Захаров, Даулетов және Пимановтың әрекеттері жиынтық бойынша сараланады:
1) Қылмыстық топ жасаған жасаған қарақшылық – ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы.
2) Тұрақты қарулы топқа (бандаға) және ол жасаған шабуылдарға қатысу – ҚР ҚК 268-бабының 2-тармағы.
Кейс шешімі
Пимановтың әрекеттері қосымша пайдакүнемдік ниетпен жасалған адам өлтіру деп сараланады – ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 8-тармағы. Пиманов қатысушының шектен шығушылығына (эксцесс) жол берді (ҚР ҚК 30-бабы), яғни басқа қатысушылардың пиғылында болмаған қылмысты жасады. Сондықтан адам өлтіргені үшін тек қана ол жауап береді.
Кейс шешімі
Банда мүшелерінің банданы ұйымдастыруға және оның жұмыс iстеуiне байланысты қаруды заңсыз айналымға түсiру әрекеттерi банданың мiндеттi белгiсi – оның қарулануымен – толық қамтылады. Сондықтан олардың әрекеттерін ҚР ҚК 287-бабы бойынша қосымша саралау қажет емес («Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы нормативтік қаулысының 10-тармағы).