Дидактиканың принциптері



бет1/3
Дата10.10.2022
өлшемі22,38 Kb.
#42261
  1   2   3
Байланысты:
Әдістеме


Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.
Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.

«Дидактика»-бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko-оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Білім беру деп- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірдетиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті- білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика «нені оқыту керек», «қалай оқыту керек» деген екі үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар да туындайды. «Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?», «Кімдерді оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?» және«қайда оқыту керек?».
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика озат педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің практикасына енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі практикалық міндеттерді теориялық білімсізшешу мүмкін емес.
Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т. Песталоции, К.Д. Ушинский, В.Сухомлинский; А.С. Макаренко т.б. қосқан үлесі.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Я.А. Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат-адамшылық, оған жету жолы-білім беру және оқыту деп санады.

Дидактиканың принциптері


1. Педагогика оқыту принциптері
2. Ғылымилық принципі
3. Жүйелілік пен бірізділік принципі
4. Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі
5. Саналылық пен белсенділік принципі
6. Көрнекілік принципі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет