Нотация Ашық және дәйекті атаулар жақсы стильдің негізі болып табылады. Бірнеше белгілер (нотациясы) бар - атауларды құру ережелері туралы конвенциялар
Түйінді сөздер (keyword) – компилятор үшін арнайы мәні бар қордағы (резервтегі) идентификаторлар.
Мысалы, өту операторы ретінде goto сөзі анықталған.
Операция таңбалары – операндтармен (мәндермен) іс-әрекет атқару үшін қолданылатын бір немесе бірнеше сим-волдар.
Мысалы: + - = == %= new is
Операциялар унарлы (бір операндпен), бинарлы (екі) және тернарлы (үшеу).
Бөлгіштер элементтерді бөлу не топтастыру үшін арналған. Мысалы: жақша, нүкте, үтір .
С# тілінің түйінді сөздері тізімі
abstract as base bool break byte case catch char checked class const continue decimal default delegate do double else enum event explicit extern false finally fixed float for foreach goto if implicit in int interface internal is lock long namespace new null object operator out override params private protected public readonly ref return sbyte sealed short sizeof stackalloc static string struct switch this throw true try typeof uint ulong unchecked unsafe ushort using virtual void volatile while