өмiр сүредi. Көппартиялық жүйе елде қалыптасқан әлеуметтiк-саяси жағдайға және идеологиялық бағыттылыққа тәуелдi.
Екiпартиялық жүйе /бипартизм/. Көптеген саясаттанушылар саяси жүйе бiрқалыпты жұмыс iстеуi үшiн екi партиялық жүйе тиiмдi деп есептейдi. Мұның тиiмдiлiгi билiк басындағы партияны екiншi оппозициялық партия толық бақылауға алуы. Сондай-ақ жеңiске жеткен партия тұрақты үкiметтi құруға қол жеткiзедi. Парламентке сайлауда екi партиялық жүйе қызметшiл. Екi партиялық жүйенiң классикалық көрсеткiшi АҚШ-тың партиялық жүйесi.
Бiрпартиялық жүйе. Бiрпартиялық жүйе белгiлi бiр саяси жүйеге ғана тән, олар социалистiк, фашистiк және дамушы елдер.
Қоғамдық қозғалысбелгілі бір мақсатты көздейтін, бірақ айқын ұйымдық құрылымы мен белгіленген мүшелері жоқ, азаматтардың бірлескен қызметі.
Қоғамдық қозғалыстардың пайда болу себептері:
Жеке адамның өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмауы, сондықтан топтасуға мәжбүр болады.
ҚҚ типологиясы: соғысқа қарсы, экологиялық, жастар, әйелдер қозғалыстары, нәсілдік және ұлттық құқықты қорғау қозғалыстар, тұтынушыларды қорғау, діни қозғалыстар және кәсіби қозғалыстар.
Олар революциялық, реформистік, консервативті, реакцияшыл болуы мүмкін